Кеше ғана «ойбай, масқара, батыс елдерінде не еркек емес, не әйел емес адамдар болады екен, әйел әйелмен, еркек еркекпен үйленеді екен» деп таң қалатынбыз. Бүгін ол өзімізге де келді. Кеше құлақ есіткен нәрсені бүгін көзіміз көріп отыр. Тіпті, олар бір қауым елге айналды. Негізі Алла адамды еркек және әйел етіп жаратты. Ал «үшіншілер» қайдан пайда болды?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы 5 жылда 8 қазақстандық жынысын ауыстыру бойынша ота жасатқан. 2010 жылы 3 адам, 2011 жылы 2 адам, 2013 жылы 2 адам, 2014 жылы 1 адам хирургиялық көмекке жүгінген.
Негізі организмде адамның әйел немесе еркектігін айқындайтын, соған жауап беретін гормондар болады екен. Яғни, ер адамдарда еркектік гормон (тестостерон), тиісінше, әйел адамдарда әйелдік гормон (эстроген) көп болады. Егер әйелдің организмінде тестостерон көбейсе, әйел адамда еркекке тән дауыстың жуандауы, денеде түктің көбеюі, белдің жуандауы сияқты құбылыстар пайда бола бастайтын көрінеді. Ресейлік мамандардың айтуынша, организмінде тестостерон мен эстроген тең болған кезде әйелдің бойына біткен баланың жыныстық қалыптасуында ауытқушылық болуы мүмкін. Яғни ондай баланың қызтеке немесе еркекшора болып туылу ықтималдығы жоғары көрінеді.
Ал, «әйелдің бойында тестостеронның көбеюі неліктен?» дейтін сауалға келсек, мамандар оның бір ұшын әйелдердің киім киюімен байланыстырады. Олардың айтуынша, бүгінгі таңда әйелдердің үнемі шалбар киіп жүруі, организмде тестостеронның көбеюіне ықпал ететін көрінеді. Тыртита киген шалбар тақымда орналасқан, тестосторонның көбеюін қамтамасыз ететін безді үнемі ысқылап, нәтижесінде ағзадағы еркектік гормонның мөлшері арта түседі екен. Дәрігерлердің белсіздік дертіне шалдыққан еркектерге атқа мінуге, велосипед тебуге кеңес беретінін ескерсек, ресейлік мамандардың айтқандары негізсіз де емес сияқты. Өйткені, атқа мінгенде, велосипед тепкенде тақымдағы, еркектік гормонның көбеюін қамтамасыз ететін без ысқылады да тестостеронның көбеюіне септігін тигізеді.
Сондай-ақ, мамандар әу бастан, еркек пен әйелдің киім үлгісінің басқа-басқа болуының да жайдан-жай емес екенін айтады. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, ер адам энергияны ғарыштан, ал әйел адам Жер Анадан алады екен. Сондықтан әйел адамдар юбка немесе көйлек, яғни етегі кең киім киюі тиіс. Ал шалбар киген әйел адам Жер Анадан энергия ала алмайды. Яғни, ондай әйелдер еркектерге берілетін ғарыштық энергиямен сусынданады. Салдарынан әйел бойында еркекке тән қаталдық, дөрекілік секілді мінез пайда болады. Әйелге тән нәзіктік, мейрімділік азаяды. Ондай әйелдер тез ашуланғыш келеді. Тіпті базбір әйелдер бала сүю бақытынан айырылады, яғни бедеулік дертіне шалдығуы да мүмкін.
Мамандардың пайымдауынша, бүгінгі таңда отбасылардың жиі ажырасуының да бір себебі осында жатқан көрінеді. Шалбар кию салдарынан ғарыштан энергия алып жүрген әйелдер ерлермен текетіреске түседі. Бүгінде «әйелдер еркектерден бір саты төмен тұруы керек» деген қағиданы ескеретін нәзік жандылар қатарының сиреп бара жатуы да соның салдары деседі.
Мамандардың бұл пайымын, ешкім де түбегейлі жоққа шығара алмас. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда еріне «біз теңбіз, үй шаруасын бөліп істейміз» дейтін әйелдер қауымының пайда болғаны рас. Тіпті «мен сенен табысты көп табамын» деп еріне қожа болып жүргендер де бар. Ал онымен келіспейтін ер азаматтың ажырасудан өзге амалы қалмайды. Демек, ажырасудың бір ұшы шалбармен байланысты болып тұр.
Қорыта айтқанда, әйелдерді шатастырып, шатаққа ұрындырып жүрген ерлердің шалбары екен.