«Сәуленің» балалары қайда оқиды?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Шымкент шаһарының шығыс бөлігіне орналасқан «Сәуле» ықшамауданының оқушылары үшін заманауи үлгідегі мектепте оқу аспандағы айға қол созғанмен бірдей болып тұр. Осындағы № 76 Рысбек Мырзашев атындағы негізгі мектептің оқушылары қам кірпіштен соғылған нысанда білім алуда.

Ол да жеткіліксіз. Сыныпқа сыймағандықтан, қосымша жалға алынған үйлерде оқып жатыр. Бұл ықшамаудан әу баста жоспарсыз салынған. Бұрынғы «Нахаловка» деген атына сай, мұнда әлеуметтік нысандардың мәселесі шешілмей келеді. Осы уақытқа дейін оқушылар жақын маңдағы Забадам елді мекеніндегі мектепке, қаладағы бірнеше мектепке қатынап оқып келген еді. Әрине, қала сыртындағы ықшамауданнан орталықтағы мектептерге қатынап оқу оңай емес. Балаларына алаңдаулы ата-аналар тиісті мекемелерге қайта-қайта өтініш жасаудан жалыққан емес. Былтырғы халық санағы барысында сәулеліктердің үш мыңға тарта түтінге жеткені белгілі болды. Әрине, осыншама тұрғынға заман талабына сай мектеп керек-ақ. 2001 жылы тұрғындар мектепті асарлатып салып алған-тын. Алайда ол типтік жобада емес, екі корпустан тұратын, қам кірпіштен салынған. Биыл оқушы саны 978-ге жетті. Сынып кабинеттеріне сыймайтын болғандықтан, қалалық білім бөлімі мектепке жақын орналасқан үйлерді жалға алып, артық сыныптарды сонда оқытуда. Айына бюджеттен жалға алынған әр үйге 25 мың теңге төленеді. Елімізде салынуы тиіс 100 мектептің тізіміне «Сәуле» мөлтекауданы да іліккен болатын. Алайда бұл мәселе тұсау түскендей, ілгері баспады. Мектептің жобалық-сметалық құжаты дайындалып, мектеп салынатын жер енді қазыла бастаған тұста дау шықты. Дәл осы аралықта мұнай өңдеу зауытының құбырлары жүргізілген екен. Мектеп ғимаратын салатын лайықты орын табылмағандықтан, құжаты дайын мектеп «Қайтпас 1» елді мекенінде салынатын болып шешілді. Ол мектеп те бүгінде пайдалануға дайын. Сөйтіп, сәулеліктер мектепті болу бақытынан айырылған-тын.

Биыл аяқ астынан «мектеп салынатын болды» деген жағымды жаңалық шықты. Бірақ қуануға әлі ерте сияқты. Себебі ол мектеп 300 орынға ғана лайықталған. Ал тұрғындар саны күн санап өсіп келе жатса, мектептің оқушы сыйымдылығы азайғаны қалай? Мұның бәрі де жер учаскесінің тапшылығынан туындап отырған мәселе екендігі анық. Өйткені мектепке орын қалдырмай, жер учаскелерінің бәрін билік құлағын ұстағандар сатып жіберген. Айналып келгенде, ат төбеліндей де жер табылмай тұр. Қазіргі жаңа мектеп спорт алаңының орнына салынып жатыр. Басқа амал жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов қызметіне алғаш кіріскен кезде сәулеліктермен кездесу өткізген болатын. Осы кездесу барысында тұрғындар мектептің таусылмас жырын жырлаған еді. Мектеп салынады деп әкім уәде берді. Уәде жүзеге асып та жатыр. Алайда бүкіл ықшамаудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандыра алмайтыны белгілі. Қармаққа жармақ болып тұрған мектептің барына да шүкір деушілер табылады. Дегенмен өркениетті заманның балалары талапқа сай білім алуға құқылы емес пе? Оқушылар үш ауысымда білім алады. Мұндайда білім сапасы жөнінде ауыз ашудың өзі артық болар. Бұл да — ойлантатын мәселе.

Қалалық білім басқармасындағылар: «Бұл ықшамаудандағы салынып жатқан мектеп қосымша құрылыс қана. Келешекте мұнда үлкен мектеп салынады», — дейді. Әйтсе де осы қосалқы мектеп құрылысы бітіп, пайдалануға берілгенше әлі де бір жыл күтуге тура келеді.

Дина САНСЫЗБАЙҚЫЗЫ, «Сәуле» ықшамауданының тұрғыны:
– Осы ықшамауданда тұрып жатқанымызға 20 жылдың жүзі болды. Кішкене ғана мектептің барына да «шүкір» деп отырғандар жетерлік. Осыншама жылдан бері бір үлкен мектеп салатын уақыт болды ғой. Балаларымыздың заман талабына сай мектепте білім алғанын қалаймыз. Тұрғындар саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Ал салынып жатқан мектеп 300 балаға арналса, қалғандары қайтеді?

Пазылхан АСАУОВ, Шымкент қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:
– Қазір салынып жатқан мектеп — осы жағдайды жеңілдету үшін қолға алынып отырған жоба. Бұрынғы мектеп 250 орынға арналған. Ал жаңа мектеп 300 орынға арналған. Екі ауысымға бөліп оқытқанда сыйымдылығы жарайды деген жоспар бар. Бұл — әзірге қосымша ғимарат қана. Алдағы уақытта мұнымен шектелмей, 1200 орындық мектеп салынатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста