Құтырудың құны 1730 теңге

Құтырудың құны 1730 теңге

Соңғы кездері қаң­ғыбас иттердің адам­­ды қабу оқи­­­ғалары кө­бе­йіп кетті. Ве­те­ри­нар­лар бер­ген дә­йек­ке қарағанда, 2011 жы­лы 75 мың қа­зақ­стан­дық­­ты ит қап­қан. Ал өт­кен 2012 жы­­лы одан да көп. Бір өкініштісі, олар­дың ара­сын­да қайтыс бол­ған­дар да бар.
Бір Алматы қаласының өзінде 5 мың­нан астам адам қаңғыбас иттерден зар­дап шеккен. Мамандардың айтуынша, бұралқы иттер қа­лалы жерге көбінесе қала ма­ңын­дағы шағын ауылдардан келетін көрінеді. Се­­бебі қала ішіндегі көпқабатты үйлердің жа­нындағы қоқыс тастайтын орындар үнемі та­мақ қал­дық­тарына толы, шашылып жатады. Уақ­­тылы тазартылмайтын қоқыс контейнер­ле­­рінің маңында өріп жүретін иттер адамдарға ша­буыл жасайды. Сондай-ақ балалар ой­най­тын алаңқайлардағы әткеншек бағаналарына та­мақ қалдықтарын орап, іліп кететіндер көп. Тұр­ғындардың бұл әрекетін үйсіз жүрген бомж­дарға жасаған қамқорлығы дегені­міз­бен, бүл­діршіндер үшін аса қауіпті. Тамақ бар жер­де тап беретін аш иттер ойын баласын қа­уып алып жатқан оқиғаларға жиі ұшырасып жа­тамыз. Демек, бұралқы иттердің қаптап кетуіне тұрғындардың өздері де себепші бол­ғаны. Бұл аздай «ит атқыштар» конкурстан же­ңіп алған тендерлерінің қаржысын жыл соң­ына дейін жеткізе алмай әлек болып жүр.  
Тендерлік теңге бір жылға неге жетпейді?
Алматы қаласындағы санитарлық-эпиде­мио­­­­логиялық қадағалау департаментінің қыз­мет­ке­рі Ақ­бо­­та Бердібекованың мәлім­де­уінше, өткен жы­­лы қаладағы 26 мың ит­тің көзі жо­­йылыпты. Бірақ қалада әлі де 30 мыңнан ас­­там иесіз ит бар көрінеді.Үкімет ит ату жұ­­­­мыстарына аз ақша бөліп отырған жоқ. Мы­са­­лы, бір Алматы қаласының өзінде биыл 109 мил­­лион теңге қарастырылыпты. Ал бір ит­ті атып, өртеу жұмысына 4 мың теңге кетеді екен. Бі­­рақ қомақты ақша бөлінгенімен, нәти­же кө­ңіл көншітерлік емес. Қазіргі күні Алматы қа­ла­сы бойынша ешбір «ит атқыш» кәсіпорын жұ­­­мыс істеп жатқан жоқ. Себебі тен­дер енді ға­­­н­а жарияланып, құжаттар қа­был­дану үс­тін­де.
Қорытындылары тек ақпан айының соңына қа­­рай белгілі болмақ. Әкімдік қызметк­ер­ле­рінің мәлімдеуінше, тендерді ұтып алған кә­сіп­орын келісімшартта көрсетілген белгілі бір мөл­шердегі иттің санын ұстап, қалғанын келесі жол­ғы тендерге қалдырады екен. Бір қызығы, кө­шеде күнделікті ит аулап жүргендерді көрдім дей­тін адамды табу қиын. Соған қарап қыз­мет­тері құпия ма деп қаласың. Олардың жыл бо­йы жасап жатқан жүйелі жұмысын да бай­қа­маймыз, бірақ жыл соңы болмай жатып ақ­шалары таусылып, жұмыстары тоқтайды.
Ит атушылардың айтуынша, бұралқы ит­тер­дің көбеюіне қаржы да, ит ататын меке­ме­лер де кінәлі емес. Оған ең басты кінәлі – адам­­дардың өздері. Өйткені біздің халық қа­­жет бомаған күні итін көшеге қаңғыртып жі­­бе­реді. Қолда ұстап отырған итін де дер ке­зін­де ветеринарлық дәрігерге көрсетіп отыр­май­ды. Өйткені бір жағдай болған күнде ит ие­­сіне салынатын айыппұл мөлшері өте төмен. Нақ­­ты айтқанда, бір айлық көрсеткіш мөл­ше­рін­де екен. Сондықтан да мамандар «айыппұл мөл­­шерін көбейту арқылы ит иелерінің жауап­кер­шілігін арттыру қажет» дейді.
Болат Байділдаев, Алматы қаласы Түрксіб аудандық әкімдігінің көріктендіру бөлімі бастығы:
– Бұралқы иттер көбінесе қала сыр­тын­дағы шағын аудандардан келеді. Бір ит бір жылда орта есеппен 12 күшік та­ба­ды десек, олардың қалайша жыл­дам көбейетінін түсіну қиын емес. Ал ит­терін қаңғытып жіберген адамдарға, ит­тері құтырманы таратып жүрсе де, адам қапса да 1 АЕК мөлшерінде айып­пұл салынады. Сондықтан жеке және заң­ды тұлғаларға қатысты талаптар мен жауапкершілікті арттырып, айыппұл мөлшерін ұлғайту қажет деп есептеймін. Әйтпесе құтырмаға шалдыққан адам­ның ажалдан құтылмайтынын бәріміз білеміз.

Расында да, адам баласы құтырмаға шал­дықса, аман қалмайды екен. Осындай оқи­ғаның бірі жыл басында Оңтүстік Қа­зақ­стан облысында болды. Өткен жы­лы көршісінің иті қауып алған жасөспірім, қаңтар айында құтырма ауруынан көз жұм­ды. Өйткені ит қауып алған бала дер ке­зінде дәрігерге қаралмаған. Ал ит иесі оқи­ға орын алғаннан кейін арада бірне­ше күн өткенде иттің өліп қалғанын жа­сыр­ған. Ең сорақысы, ветеринар өлген ит­ке «дін аман» деп анықтама берген.
Дәрігерлердің айтуынша, құтырма дер­тінің белгілері пайда болған адам ауруы­нан айықпайды. Құтырма вирусы мен ит тістеген жерде ауру белгілерінің пай­да бо­луы 12 күннен бір жылға дейін со­зылады. Сон­дықтан ит қапқан жағдайда жедел дә­рігерге қаралу керек.
Құтырманың алдын алу
Ит не басқа да жануарлар тістеп алған жағдайда, жедел түрде травпунктке ба­рып, антирабикалық көмек алу қажет. Ан­ти­рабикалық көмек жарақат орнын са­бынды сумен мұқият тазалаудан және ан­тирабикалық вакцинаны немесе анти­ра­бикалық иммуноглобулин мен анти­ра­би­калық вакцинаны қатар салудан тұ­ра­ды. Емдік курс жалпы 6 екпеден (0-күн, 3-күн, 7-күн, 14-күн, 30-күн, 90-күн, бұл ег­ер тіс­теп алған жануар белгісіз болса немесе өліп қалса) тұрады. Тістеп алған жануарды ветеринарға тексерту қажет. Жануарды асырауға алған адам оның ден­саулығы мен күтіміне жауап беруі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста