Қыста ма, әлде жазда ма: Қазақстандықтар жол апатына қай мезгілде жиі тап болады

Қыста ма, әлде жазда ма: Қазақстандықтар жол апатына қай мезгілде жиі тап болады

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу барысында, көлік жүргізушілері жол-көлік оқиғаларына қай маусымда, айда және қай күні жиі ұшырауы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы, барлығын алғанда 13 515 жол-көлік оқиғасы болған. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 19% аз. Апаттар күзде жиі болады, жазда және қыста-сирек. Ең азы көктем айларында.

 
Жыл мезгілі бойынша аумақтардағы жол апатының деңгейі

Күз

Апаттар ең жиі Алматы және Алматы облысында болады – 57 және 35 ЖКО (100 мың адамға шаққанда). Атырау облысында және Шымкентте жол апаты ең аз болады (9-10). Күздегі апаттылыққа аумақтарда 2020 жылдағы жол-көлік оқиғаларының жалпы санынан 31,4% жатқызылады. 

Жаз

Апаттар ең жиі Алматыда болады – 46 жол-көлік оқиғасы (100 мың адамға шаққанда). Ең аз апаттар Шымкентте және Нұр-Сұлтан қаласында – 7-9 жол-көлік оқиғасы7 Орташа алғанда, жазғы апаттарға аумақтарда 2020 жылдағы жол-көлік оқиғаkfhsys4 жалпы санынан 26,7% жатқызылады.

Қыс

Жол апаттары ең жиі Алматыда болады – 39 жол-көлік оқиғасы. Ең азы Қарағанды облысында және Шымкентте (8 жол-көлік оқиғасы). Орташа алғанда, қысқы апаттарға аумақтарда 2020 жылдағы жол-көлік оқиғаларының жалпы санынан 24,4% жатқызылады.

Көктем

Алматы және Жамбыл облысында жол апаттары жиі орын алады (сәйкесінше, 27  және 21). Ең аз апаттар Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақтан облыстарында және Шымкентте – әр аумақта 6 жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Орташа алғанда, көктемгі апаттарға аумақтарда 2020 жылдағыоқиғалар жалпы санының 17,5% жатқызылады.

Былтырғы көктемде, елімізде ТЖ режимі жарияланған және жол жүру қозғалысына шектеулер қойылған. Аталған фактор көктемгі жолдағы оқыс жағдайлардың санын азайтуға себепкер болған. Алайда күзде жағдай қайта өзгерді.  Демек, пандемияға дейін де, жол апаттары күзде жиі болған көрінеді.  Мысалы, 2018 жылдың осы маусымында Қазақстандағы апаттардың жалпы санынан 29% Қазақстан бойынша тіркелген. Жазда апаттар сирек болды  – 28% және көктемде – 23%. Ең аз жол-көлік оқиғалары қыста болған – 20%. 

Айлар және апта күндері бойынша жол апатының деңгейі

Былтыр қыркүйек жол апаттары ең көп тіркелген ай болды   – 1 471 (2020 жылғы барлық апаттық жағдайларының 11%).

Қазан мен тамыздың жол оқиғаларының көрсеткіштері де өте жоғары – 1 462 және 1 389 (Қазақстандағы 2020 жылғы барлық апаттардың жалпы санынан 11% немесе 10%).

Ең аз жол апаттары сәурде тіркелген  – 442 оқиға (былтыр болған барлық апаттардың 3% құрайды). Сәуір айында ең көп апаттар Алматы облысында тіркелген  – 82%, ал ең азы Солтүстік Қазақстан облысында, осы айдағы болған апаттардың бар болғаны 1% құрайды.

Статистика бойынша, аптаның ең қауіпті күні – дүйсенбі (2 008 оқиға, барлық жол-көлік оқиғаларының 15%-ы), ал ең аз апаттар – бейсенбі күндеріне келеді (1 775 оқиға немесе  Қазақстандағы 2020 жылғы барлық апаттардың жалпы санынан 13%-ын құрайды). 

ЖКО бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері 

ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша, бәрін алғанда, 69 386 сақтандыру төлемдері жүргізілген. Егер жол-көлік оқиғаларының статистикасымен салыстыратын болсақ, оқиғалар саны мен міндетті автосақтандыру бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің сан айырмашылығы елеулі. Сақтандыру бойынша жүзеге асырылған төлемдердің саны жол апаттарының санынан 81%-ға жоғары.

"Себебі, 2020 жылы жүзеге асырылған төлемдер бөлігі бұрын болған жол-көлік оқиғалары бойынша тағайындалған, мысалы 2019, 2018 жылдары немесе одан ерте болғандарға қатысты. Ескере кетерлік жайт, бір оқиғада бірнеше жәбірленуші болуы мүмкін. Сондықтан,  бір жол апатына қатысты екі, үш және одан астам сақтандыру төлемдері атқарылуы мүмкін"- дейді Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының өкілдері. 

Сақтандыру төлемі, сақтандыру компаниясы құжаттар топтамасын толық алған сәттен 15 жұмыс күні ішінде  жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда, сақтандыру төлемдерін алу процессіне көп уақыт кетуі мүмкін. Мысалы, сақтандыру рәсімдеуші ЖКО салдарынан болған нұқсанды бағалау мөлшерімен келіспеуі және т.б.   

Алайда келтірілген залал бағаланғаннан кейін, бір сағат ішінде лездік төлемдерді алу мүмкін. Мысалы, Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясында, егер нұқсан мөлшері 350 000 теңгеден аспайтын болса, төлемдер оқыс оқиға орнында қолма-қол төленеді.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста