Қазақстанға Бэби-бокс керек пе?

Қазақстанға Бэби-бокс керек пе?

Керек! Ойнап жүріп от басқан қыз-келіншектердің тоғыз ай көтеріп, содан сон сәбиін қоқыс жәшігіне, не ит-құсқа жем қылып тастап кетуінің алдын алу үшін керек! Тумай жатып, жөргегінде тұншыққан сәбилердің Алланың өзі берген өмір сүру құқын қорғау үшін! Әйтпесе,  сәбиін өлімге өз қолымен байлап берген қандықол әйелдер көбейді. «Алаш айнасы» тілшісі дәл осы мәселені көптің талқысына салып отыр.
Әлем елдерінің бэби-боксты енгізгеніне 15 жылдың жүзі болыпты. Мұндай «өмір терезелері» Германияда, Италияда, Венгрия, Оңтүстік Америка, Бельгия, Чехия, Австрия, Латвия мен Словакияда бар. Көршіміз Ресейде қалыс қалған жоқ. 2011 жылы бұл жүйені құп алыпты. Біз ше? Қоқыстан сәби табылған сайын бетімізді шымшып қашанғы отыра бермекпіз?
Бэби-бокс – «өмір терезесі» аталған арнайы медицианалық жарақтандырылған мекеме. Оның  сырттан, көшеге қараған металлпластикті терезесі бар және терезенің іші арнаулы бесік-төсекпен жабдықталған. Бэби-боксті – терезені ашқан адам баланы арнаулы бесікке салады, содан сон терезе жабылады. Ал баланың келіп түскенін арнаулы сигналдар арқылы білетін болады мамандар. Бэби бокстың маңында бейнекамерада, күзет те болмайды. Мұның не жақсылығы бар дерсіз. Ең бірінші сәбиді өз анасының қолымен өлтіруден аман алып қалады. Анасы жауапкершіліке тартылмайды. Ең бастысы – баланың қауіпсіздігі. Сонымен қатар, көкек-ана алда-жалда ойланып, баласын қайтарып аламын десе, ДНК тапсыру арқылы және комиссиядан өтіп қайтаруына мүмкіндік берілетіндігі.
Қазақстанда баласынан безінуді – «эпидемия» атаған бір республикалық басылымның аузының «дуасы» бар болып шықты. Расымен де, жүрегінің түбінен шыққан сәбиін жөргегінде далаға тастап кету - сирек кездесетін оқиға дей алмаймыз қазір. Тастанды сәбилердің бірінші «бесігіне» - қоқыс жәшіктерінің айналғаны бүгін емес. Ресми, бейресми деректерге жүгінсек, былтырғы жылы баласын қоқыс жәшігіне, далаға тастап кеткен аналарға қатысты оннан астам қылмыстық іс қозғалыпты. Бұл енді табылғаны. Ал табылмай далада, бұрыш-бұрышта майып болған сәбилер жоқтығына кепіл бар ма?
Қоқыс жәшігі бер жағы екен. Енді баланы балконнан, терезеден лақтырып, конолизацияға ағызып жіберетіндер де бар арамызда.  «Беті ашылған» дейтіні қазақтың бекер емес. Бетіміздің ашылғандығы сол.
Ғаламторда аза бойымыз қаза болған жаманат ақпар жария етілді. Керекуде тағы бір 23 жастағы қыз жаңа туған сәбиін көпқабатты үйдің терезесінен, я балконнан лактырып жіберген. Тағы бір дейтін себебіміз - дәл осындай жағдай бұдан бұрын да осы шаһарда орын алыпты. Онда да сәбиді көпқабатты үйдің терезінен лақтырған.
О, тоба! Бұрын қоқыс жәшігіне салып жүре беретін болсақ, енді терезеден лақтыратын болыппыз.. Мұның зауалы баласынан безген анада ғана емес, оны алмай тастап кеткендерде. Балшықтан бала жасай алмай жүргендердің обалы осындайларға болсын ендеше...
Қазақстанда ресми түрде жетімдер саны азайғанымен, тастандылар кеміген жоқ. Олардың көпшілігі қоқыс жәшіктерінен өлі табылып жататыны да өтірік емес. Олай болса, сөзіміздің басындағы бэби-бокс қазаққа неге қажет емес? Бұл турасында құзырлы орындардың ойлануы ұзаққа кетті. Бірақ одан қоқыс жәшігіне тоғытылған сәбилер толастаған жоқ. Толастарына да күмәніміз қалың...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста