Сағым жылдарды сағындырған саздар

Сағым жылдарды сағындырған саздар

Шымшаһарда кезекті рет «Арыс жағасында» ретро фестивалі өтті. Дәстүрлі шара осы жолы елімізге танымал өнер майталмандары — Мұхтар Шаханов, Исрайл Сапарбай, Сүгірәлі Сапарәлиев, Сапарбек Медеубеков, Әшірхан Телғозиевтың шығармашылығына арналып отыр. Халық қазынасына айналған әндер орындалған айтулы кеш әуелі елге сағыныш сазын сыйлайтын ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды. Қазақ вальсінің падишасы құрметіне арналған шара жыл сайын елге еңбегі сіңген өнер майталмандарының шығармашылығын насихаттауды әдетке айналдырған.
Жиырма жылдан астам уақыттан бері қазақтың ән еркесі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні қарсаңында Шымқаланың ас­паны композитордың таңғажайып әуен­деріне бөленеді. Оңтүстіктен бастау алған «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде өтетін болды. Ал сазгердің туған жерінде соңғы төрт жылдан бері «Арыс жағасында» ретро фестивалін ұйым­дас­тыру дәстүрге енді. Ретро фестивальдің бі­рінші кезеңі Қалдаяқовпен замандас, кейінгі буын сазгерлер шығармашылығына арналса, екінші кезеңінде «Менің Қазақ­станым» облыстық ән байқауы шымыл­дығын түреді.
Бұл жолғы «Шәмші әлемі» гүлзарында өткен ғажайып ән кеші көпшілікке керемет әсер сыйлады. Бір ғажабы, осы бес бірдей сазгер 1938-43 жылдар аралығында дү­ние­ге келіпті. Қазаққа қаншама талант иелерін сыйлаған Оңтүстік топырағы нет­кен қасиетті, құнарлы десеңізші! Иә, өткен ғасырдың 70-80-інші жылдары қазақ дала­сында әуелеп, жастардың сүйіп айтатын шығармасына айналған, екі-үш буын ұрпақты тәрбиелеп, рухани азық­тандырған әсем саз кемерінен асып-төгіліп жатты.
Өнер кеші М.Шаханов пен Ш.Қал­да­я­қов­тың «Арыс жағасында» әнін екі жүз адам­дық хордың акапеллада орындауы­мен ашылды. Астана мен Алматыдан эс­тра­да жұлдыздарын шақырмай-ақ, Оңтүс­тіктің өз өнерпаздары өткен ғасырдың сағынышты саздарымен көпшілікті сусын­датты. М.Шахановтың «Елді сағыну» туын­дысын халықаралық ән фестивальдерінің лауреаты Мөлдір Бақытжанқызы барлық құнары мен терең иірімдерін сақтай оты­рып шебер жеткізе білді. И.Сапар­бай­дың Шымқаланың гимні деуге лайық «Шым­кентім – шырайлым» әнін Шәмші фести­валі­нің алғашқы лауреаттарының бірі Гүл­жазира Нұрпейісова ұлдарымен бірге тамылжыта шырқады. С.Медеубековтің өткен ғасырда әннің төресіне айналған «Ақ қайыңын» ҚР еңбек сіңірген әртісі Құрман Шойынбаев әуелеткенде бүгінгі даңғаза эстрададан шаршаған өнерсүйер қауым «Па, шіркін!» десіп қалды. Шынында да, бұл күні шырқалған сыршыл әуендер, сол әуеннің шырайын ашып, көркін арттырған ғаламат өлеңдер көпшіліктің өткен ғасыр әндеріне деген сағынышын қайта оят­қандай болды. Ғажайып үйлесім, керемет жарасым! Жүректен шыққан әсем әуендер қалайша жүректерге жетпесін?!
Бұл ретро фестиваль бес сазгердің осы­дан 20, 30 жыл бұрын жазылғанымен, әлі де мән-маңызын жоймаған туынды­ларын әншілердің кәсіби жоғары деңгейде, бірнеше дауыста шебер орындауымен де есте қалды деп сеніммен айта аламыз. Қазақтың ән-қазынасын молайтып, алтын қорда сақталған шынайы шығармаларды сол кезеңнің жастары жаппай әндетіп, ха­лық­тық сипат алғанынан да аңғару қиын емес.
Ғашықтардың үздіккен ішкі дертін әншілер Динара Мейірбекова, Гүлзада Нұржанова, Бағлан Алтаев, Ержан Темір­баев барлық өрнек-нақышымен келістіріп тұрып кестелегенде саз-әуездің ішкі үйле­сімі көпшілікті риза етті.
И.Сапарбай мен С.Сапарәлиевтің «Жұл­дызым» әнін Нұрлан Балтақожа мен Асылхан Шалқаров мәнер-айшығымен үздіктіре, үзілдіре шырқағанда көптен бері айтылмай кеткен, көңіл түкпірінде қалып қойған әуенге деген сағыныш қайта оянды. Ә.Телғозиевтің «Сені қалай ұмытайын» әнін Соболевтер отбасылық ансамблі шыр­қағанда үш бірдей бойжеткеннің қазақ тілінің иірімдеріне терең бойлай білгені, ән әуезін шеберлікпен нақыштай алуы көңіл­ден шықты. М.Шаханов пен Ш.Қал­даяқов­тың «Кешікпей келем деп ең...», М.Ша­хановтың «Гүлдәурен», «Туған күн ке­­шінде», Ә.Телғозиевтің «Беу, қыздар-ай», «Жүрек сыры», И.Сапарбайдың «Жү­рек­ке жүрек тіл қатар», С.Медеу­бековтің «Перизат», С.Сапарәлиевтің «Қаракөз қыз­дар-ай» әндерін жиырмасыншы ғасырдың інжу-жауһарлары десе жарасады. «Сағын­дырған саздар-ай, неткен көркем, келісті, мәнді, мәністі едіңдер» демеске лаж жоқ енді. Әсем әуезді әндер әуелеген осынау кеште бес жасар Шаймерден Әскен ақын Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін мәнерлеп оқып, жұртшылықты таңғалдыр­ды. Шаймерден балақай Мұхтар ақынның 12 дастан, 43 өлеңін жатқа айтады екен.
Үш сағатқа созылған ретро фестиваль­де сазгерлеріміздің 33 әні шырқалса, әр шығармаға «Қазына», «Салтанат», «Жұл­дыз­дар», «Би сұлтаны», «Тұмар», «Таңшол­пан» би ансамбльдері мен «Назерке», «Гра­ция» би топтары әсем билерімен көрік беріп жатты. Өнер кешін әйгілі әнші Әйге­рім Қалаубаева және облыстан шыққан алты бірдей кесте сөз шеберлері жүргізді. Майя Алибжанова, Біржан Есімов, Жандос Өсербаев, Берік Бейсенбай, Жангелді Мыр­­залиев секілді жастардың іс-шара жүргізуге машықтанып алғанына сүйсіндік.
 Кеш соңында облыс әкімі Асқар Мырзахметов ұлттық өнерге сіңірген ең­бек­тері үшін сазгерлерге «Арыс жаға­сында» ІV ретро фестивалінің арнайы есте­лік сыйлығын тапсырды.
Шын жүйріктер озған күн
Тағы да «Шәмші» гүлзары, тағы да әсем ән, «Арыс жағасында» ретро фес­тивалінің екінші күні өтіп жатыр. Әнсүйер қауымның шоғыры мол. Құлақтан кіріп бойды алар Шәмшінің сазын сағынған, бозбала, бұрымды қыз шағын еске түсірген қарттар да аз емес. Абайша толғасақ, «Өзгеге көңілім тоярсың, өлеңді қайтіп қоярсың...» дегендей...
Осы күні Ш.Қалдаяқов атындағы об­лыстық филармонияда «Менің Қазақ­станым» облыстық ән байқауында өңіріміз­дің әр аудан, қалаларынан іріктеліп келген 26 жас талап сынға түскен болатын. Өнер додасының қорытындыланар сәтінде шын жүйріктер белгілі болмақ. «Менің Қазақ­станым» облыстық ән байқауы гала-кон­цертінің шымылдығын белгілі әнші Хадиша Шалабаева ұлы сазгердің өзі үйреткен «Оты­рар тойы» әнімен ашты.
Әли БЕКТАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
– Шәмші ағамыздың рухы осы маңды шарлап, киелі өнердің басында жүрген азаматтарымызды қолдап жүр. Бір қуа­нарлығы, осымен 17 рет өткізіліп отыр­ған өнер фестиваліне бұл жолы Алматы мен Астанадан өнер жұл­дыздарын шақыр­мадық. Өңіріміз­ден шыққан жас таланттар тікелей эфирден көрсетілетін дүбірлі сында өздерін лайықты алып шығады деп сендік. Сенім ақталды.

Сонымен, облыстық байқаудың бас жүл­десін (300 мың теңге) Қазығұрт ауда­нының тумасы Жеңіс Бертаев жеңіп алды. Ол күзге қарай республика аумағында өтетін «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалінде Оңтүстік өңірінің намысын қорғайды. Ал жүлделі 1-орынды бәйді­бектік Айжан Жүсіпбекова (200 мың теңге) еншіледі. Екі бірдей 2-орынға (100 мың теңге) шымкенттіктер – Қамар Жұмаға­лиева мен Нұртілеу Нұрдәулет ие болды. Төрт бірдей 3-орын (75 мың теңге) шым­кент­тік Қасымхан Тәңірбергенов пен Сал­танат Жұмаділ­даеваға, отырарлық Сымбат Рахманбер­диеваға, созақтық Жансерік Тұ­зақ­байға бұйырды. Ынталан­дыру жүл­де­сімен (40 мың теңге) Жанат Сай­рамбай (Төлеби ауданы), Нұрқожа Нұрмашев (Арыс), Жауқазын Нұрбекова (Шымкент), Мәдина Дүйсебекова (Созақ) мара­пат­талды.
Марапаттау рәсімі гала-концертке ұлас­ты. Ақниет Олжа Ш.Қалдаяқовтың «Өмір-өзенін» шырқаса, байқаудың бас жүлдегері Жеңіс Бертаев Естайдың «Қор­ланын» на­қы­шына келтіре тамылжытып, өзінің шын жүйрік екенін мойындатты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста