Қызылордада несиесін төлей алмаған ата-аналар балаларын жетімдер үйіне өткізуде

Қызылордада несиесін төлей алмаған ата-аналар балаларын жетімдер үйіне өткізуде

Қызылордада несиесін төлей алмаған ата-аналар балаларын жетімдер үйіне өткізуде деп хабарлайды 31 арна.

Пәтер мен көлік аламыз деп баласын ақшаға айырбастағандардың саны артып келеді дейді мамандар. Мәселен соңғы бір айдың өзінде 7 отбасы өз сәбилерін балалар үйіне өткізуге мәжбүр болған.
Сондай жандардың бірі - үш баланың анасы Нұргүл. Өзі жұмыссыз. осы уақытқа дейін отбасын жалғыз күйеуі ғана асырап келген. Екі-үш жыл бұрын туыстарының тойына көмектесеміз деп несие рәсімдепті. Ізімен әйелі де банктен ақша алады. Жолдасы жұмысынан қысқарғаннан кейін отбасы бюджеті ойсырап қалған көрінеді.
"Қазір үйде күнделікті жейтін тамағымыз, тіпті нанымыз да жоқ. Біз қиналсақ қинала берейік, ең болмаса баламыз қиналмасын деп балалар үйіне өткізіп жібердік", - дейді Нұргүл.
"Ұмай" үкіметтік емес ұйымы он алты жылдан бері қиын жағдайға кезіккен отбасы балаларын қамқорлығына алып келеді. Қырық төсектік жетімдер үйінің бір орнына бастапқыда 5-7 баладан келсе, қазір арызданған ата-аналардың саны 2-3 есеге артқан. Соңғы бір айдың өзінде 7 отбасы өз сәбилерін ұйымға өткізуге ниет білдіріпті. Барлығына ортақ мәселе - несие.
"Нақты өзінің мекен-жайы тіпті баспанасы жоқ отбасылар, көлік, техника, телефон сияқты тұтынушы заттарын несиге алады. Банк болса бере береді. Ал одан қиналып жатқан тек балалар", - дейді "Ұмай" балалар үйінің директоры Анар Ізден.
Психолог мамандар болса, бұл жерде ата-аналарды кінәлай беруге де болмайтындығын алға тартады.
"Біз тарапымыздан кінәлау, кінә арту емес түсініспеушілік болуы керек деп ойлаймын. Әрине бұл қазіргі нарық заманы дейміз, қаржылық дағдарыс дейміз, бұл барлық отбасына тиіп жатыр. Бұл тек әлеуметтік жағдайы жоқ отбасыларға ғана тиесілі деп айтуға келмейді. Әлеуметтік жағдайы бар отбасылардың өзі өз баласына керекті тәрбие, керекті жағдай жасай алмай отырғандары бар", - деді психолог Раушан Базарбай.
Үкіметтік емес ұйым белсенділері банктерді несие беруге келгенде әлеуметтік жауапкершілікті терең сезінсе екен деп тілейді. Ал ата-аналарды мүмкіндіктерін бағамдай білуге шақырады. Өйткені бұдан үлкендерден бұрын кішкентай балалар зардап шегіп отыр.

nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста