Шетелде қанша қазақ ғалымы жүр?
Бұл күндері шетелдерде білім алып, сол жақта тұрып қалатын қазақстандықтар жетерлік. Елге шақырғанмен олардың келгісі жоқ. Бүгінгі Білім және ғылым министрлігіне қарасты ғыл-ым көмитетінің мәліметіне сүйенсек, қазір қазақстандық 232 ғалым шетелде жұмыс істейді екен.
Шетелде тұратын барлық ғалымдарымыздың атын атап, түсін түстемесек те бір екі ғал-ымның ақпарат құралдарына берген сұхбаттарына үңіліп көрейік. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында тұратын қазақстандық ғалымдардың бірі Азамат Сәрсембаев шетелде қалғанын былай деп түсіндіреді:
– Оқушы кезімде математика пәнінен халықаралық Олимпиадада жүлде алып, соның арқасында Ұлыбританиядағы Лондон экономикалық мектебіне түстім. Кейін АҚШ-тағы Мичиган университетінде білімімді жетілдірдім. Сосын елге оралдым. Бірақ, көп тұр-ақтай алмадым. Шетелде алған білімімді Қазақстанда ғылыми тұрғыда пайдалана алмадым. Қазақстанда ғылыми білімімді қызметпен ұштастыруға мүмкіндік болмады. Содан кейін 2004 жылы АҚШ-қа жұмысқа кеттім, – дейді. Азамат Сәрсембаевтың айтуынша шетелдегі қазақ ғалымдары білімдерін Қазақстан оқушылары мен студенттеріне үйрету үшін ғалымдар мен жас мамандардың жаңа технологияны меңгеріп, ғылыми жаңалықтар ашуына септесетін орталық ашу керек. Сонда ғана өз елінде жұмыс істеуге болады деп есептейді.
Ал шетелде қызмет істейтін ғалымдардың енді бірі – Әсем Сапарханова былай дейді: «Мен Оңтүстік Корея үкіметінің грантын жеңіп алып, осы елде магистратура мен докторантураны оқыдым. Оқу бітірген соң осы ел маған жақсы жалақысы бар жұмыс ұсынды. Қазір жеке ғыл-ыми зерттеуімді жүргізіп жатырмын. Егер Қазақстанда болғанда қазіргі ғылыми зерттеуімді жүргізе алмас едім. Себебі онда менің зерттеуіме керекті лабор-атория жоқ». Әсем үш жылдан бері Сеул қаласындағы генетикалық институтта жұмыс істейді. Қазақстаннан шақырту келсе де елге қайтқысы келмейді.
Сонда, шетелдегі ғалымдар сол жақта тапқан ақшасын мына жақтан таба алмай ма? Жоқ, олай емес. Олардың шетелде тапқан қаржысын Қазақстан да бере алады. Бірақ олардың көбісі Қазақстанда шығармашылық-ғылыми тұрғыдан тоқырап қаламыз деп қауіптенетін сияқты.
Көптеген шетелдегі ғалымдарымызды 2009 жылы сол кездегі ғылым және білім министрі Бақытжан Жұмағұлов Қазақстанға қайтаруға шақырған болатын.
Министр сол кезде: «ғалымдар отандарына қайтып келсе, Қазақстан оларды жұмыспен, жақсы жалақымен, баспанамен қамтамасыз ететінін» айтқан болатын. Алайда, бұл ұсыныс шетелдегі қазақстандық ғалымдардың басым бөлігін қызықтыра алмаған. Министрліктің тағы бір таратқан мәліметіне сенсек, 2013-2014 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу бітірген 28 ғылым докторы Қазақстанға келіп, жұмыс істеп жатқан көрінеді.
Қазақстандық ғалымдар қай елдерде жұмыс істеп жүр?
Ресейде – 61 ғалым,
АҚШ-та – 59 ғалым,
Израилда – 10 ғалым,
Канадада – 10 ғалым,
Ұлыбританияда – 9 ғалым,
Қытайда – 8 ғалым,
Жапонияда – 7 ғалым,
Беларусьта – 7 ғалым,
Австралияда – 6 ғалым,
Францияда – 5 ғалым,
Чехияда – 5 ғалым,
Швейцарияда – 4 ғалым,
Оңтүстік Кореяда – 3 ғалым,
Әзірбайжанда – 1 ғалым,
Венгрияда – 1 ғалым,
Литвада – 1 ғалым,
Швецияда – 1 ғалым,
Австрияда – 1 ғалым,
Германияда – 1 ғалым,
Италияда – 1 ғалым бар.
Заңғар АСҚАР
«Халық сөзі» газеті