Қазақстаннан көшіп кеткендер не себепті өзге елді таңдағандарын айтты

Қазақстан ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитеті елден түпкілікті көшіп кеткен азаматтар саны жайлы деректер жариялады. Статистикалық дерекке сәйкес, өзге елдерге қоныс аударып жатқан азаматтар саны артып, ал Қазақстан төлқұжатын алғысы келетіндер азайғаны байқалады.
Қазақстан ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитеті елден түпкілікті көшіп кеткен азаматтар саны жайлы деректер жариялады. Қазақстаннан біржолата көшіп кетіп жатқандар неге көбейіп барады?
Статистикалық дерекке сәйкес, өзге елдерге қоныс аударып жатқан азаматтар саны артып, ал Қазақстан төлқұжатын алғысы келетіндер азайғаны байқалады.

ЖАЙЛЫ ТҰРМЫС ІЗДЕГЕНДЕР

Статистика комитеті дерегінше, 2015 жылы Қазақстаннан кеткен мигранттар саны 3,9 пайызға артып, 30 мыңнан асқан, ал 2014 жылы 28 мың адам кеткен. Көшіп жатқандардың дені ТМД елдеріне қоныс аударған. Мигранттар ішінде Қазақстанға ТМД елдерінен келгендер 84,4 пайыз болса, сол елдерге кеткендер үлесі 89,8 пайыз болған.

Статистика ведомствосы дерегінше, бұрын қазақстандықтар қоныс аудару үшін Еуропаның Чехия, Болгария, Германия сияқты елдерін таңдайтын, қазір де көшіп барғысы келетін елдің территориясындағы тыныштыққа, соғыс қимылдарының бар-жоғына мән береді.

Қазақстандағы стратегиялық зерттеулер институтының халықаралық байланыстар жөніндегі сарапшысы Санат Көшкімбаевтың пікірінше, қоныс аударғысы келген адам ең әуелі жайлы орын іздейді. Мұнай бағасы қымбат болған жылдары да Қазақстан азаматтары өзге елдерге көшкен.

Қазақстан қоғамы өкілдері елден кетіп жатқан азаматтардың көбею себебін теңге девальвациясы мен елдің экономикалық және саяси өміріне қатысты жайсыз болжамдармен байланыстырады. Мысалы, тарихшы Наурызбай Байқадамов жұрт елде басталған дағдарыс кесірінен кетіп жатыр деп санайды. Оның пікірінше, орыс, неміс және өзге ұлт өкілдерінің тарихи отанына оралуына ұлтаралық қатынастардың еш қатысы жоқ. Экономист Бейсембек Зиябеков мигранттардың көбеюінің басты себебі Қазақстан экономикасындағы жағдайдың нашарлауында деп санайды.

- Мен «жұрт соғыс жоқ, тыныш Қазақстаннан кетіп,қандай жайлы жер табады екен?» деп үнемі ойлаймын. Әрине, елдің экономикалық ахуалы нашарлап кетті. Бұрын қазақстандықтар жақсы өмір сүрген еді, енді дағдарыстың зардабын сезініп жатыр. Мұндай елге кім көшіп келеді? – Бейсембек Зиябеков Азаттыққа.

Шымкенттегі оралмандардың Наурыз тойы. 27 наурыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

BBS-тің Қазақстандағы өкілі Бахадора Тәжібаева «Болашаққа сенімсіздік, экономикалық дағдарыс, теңгенің құнсыздануы - жұрттың елден кетуінің басты үш себебі осылар. Қазақстанға да дәл осы – экономикалық және саяси себептермен келмейді» дейді.

Азаттық тілшісіне Алматының көші-қон қызметімен хабарласудың сәті түспеді. Азаттыққа Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІД-не қарасты көші-қон полициясы өкілі Сабыржан Тұяқбаев қана комментарий берді.

Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері Бостандық ауданынан 181 ересек адам мен 53 кәмелетке толмаған бала кеткен. Жұрт көбінесе Ресей, АҚШ, Канадаға кетіп жатыр. Көші-қон полициясы өкілі «ауданға көшіп келген азаматтар реестерін жүргізбейміз» дейді.

Қазақстаннан өзге елдерге түпкілікті қоныс аудару процедурасы көші-қон полициясының территориялық органдары мен ішкі істер органдары рұқсатымен ресімделеді.

ӨЗГЕ ЕЛДЕРДЕГІ БҰРЫНҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР

Алматы тұрғыны Ирина Костевич бірнеше жыл бұрын Ресейге көшіп кеткен. Ол Азаттықа елден кетуінің негізгі себептерін айтып берді.

Бұрынғы қазақстандық елден көшуіне бірнеше себеп болғанын айтады. Біріншіден, ол өмірін түбегейлі өзгерткісі келген. Ол бұрынғы Алматыны шексіз жақсы көргенін, сүйікті қаласының тыныс-тіршілігін жақсы білгенін айтады. Бірақ ол қазіргі Алматыны жатырқайды, алып шаһар да оған «жат болып кеткен».

- Жаңа қаланы жатырқамай қабылдап, онымен біте қайнасып кеткен жандар бақытты шығар. Шын мәнінде, қаладан мен кеткен жоқпын, сүйікті қалам мені жатсынды. Оның үстіне, экологиясы да нашарлап кетті. Көп ауыратын болдым, отбасы мүшелерінің де денсаулығы сыр бере бастады. Лас ауа, сапасы нашар азық-түліктер - Алматы сияқты күрт үлкейген қалалардың соры ғой, - дейді Ирина Костевич Азаттыққа.

Ирина «елден кетуімнің екінші себебі қазақ тілін білмегенім» дейді. Оның айтуынша, 1990-жылдары қазақ тілін өз еркімен үйрене бастаған. Бірақ Костевич «кейін тіл үйрену мәселесі мәжбүрлі науқандарға ұласты, ал мұндай күштеуді қабылдай алмадым, сондықтан елден кеткім келді» дейді.

- Мысалы мен Ресейде тұрып жатырмын, бірақ үкіметті немесе оның істерін мақтап немесе өзімнің патриотизмім жайлы айқайлағым келмейді, мұндайға жаным қас. Сол сияқты Қазақстанда да өтірік мүләйімсіп, өзімді болмысымнан бөлек етіп көрсеткім келмеді. Қазақтарды қанша жерден жақсы көрсем де, құрметтесем де мен орыспын әрі қызыққан нәрсеммен ғана айналысамын. Ал ұлттың жоғын жоқтағыш азаматтарға өзімнің ақ-адал екенімді үнемі дәлелдеуден, өзімді періште етіп көрсетуден жалықтым, - дейді Ирина Костевич.

azattyq.org 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста