Семіздікке ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарайтын сәт жетті

Семіздікке ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарайтын сәт жетті

Бұрын «семіздік» дегенде көз ал­дына америкалықтар мен ита­лия­лықтарды елестеткен бүгінгі қазақстандықтар үшін қазір бұл өз бас­тарындағы бас­ты проблемаға айнала бас­тады. Себебі біздің елде 55% ере­сектер мен 22% балалар ар­тық салмақ жинап, басым бө­лігі се­міз­дік­ке ұшырап үл­гер­ген. Бұл дегеніңіз бар-жоғы 17 млн халықтың 9 мил­лионға жуығы артық салмақ пен се­міз­діктің зардабын тартып отыр де­генді білдіреді.
Осыдан 10 жыл бұрын АҚШ-тың 62% тұр­ғыны семіздікке ұшырағаны анықта­лып, бұл мәселе ұлттық қауіпсіздік про­бле­масы ретінде қарала бастаған. Ке­йін­нен осы елге Президент болып сайланған Оба­ма мен елдің бірінші ханымы тікелей араласып, семіздікпен күресу шараларына жүздеген млрд АҚШ долларын жұмсаған. Біздегі жағдай қазір де оңып тұрған жоқ. Ал егер осылай жалғаса берсе, Амери­ка­ны басып озар түріміз бар. Мамандар бү­гін қолға алмасақ, ертең мәселені шешу өте қиын болатынын айтады. Шетелдік са­рапшы­лар­дың зерттеу нәтижесіне қа­рағанда, әлем­дегі өлім-жітімнің 60%-ы дұ­рыс та­мақ­танбай, артық салмақ жинап, се­міз­дікке шалдығудың салдарынан пайда бол­ған аурулардан болады екен. Дәрігерлердің ай­туына қарағанда, қан тамыр, ас­қорыту мен жүрек аурулары, қант диабеті мен сүйек сынғыштығы, тіпті қатерлі ісік ауру­ларының басым бөлігі семіздіктен пай­да болады екен. Әсіресе жасы 10-ға келмеген балалардың ара­сын­­да мұндай қауіп аса жоғары. Ма­ман­дар «адамның семіздікке ұшырауы сапа­сыз өнім мен фасфудты жиі қолда­ну­дан болып отыр» дейді.
Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик:
– Қазір дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын сақтауға көпші­лік мән бер­мейді. Семіздіктің қалай пай­да болатынын білмейтіндер же­тер­лік. Әйтпесе семіздік аз немесе көп мөл­шерде тамақтанудан пайда бол­май­ды, яғни ол елдің экономикасына, ұл­тына, жасына қарамайды. Ол дұрыс та­мақтанумен, күнделікті пай­да­ла­на­тын тағамдарымыздың сапасымен ты­ғыз байланысты. Күнделікті тұты­натын тағамдарымыздың барлығы дерлік сапалы деп айту қиын. Ал мек­теп жа­сындағы балалар газды сусын мен фас­фудты жеуге әуес. Бұл – се­міздікке бас­тайтын алғашқы қадам. Халқының ба­сым бөлігі семіздік дер­ті­не шал­дық­қан шетелдердің ғалымдары се­міз­дік­пен күресуге шылым шегетін­дер­мен кү­ресу үшін жұмсалатын қар­жыдан бір­неше есе көп шығын шы­ға­тынын айтуда. Сондықтан бұл мәселеге үстірт қарауға болмайды.

Тағамтану саласының ақсақалы, Т. Шар­­мановтың айтып отырғаны негізсіз емес. Өйткені АҚШ-та семіздікпен күрес үшін 114 млрд доллар шығындалса, шылым ше­­гетіндермен күрес үшін 45 млрд доллар жұм­­салған екен. Семіздік қаржылық мәсе­ле ға­на емес, ол – ұлттық қауіпсіздік мәсе­ле­сі. Өйт­кені семіздік қаржылық шығынға ғана ұшы­ратып қоймай, жұмыс күші мен де­мо­гра­­фия тұрғысынан да орасан зор шығын кел­­тіреді. Олай дейтініміз, артық салмақты адамдар ауруға бе­йім, олардың еңбек тиімділігі төмен, көп жағ­дайда еңбекке жарамсыз, өмір сүру ұзақ­тығы да тө­мен екені ғылыми тұрғыда зерт­теліп, дә­лелденген. Зерттеу нәтижесі жұмыс бе­ру­ші­лердің семіздерге қарағанда орташа сал­мақты немесе арық адамдарды қыз­мет­ке көп алатынын және семіз адам­дарға қарағанда арықтардың ұзақ өмір сү­ретінін көрсеткен.
Фасфуд орталықтарын жаба алмаймыз
Бір қызығы, балалар мен жасөспірім­дердің, тіпті ересектердің арасындағы се­міз­діктің өршуіне бірден-бір себеп болып отыр­ған фасфуд, газды және энерге­ти­калық сусындар екенін біле тұра, олардың са­тылымына тыйым сала алмаймыз. Әйт­пе­се бір Алматы қаласында әрбір жоғары оқу орнының маңында бестен, оннан фас­фуд орталықтары бар. Ал Ұлттық дұрыс та­мақтану орталығы таратқан мәліметтерге сүйенсек, жастар арасында денсаулыққа аса үлкен зиян келтіретін тамақтар мен су­сындарға деген сұраныс жоғары. Мысалы, елі­міздегі әрбір үшінші оқушы қал­та­сындағы ақшасын фасфудқа жұмсаса, әр­бір үшінші бала кем дегенде аптасына бір рет тәтті, газдалған сусын ішеді, ал әр­бір оныншысы энергетикалық сусындар са­тып ала­ды екен. Отандық мамандардың ай­туын­ша, қазір фасфуд жастардың, сту­дент­тер мен оқушылардың үнемі жейтін сүйікті тамағына айналған. Біздің елдің 60% студенті күнделікті жылдам әзір­ле­нетін тағамдармен ауқаттанса, әрбір же­тін­ші студент газдалған және энергетикалық сусындарды үзбей ішетін көрінеді. Соған қарамастан, шетелдіктердің алып келген кәсібіне тыйым салып, оқу орындарының маңынан алыстата алмаймыз. Себебі бәрі де заңды жолмен жұмыс жасап отыр.
Санжар Боқаев, Алматы қалалық жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы:
– Бізді студенттердің арзан және жылдам тамақтана салуды әдет қыл­ғаны қатты алаңдатады. Әрбір жоғары оқу орнының жанында 5-10 фасфуд даяр­лайтын орын бар, дегенмен олар­дың жұмысын тоқтата алмаймыз, тіпті са­нын қысқартудың өзі оңай болмай тұр. Себебі бәрі де заңды жолмен ашылған. Бұл – нарыққа әбден терең тамырланып алған кәсіптің бір түрі, сол үшін онымен күресуден бір сәтке де қол үзуге болмайды.

P.S.
Әлемнің бірқатар елінде фасфуд сатылымына тыйым салынды, жақында көршілес Ресей де жылдам әзірленетін тағамдар мен энергетикалық сусындардың жарнамасы мен сатылуына тыйым салу жөнінде мәселе көтерді. Ал біздің ел қашан бас тартары белгісіз, әзірше дұрыс тамақтану бойынша ақыл-кеңес айтқаннан басқа амал жоқ. Бәлкім, бұдан былай бұл мәселеге Үкімет араласып, оң шешімі табылар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста