Қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешендер неге жоқ?

Қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешендер неге жоқ?

Қазір Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов саяси репрессия құрбандарын еске алу үшін Алматы облысының Жаңалық ауылына барып жүр. Талғар ауданына қарасты бұл ауылда репрессия құрбандарына арналған ескерткіш Елбасының қолдауымен 1993 жылы ашылған-ды. Ал Астананың әкімі бұл атаулы датаны атап өту үшін енді Ақмола облысына баратын шығар. Өйткені Астанадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған монумент «ойын-сауық орталықтарының тасасында қалды» деген желеумен Ақмола облысының Ақмол елді мекеніне «жер аударылған» болатын.
Елбасының Жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Осы күні жер-жер­лер­де жұртшылық қызыл саясаттың құр­бан­да­рына арналған ескерткіш жанына жи­на­лып, олардың рухтарына тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды. Саяси қуғын-сүргін құр­бан­дарына арналған ескерткіштер Ақмо­ла­да, Петропавлда, Алматы облысында, Пав­лодардың Екібастұзында, Батыс Қазақ­стан мен Қарағанды өңірлерінде бар. Алай­да еліміздің ең ірі әрі бетке тұтар екі қаласында саяси қуғын-сүргін құрбан­да­ры­на арналған мемориалдық кешен жоқ. «Еліміздің бас қалаларында саяси реп­рес­сияға арналған ескерткіштердің болмауы — елдігімізге сын» дейді қоғам қай­рат­кер­лері.
Әшірбек СЫҒАЙ, қоғам қайраткері:
– Мен мұны енжарлық деп түсі­не­мін. Сондай-ақ мән бермеушілік, өт­ке­нін ұмытушылық деп айтар едім. Әйт­пе­се қазақтың қаймағы жиналған, саяси-мәдени орталығымызда ес­керт­кіш қоюға не кедергі? Керек десеңіз, олар біздің ел болып, ұлт болып ұйы­суы­мызға қанын төкті емес пе? Со­лар­дың рухын ескеруді шенеуніктер ой­лануы керек. Мен мұны көңіл бөл­меу­шілік деп білемін. Басқа ешқандай ке­дергі көріп тұрғаным жоқ. Еліміздің бос­тандығы мен келешегі үшін күрескен оғ­лан­да­ры­мызға Алматы мен Аста­на­дан үлкен ме­мо­риалдық кешен орнатуға тиіспіз. Өлген адам өлді, оларға еш­қан­дай марапаттың керегі жоқ. Біз со­лар­дың өмірін үлгі етіп, ұрпақты отан­сүй­гі­штікке, ұлт­жан­ды­лық­қа тәрбиелеуіміз ке­рек емес пе? Олар­дың батырлығын, елі үшін жасаған жан­қияр­лық ерліктерін ке­лешек ұрпаққа ама­нат етіп қал­дыр­масақ, ол – біздің аза­мат­тығымызға сын.
Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы:
– Бұрын 31 мамыр ашаршылық жә­не саяси қуғын-сүргін құрбандарын ес­ке алу күні болып аталатын. Алайда не­ге екені белгісіз, Парламент кейіннен «ашар­шы­лық» деген сөзді алып тастады. Осылайша ашаршылық құрбандары тасада қалып, саяси репрессия аталып жүр. Бұл жерде екеуін бөле-жарып қа­рау­ға болмайды. Себебі екеуі де – ста­ли­низм құрбандары. Ашаршылық та, қуғын-сүргін де қызыл саясаттың кесі­рі­нен болды. Сондықтан ашаршылық және саяси репрессия құрбандарына арнап мемориалдық кешенін салу – бүгінгі күн­нің басты талабы. Бірақ мұның іске ас­пай жатуының бірнеше себебі бар. Бі­ріншісі, 90-жылдардың ба­сында эко­но­микамыз қирап, ел есін жинауы керек болды. Екіншісі – саяси себеп. Ол кездегі жағ­дай­ды еліміздегі басы­лым­дар геноцид деп атап жүрді. Егер гено­цид десек, онда ол бір халықтың бір халықпен жауласуы немесе бір ре­жимнің бүтін бір халықты жоюы болып табылады. Онымен қоса, мұн­ың арт жағында Кремль тұрды, сонымен қатар «біз – Ресеймен мәңгі бақи достастықта бо­луды ұйғарған елміз, сол үшін де ертеңгі күні олармен қыр­ғиқабақ болып қалмаймыз ба?» де­ген саяси сақ­тық болды. Үлкен ме­мо­риал­дық кешендерді са­луға осылар кедергі болды деп ой­лай­мын. Енді мұндай жағ­дайдан қалай шығуымыз керек? Мысалы, оны ге­но­цид емес, «сталиндік режим құр­бан­да­ры» деп атасақ қалай болады? Ста­лин­дік режимді қазір Ресейдің өзі айып­тап отыр. Оның ескерткіштерін түге­лімен тұғырынан тайдыруда. Мүм­кін, геноцид деп атамай-ақ, «сталиндік қы­зыл режим құр­бан­дары» деп сая­сат­қа келтіріп, Астана мен Ал­матыдан үл­кен мемориалдық кешен тұр­ғызуға болады ғой. Осыны біз қазірден қол­ға алуымыз ке­рек. Мұны кешіктіру – қылмыспен тең. Себебі қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Біз жа­зық­сыз, жоқтаусыз қырылып кеткен ба­ба­лардың алдында қарыздармыз. Олар­ды еске алатын кешендерді салу — бүгінгі ұрпақтың мойнындағы парыз. Егер біз жасамасақ, оны кейінгі ұрпақ бә­рі­бір тұрғызатын болады. Сондықтан бүгінгі билік абыройға ие болғысы кел­се, бұл мәселені тез арада шешуі тиіс.

Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 20 жыл болды. Егеменді ел болдық. Экономикамыз да қарыштап даму үстінде. Өзге елдердің арасында да беделіміз жо­ғары, түрлі шетелдік ұйымдарға төрағалық етіп келеміз. Енді бізге не кедергі? Не­бір нәубетті бастан өткерген ата-бабаларымыздың шынайы тарихын келешек ұр­паққа жеткізу бүгінгілердің парызы емес пе? Сондықтан қалай да болса, елі­міздің ірі қалаларынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ме­мо­риал­дық кешен салатын уақыт әлдеқашан жетті. Ал бұған қос әкім қалай қарайды екен?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста