Сәбидің емес, педофилдің құқығын қорғайтынымыз қалай?!

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Адами қағидаға жат педофилдік бүгінде сыналап санамызға да, қоғамымызға да еніп бара жатыр. Сұмдығы сол, мұндай тексіздіктің тамырына балта шабуға қауқарсыздық танытып отырмыз. Қауқарсыздығымыз емей немене, педофилдер әрекеті еліміздің әр бұрышында жиілеп кетсе де, оларға қатысты заңды қатаңдатып жатқанымыз шамалы. Тіпті педофилдердің басым бөлігі ұстатпай кетіп жатса, ұсталғандарына қолданылар жаза қорланған сәбидің ар-ұятымен салыстырғанда тым жеңіл. Осылайша, қоғам болып айдың, күннің аманында сәбилерімізді айуанның мазағы мен қорлығынан арашалай алмай отырмыз.
5 маусым күні Қарағанды облысына қарасты Жай­рем ауылында сегіз жасар қызды ұрып-соғып, зор­лап, зорлағанымен қоймай, ауыл сыртындағы ескі үйлердің біріне апарып асып кеткен 34 жасар қыл­мыскер жақында қолға түсті. Ол жауап беру ке­зінде сегіз жасар қыз жылап, өзіне қарсылық көр­сет­кеннен кейін ұрып-соққанын, сосын зорлап бол­ған соң, қызды өз колготкиімен асып қойғанын ші­мі­рікпестен айтып берген. Бүгінде қылмыскерге қа­тысты іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Алайда атал­мыш ауыл тұрғындары педофилді жазалауды ха­лықтың өз қолына беруін өтінуде...
Рухани қала саналатын Түркістан қаласында да жыл басынан бері балаларды зорлаудың үш оқиғасы кездескен. Оның екеуінде қылмыскер табылмай, іс «жабулы қазан жабулы» күйінде қал­ған. Тек соңғы тіркелген төрт жасар қызды зорлаған 37 жастағы қыл­мыс­кер ғана ұсталған. Алайда түні бойы зорланған, үсті-басының сау тамтығы қал­маған, бүгінде ер адам көрсе, шырылдап жылай беретін, пси­хо­ло­гия­лық тұрғыдан ауыр соққы алған, құр сүлдесі зират маңындағы қоқыста ит жалап тұрған жерінен табыл­ған төрт жасар сәбидің құқы, қылмыскерді қанша жыл­ға бас бос­тан­ды­ғынан айырса да, орнына кел­месі анық. Аталмыш қалада өткен жылы болған зор­лық деректерінің де әлі біразы сол күйі ашылмаған. Соң­ғы оқиғадан кейін шаһар жұрты балаларын тіпті көшеге шы­ғаруға қорқатын болған. «Балаларды қор­лап, ата-аналарды үрей құшағына бөлеген педо­фил­дерге тек қана өлім жазасын беру керек» деп жүр­гендер қоғамда аз емес.
Айтпақшы, төрт жасар қызды зор­ла­ған қылмыскерді ұстап жатқанда ха­лық педофилді таспен атып, заң қыз­мет­керлерінен оны өз қолдарына бе­руін өтініп қоршап алған. Бұл – бү­гінде ха­лықтың ашынып отыр­ға­нының бел­гісі. Айта кетер жайт, осы жылдың ба­сында педофилдерге қатысты заң жо­ба­сын талқылаған Сенат депутаттары ба­рынша жазаны күшейту керектігін айта келіп, 20 жылға дейін бас бос­тан­дығынан айыру қажеттігін айтқан еді. Алайда біздің бұл «қатаң жазамыз» басқа елдермен салыстырғанда пе­до­фил­дің «басынан сипағанмен» бірдей. Осы орайда тиісті орындардан педо­фил­дерге қатысты заң жобасын ба­рын­ша қатайтуды сұрап, ата-аналар қоз­ғалысын құрмақшы болып жүрген ата-аналар да бар.
Айнұр ҚАЛДАРБЕК, ата-ана:
– Қанша жерден қоғамды ізгі­лен­діреміз десек те, қылмысты азай­тудың бір ғана жолы – жазаны қатаңдату. Соның ішінде педо­фил­дер­ге тек қана өлім жазасын қол­да­ну қажет дер едім. Ата-ба­ба­мыз­дың қылмыскерді жазалау үрдісіне сүйенсек те, олар «қанға – қан, жан­­ға – жан» қағидасын ұстанған. Тіпті біз «демократия, адам құқы сақ­та­луы­ның жарқын үлгісі» деп атой салып жүрген Американың өзі қа­лып­тасқан ахуалға қарай кейбір штат­тарында кейбір қылмыс түр­ле­ріне өлім жазасын қалдырған. Ен­де­ше баланы «балалы үй – базар» деп, бар қызығы санаған халқымыз сә­билерді айуанның қорлауына бе­ріп қоюға қалайша көз жұма қа­ра­мақшы?! Сондықтан ата-ана­лар­дан қол жинап, тиісті орындардан пе­дофилдерге қатысты заң жо­ба­сын қайта қарап шығуды, оның ішінде оларды тек қана өлім жа­за­сына кесуді талап етуге шақырып жа­тырмыз.
Осы жылдың басында Иранда кіш­кен­тай балаларды зорлады деген қыл­мы­сы анықталған екі педофил көпшілік кө­зінше дарға асылды. Иранның Кер­ман­шах қаласындағы орталық алаң­дар­дың бірінде екі педофилді дарға ас­қанын көрген халық тіпті «соттың әділ үкіміне рақмет» деп ұрандатқан. Біз мысал келтіріп отырған, соңғы бір ай көлемінде Қарағанды облысы мен Түркістан қаласындағы тіркелген оқиға кезінде де халық заң орындарына қылмыскерді өз жазалауларына беру жайлы өтініш айтқан. Бұл – бүгінгі таң­да педофилдерге қатысты халықтың ашу-ызасының көрінісі. Ендеше халық мүд­десін ескермеген, бүгінгі қол­да­ныс­тағы педофилдерге қатысты заң жо­басы кімге керек, кімнің сойылын со­ғып жүр?! Халық атынан сайланған ха­лық қалаулыларының заң шығару ке­зінде халық мүддесін ескермегені қалай? Педофилдерге бүгінгі қол­да­ны­лып жүрген жазаның жеңілдігінің айғағы сол, Қарағанды облысы мен Түр­кістан қалаларында педофилдік әре­кет бірнеше қайтара тіркелген. Егер алғашқы әрекеттен кейін-ақ халық көп жиналатын жерде педофилдерді ел көзін­ше дарға асқанда, кейінгі оқиға­лар тіркелмес пе еді?! Сондай-ақ жыл ба­сынан бері Петропавл, Павлодар қала­ларында да педофилдік әрекет көрініс тапқан.
Ал өткен жылдың тоғыз айында ға­на елімізде жалпы саны 400-ге жуық бала жыныстық қатынасқа түскен. Жә­не олардың барлығын ересектер мәж­бүр­леген. Егер педофилдерге қатысты жазаны тез арада қатаңдатпасақ, бұл ста­тистиканың одан әрі көбейе бер­ме­сіне кепілдік жоқ. Кеше ғана Тобыл өңі­рінде бейәдеп іспен айналысқан қыл­мыскер тоғыз жылға сотталды. 40 жастағы Рудный қаласының тұрғыны жас­өспірімдердің жалаңаш тәнін суретке, бейнекамераға түсірумен шұ­ғыл­данған. Қылмыскер құрықталғанға дейін Рудныйдағы балалар үйінде жұмыс істеген. Футбол жаттық­ты­ру­шы­сы жетімдер үйіндегі 14 жасқа тол­ма­ған өз шәкірттерінің жалаңаш тәнін мон­шада суретке, бейнекамераға түсі­румен айналысқан. Тінту кезінде оның үйінен тағы сегіз жасөспірімнің анайы суреттері мен бейнетаспалары табыл­ған. Атап айта кетер жайт, бүгінгі заң жо­басы бойынша ертеңгі күні әлгі «су­рет­ке түсіргіш» жазасын өтеп келе қал­ған жағдайда, бес жылдан соң қай­та­дан бала тәрбиесімен айналысуға құ­қылы. Тіпті осыған орай сенатор Ғани Қа­сымов осы уақытқа дейін қанша педофилдің мерзімінен бұрын босап шыққаны жайлы депутаттық сауал да жолдаған еді. Алайда депутат сұратқан статистика белгісіз күйінде қалып отыр. Аталмыш заң жобасы талқылану ке­зін­де Ғани Қасымов мырза қанша шы­­рыл­даса да, тіпті біраз депутат педо­фил­дің барынша қатаң жазалануына мүдделі болса да, жеме-жемге кел­ген­де, қорланған сәби құқынан гөрі, пе­до­фил мүддесі көп ескерілген аталмыш заң жобасы қабылданып кетті.
Ғани ҚАСЫМОВ, Сенат депутаты:
– Кеңес заманында мұндай қыл­мыс жасағандарды ату жаза­сы­на кесетін. Еуропа елдері қазір он­дай­ларды піштіргелі жатыр. Ал біз болсақ, азғындықты қолдап, олар­дың екінші мәрте бала тәрбиесімен айналысуына рұқсат бергелі отыр­мыз. Олар түрмеден тозақты көріп шы­ғады. Барлық кегін, үлкенге күші жет­пеген соң, қайта келіп, баладан алады.
2010 жылдың желтоқсан айында Еуро­одақтың 27 елінің әділет ми­нистр­лері қатысқан жиында педо­фил­дерге қатысты заң жобасын барынша қа­таңдату туралы келісімге келген еді. Ен­деше бүгінде педофилдерге қатаң жаза беруге неге солқылдақтық та­ны­тып отырғанымыз түсініксіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста