Еліміздегі балалардың басым бөлігі осы жасына дейін порносайттарға кемінде бір рет кіріп көрген екен. Ал жасөспірімдердің жартысынан астамы ғаламторда тұрақты отыратын көрінеді. Көбінесе порнофотолар мен порнофильмдердің кейбір сайтарды ашқанда өздігінен «жылтыңдап», аяқ астынан шыға келіп, өздерінің жарнамасын жасап, өз сайттарына шақырып тұратынын ескерсек, еліміздегі ғаламторда тұрақты отыратын жасөспірімдердің тең жартысына порносайттардың жақсы таныс екенінің сырын ұғуға болатын секілді. Яғни ғаламторда тұрақты отыратын балаларды сол сайттардың өздері-ақ жетектеп өздеріне тартып әкетеді.
Жалпы қазақстандық ғаламтор қолданушылары порносайттар мен онлайн-казиноларға жиі кіреді екен. Балалардың желідегі әрекетін бақылау бойынша жаһандық зерттеуге сәйкес, елімізде жасөспірімдердің 66 пайызы бір рет болсын порносайттарға кіргісі келген, 51 пайызы осындай чаттарда отырады және тағы 30 пайызы онлайн түрде құмар ойындар ойнаған. Демек балапандарымыз ғаламторда жетіскен нәрсе үйреніп отырған жоқ, балаларымызды ғаламтор жақсы жағына тәрбиелеп жатқан жоқ деп сенімді айта аламыз.
Ал дүниежүзі бойынша ғаламтор өз қауіпін төндіріп тұрған қауіпті контентке Ресей тұрғындары жатады. Оларда жалпы халықтың 16 пайызы, Үндістан тұрғындарының 13,4 пайызы және Қазақстан 0,97 пайыз тұрғындары порносайттарға, құмар ойындарға кірген. Бірақ жағымсыз контентке кірген балалардың санына емес, сұранымның жиілігіне назар аудару керек. Балаларға зиянды категорияларға деген сұраныстың жиілігі арқылы қазақстандық жасөспірімдердің неге қызығатынын білуге болады. Балалардың көбі құмар ойындарға қызығады, орташа есеппен бір қолданушы жылына қауіпті контентті 121 рет іздейді екен. Бұл көрсеткіш әлем бойынша есептелген сұранымдардан алты есеге көп. Демек балаларымыздың қауіпті контентке деген сұранысы жоғары деуге болады. Сонымен қатар, Қазақстандағы балалар «ішімдік, темекі, есірткі» категориясындағы сайттарға қызығады екен. Бұл 107 сұранымға сәйкес келген. Олардың жаман әдет екенін біле тұра жасөспірімдердің оларға деген ықыласының жоғары екенін байқаймыз.
Сондай-ақ жастар тарапынан жасөспірімдер төбелесі, оқушылардың әлімжеттігі, сексуалдық күш көрсету секілді ғаламтордан көрген әрекеттерін өздері қайталауға деген ынтасының да жоғары екені байқалады. Мамандардың сөзіне сенсек, жасөспірімдердің әрбірі ғаламтордан көрген нәрсесін өздері қайталауға деген ынтасы зор болатын көрінеді. Бірақ жасөспірімдеріміздің «порно» категориясына деген қызығушылығы әлем бойынша көрсеткішке қарағанда аса жоғары емес екен. Дегенмен мамандар ғаламтор үйімізде тұрған қатерлі тәрбие құралы екенін ескерте отырып, балаларды ғаламтордан аулақ ұстау қажет екенін айтады.
Маргарита ӨСКЕМБАЕВА, психолог:
- Әсіресе өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер ғаламтордан өзіне жағымсыз ықпал ететін нәрселерге үйір. Соңғы кездері еліміздегі жасөспірімдерге ғаламтордың айтарлықтай ықпалы барын аңғарамыз. Әлемнің түкпір түкпіріндегі жастар бір бірін суицидтің түр-түріне, түрлі экстремаль ойындарға, нашаның, ішімдіктің дәмін бірге татып көруге, қолдан түрлі жарылғыш заттар дайындап, дәрілерді бір біріне қосып психотропты заттар, денені еліктіріп әкететін қолдан есірткілік заттар дайындауға үйретеді. Бұл жақсы нәрсе емес. Сондықтан балаларымызды ғаламтордың тәрбиесінен аулақ ұстауға тырысуымыз керек. Жалпы қазір көптеген елдер порносайттармен аяусыз күрес жүргізіп, басым бөлігін жауып та тастады. Сондықтан бізге де балалардың санасына қауіпті сайттарды түгелдей өшіру артықтық етпес еді. Бәрібір балалардың көрме деген нәрсені көрсем деген ықыласы жоғары болады. Сондықтан оларға көрме дегеннен гөрі, балалар тәрбиесіне қауіпті сайттарды жауып тастаған дұрысырақ.
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
Қазақстандық балалардың 70 пайызға жуығы порносайттардың тұрақты қолданушысы
Последние статьи автора