Қыздарымыз қылықты емес, былықты болып бара ма?

Қыздарымыз қылықты емес, былықты болып бара ма?

Бесіктен белі шықпай жатып, мектеп қабырғасында жүріп-ақ Ішкі істер басқармасына қарасты Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің есебінде тұратын жасөспірімдер мәселесі алаңдатарлық. Өйткені мектеп инспекторлары «мектеп қабырғасында жүргенде оларды түзу жолға салмасақ, ертеңгі күні түрме баласына айналуы оңай» дейді. Ал мұндай тізімге қыз балалар көптеп ілініп жатса, бұл – тіпті алаңдатарлық жағдай. Мұндай жағдайды назардан тыс қалдырмауды ұйғарған Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте «Қыз – елдің көркі» атты бағдарлама қабылдап, қалалық семинар өткізді.
Әдетте Кәмелетке толмағандар ісі жө­нін­дегі бөлімнің есебінде тұратындар ұл балалар болса, соңғы кездері Алматы қа­ла­сының Алатау ауданына қарасты мек­теп­терден есепке алынған жасөспірім­дер­дің барлығы қыз балалар болып шыққан. Жаңа оқу жылының жартысы өтпей жатып он қыз баланың «қара тізімге» ілінуі мек­теп басшылығымен қатар, Кәмелетке тол­ма­ғандар ісі жөніндегі бөлім мамандарын да, Алматы қалалық білім басқармасы қыз­мет­керлерін де алаңдатып, бірігіп жұ­мыс істеу қажеттігін сездіргендей. Осын­дай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында ба­лалардың қабілетін ашып, тәрбиелейтін, шығармашылыққа баулитын «Қыз – елдің көркі» атты арнайы бағдарлама да қабыл­дан­ған. Осыған орай Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мек­теп­те аталмыш бағдарлама негізінде қала­лық семинар өтті.
Жаннат ЕСДӘУЛЕТОВА, А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің директоры:
– Біздің мектебімізде құзырлы ор­ган­ның есебіне алынған қыз балалар жоқ деп қарап отыруға болмайды. Кез кел­ген нәрсенің салдарымен күреспей, ал­дын алуды қолға алған жөн. Сондық­тан мектебімізде қыз балаларға арнал­ған ар­найы үйірмелердің жұмыс істеуін жол­ға қойғанбыз. Оқушыларға білім бе­ріп қана қоймай, бос уақытын тиімді ұй­ымдастырып, арнайы үйірмелерге тар­ту арқылы олардың тәрбиелі, өнер­лі болуына ықпал ету – мұғалімдердің мін­деті. «Қыз – елдің көркі» атты бағ­дарлама бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар­дың да қыз балалардың тәр­биесіне әсері мол. Қазақ халқы әрқа­шан да ананы қас­тер­леген, жарын сүй­ген, қызын қы­рық үй­ден тыя отырып, алақанына са­лып, әл­пештеп, еркелетіп өсірген. Қыз – ер­теңгі ана, отбасындағы бала тәрбие­сі­нің діңгегі. Сондықтан бүгін салт-дәс­тү­рімізге сай сондай жақ­сы қасиеттерді қыз­дарымыздың бо­йына сіңіру – ата-ана мен мұғалім­дердің парызы.

Қалалық семинар барысында №41 жал­пы білім беретін мектепте жұмыс істеп жат­қан, қыз балаларды сыпайылыққа, сым­баттылыққа тәрбиелейтін «Сырғалым» клу­бының, қыздардың танымын кеңей­тетін «Жас әдебиетші» атты мәнерлеп оқу үйірмесінің, қыз балаларды қазақ халқы­ның қолөнеріне баулитын «Алтын оймақ», «Қыз еркем ісімен көркем» атты үйірме­лер­ге қатысатын өнерлі қыздардың жұ­мыс­тары таныстырылды. Сондай-ақ мек­теп бұрымдыларының шығармашылық қа­білетін шыңдау мақсатында құрылған «Ән – көңілдің ажары» әнге баулу үйірмесі мен «Мың бұралған бишілер» би үйірме­сінің шәкірттері де өнерлерін ортаға сал­ды. «Ұл тәрбиелей отырып, ұлтымызды, қыз тәр­биелей отырып, болашағымызды тәр­биелейміз» дейтін ата-бабаларымыз ұлдан гөрі, қыз бала тәрбиесіне ерекше кө­ңіл бөліп, қызға қырық үйден тыйым жа­сау арқылы ұлт болашағының қыз бала тәрбиесіне тікелей қатыстылығын мойын­да­ған. Сондықтан «мектептегі үйірме жұ­мыс­тарының оқушылардың тәрбиесіне әсері зор» дейді мамандар.
Айгүл ШӨПШЕКБАЕВА, Алматы қалалық ІІД Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің бастығы:
– Алматы қаласы бойынша 1 мың­нан астам бала есепте тұрса, соның 20 па­йызы – қыз балалар. Оларды арнайы ес­епке алу олардың барлығы қылмыс жа­сады деген сөз емес. Бірақ бұл ес­еп­ке ал­ынған қыз балалардың тәрбие­сінің нашар жағынан көзге түскенін біл­діреді. Біз алдағы уақытта білім бас­қармасы, мектеп ұжымы болып бірле­се, олардың қатарын азайтуға жұмыла жұмыс істей­тін боламыз. Жалпы, бала­лар жаман әдет­ке бой алдырмауы үшін мектептерде үйірмелер жұмыс істеп, балаларды түрлі іс-шараларға тарту­дың маңызы зор. Ал­маты қаласы бо­йынша жалпы білім бе­ретін 181 мектеп бар. Алдағы уақытта бар­лық мектепте қыз балаларға бөлек, ұл балаларға бір бөлек осындай іс-ша­ралар ұйымдас­тырамыз. Арнайы бағ­дар­лама аясында тәрбие жұмыстарын жүргізуді де көз­деп отырмыз. Қаламыз­дың 143 мекте­бінде полиция көмек­ші­лері құрылған. Осындай жұмыстардың арқасында мек­теп қабырғасында жаса­латын қыл­мыстар азайып келе жатыр. Мәселен, 2007 жылы қала бойынша мек­теп­терде 263 қылмыс тіркелген бол­са, бүгінде қылмыс көрсеткіші 225-ке түскен.
Нарқозы БАЙМҰРАТОВ, Алатау ауданы бойынша Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім бастығы:
– Дәл қазіргі таңда Алатау ауданы бо­йынша 10 оқушы есепте тұр. Оның 10-ы да – қыз. Бұл – өте алаңдатарлық жағ­дай. Олар – көбінесе ұрлық, сабақ­тан қашу, үйінен кетіп қалу секілді әре­кет­те­рімен көзге түскендер.

2007 жылдан бастап еліміздегі білім ор­даларында мектеп инспекторлары таға­йындалған. Балалардың құқығын түсін­діру­мен бірге, мектептегі қылмыстың ал­дын алу мақсатында тағайындалған мек­теп инс­пекторларының бала тәрбие­сіндегі орны бөлек. Әйтсе де соңғы кездерде мек­теп оқушыларының, оның ішінде қыз ба­ла­лардың полицияның тізіміне ілінуі әр­кімді алаңдатары анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста