ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ НЕШЕ ЖАСҚА ДЕЙІН БОСАНА АЛАДЫ?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазіргі таңда босану жасындағы жолы жіңішке жандардың денсаулығы жайында ойланатын болдық. Әркім өзінің құдай қосқан қосағының нәрестені өмірге алып келгенше бар-жағдайын жасайтын болды. Олай етпесе, құрсаққа біткен шаранадан айрылып қалуың ғажап емес. Бұл күнделікті кездесетін көрініске айналды. Өйткені, екінің бірі сондай қиындықты басынан өткізіп жүр. Осыған қарамастан қазақтың келіншектері ұрпақ өрбітуге аянбай үлестерін қосып келеді. Кейде оған да шүкірлік дейміз. Дегенмен бұл мәселеге бей-жай қараудың реті келмес. Оның соңында ұрпақ тағдыры тұр. Әрбір шаңырақта шыр етіп нәресте өмірге келіп жатпаса, күні ертең не боларын бағамдау қиынға соға қоймас. Тұқымың тұздай құрып кетпесіне кім кепіл? Ертеңгі күнді ойласақ, ондай мәселеге бүгінгі күннен бас ауыртқанымыз артық емес. Осыдан 30-40 жылдай бұрын әрбір қазақтың шаңырағында алды 20, соңы 5-6 баладан болатын. Бір қызығы, сол кезде алтын құрсақты аналардың «ана жерім ауырып жүр, мына жерім ауырып жүр» дегенді ести қоймайтын едік. Тіпті, күнұзақ қара еңбектен бел жазбай жүріп-ақ, қаншама қарадомалаққа жарық дүние қызығын сыйлаған аналар аз ба? Ол кезде әрбір отбасында ең кем дегенде 3-4 баладан болушы еді. «Алаш айнасы» осы мәселені зерттеп көрген еді.
Тағы бір қызық жәйт – сол аналардың жасы ұлғайса да, сәби сүюге денсаулығы жарай беретін еді. Қазір жасы 40-тан асқан жолы жіңішке жандар нәрестені өмірге алып келіп жатса, соған шүкірлік айтатын болып алдық. Бұрынғы кезеңде әйелдердің бала көтеру қабілеті 45-50 жасқа дейін созылады екен. Кейде ол рекордты «жаңартып» тұратын ақжаулықты жандар да болған. Сүт кенжесін 55 жасында босанған аналар да бар. Олардың кейбірін көзіміз де көрді. Осындайда жолы жіңішке жандардың қанша жасқа дейін босану мүмкіндігі бар және қанша баланы дүниеге алып келе алады деген сауалдар төңірегінде ой келеді. Шынында, осы тұрғыда қаншалықты ойланып жүрміз?
Нәрестені 40-тан кейін босану қауіпті...
Осыдан екі жылдай бұрын қызылордалық Гауһар Әмірова елу жасты еңсерсе де, денсаулығы қалыпты шаранаға жарық дүние сыйлады. Ол кісі нәрестені өмірге алып келген еліміздегі ең жасы үлкен ана болуы әбден мүмкін. Дүниеге келген қыз баланың салмағы 3 400 грамм. Нәресте – Әміровтер отбасының оныншы перзенті. Осы күнге дейін Гауһар жеңгей құдай қосқан қосағы Марат екеуі тоғыз перзент сүйген. Олардың үлкен ұлы Оңғар орда бұзар отыз жасқа келсе, ең кішісі Нұртөренің өзі алты жастан асты. Алты жылдан кейін өмірге келген нәрестеге олар азан шақырып, Жәния деген есімді қойды. Ақ халатты мамандық иелері соңғы 20-30 жылдың шамасында облыста елу жастағы ананың баланы өмірге алып келуі алғаш рет тіркеліп отырғанын айтады. Бұл жағдай талайды таңғалдырды. Өйткені, бүгінгі таңда елімізде әйелдердің денсаулығы жөнінде әңгімелер айтылып келеді. Әсіресе, босану жасындағы нәзік жандылардың денсаулығы алаңдатып отырған жайы бар.
Бұл жағдай тек Қазақстанның емес, жұмыр жер бетіндегі барлық елдің жұртшылығын алаңдатып отырған жағдайы бар. Бүгінгі күні 50-55 жасты мүлдем ойламай-ақ қойыңыз. Жолы жіңішке жандардың жасы 40-тан асса, оған бала босану мүмкіндігі қиындап барады. Әлемнің дәрігер қауымы осы жағдайды сөз етіп, әйелдер денсаулығы жайында дабыл қағып, оған дүниежүзіндегі жұртшылықтың назарын аударып отыр. Осыған қарамастан әлемнің кейбір өнер жұлдыздары 40-қа келгенде «қылық» шығарып, сол бір кезеңде өмірге ұрпақ алып келуге «құлшыныс» жасап отыр. Жалпы алғанда, аталған жаста бала көтеру физикалық тұрғыдан алғанда өте қиын. Қазақстанда да бұл тұрғыда ойланатын жайлар жоқ емес. Жасы 40-қа келген әйелдер баланы өмірге алып келуге байланысты ойланғаны артық болмайды. Өйткені, ол ең алдымен өзінің өміріне қауіп төндіреді. Осыған орай қазақстандық дәрігерлер қай жаста да демографияға үлес қосу кеш емес екеніне қарсылық білдіре қоймағанымен, жолы жіңішке жандардың 35-40 жаста бала көтергені денсаулығына қауіп төндіретінін айтады. Сондай-ақ, алғашқы нәрестені 20-25 жас аралағында босану қажеттігін ескертіп жүр. Өйткені, дәрігерлер кейбір жағдайларда тұңғыш баласын өмірге алып келуге ниет жасаған 30 жастағы әйелдің өзін операцияның көмегімен босандырып алады.
Бұған басты себеп ретінде жолы жіңішке жандардың жыныс жасушалары ер азаматтармен салыстырғанда ертерек қартаятынын көлденең тартады. Ананың бала көтерген сәтінен бастап қалыптасатын хромосомолық аурулардың деніт аталмыш жастағы ақжаулықты жандардың басынан өтетінге ұқсайды. Медицина саласының мамандары жасы 30-ға келген жүкті әйелде Даун синдромы бар баланы босану қаупі аз болатынын айтады. Мұндай көріністер 300 жағдайдың тек біреуінде ғана кездеседі. Егер жасы 40-қа тақап қалған әйелдерде ол 70 адамның біреуінде кездесіп қалатын көрінеді. Сонымен қатар, біздің дәрігерлер бірқатар статистикалық деректерді көлденең тартып отырған жайы бар. Мәселен, 30 жасқа дейін созылмалы аурудың бірнеше түріне шалдыққан жолы жіңішке жандарға мүлдем бала көтеруге рұқсат етілмейді екен. Медицина саласының мамандары тұңғыш бала көтерудің ең қолайлы кезеңі ретінде 18-25 жас аралығын көрсетеді. Одан кейін бұл мүмкіндік төмендей бастайды. Тағы бір айтарлығы, 40 жаста бала көтерудің мүмкіндігі өте төмендеп кетеді.
69 баланы өмірге алып келген...
Әйел заты қанша балаға дейін өмірге алып келе алады? Бүгінгі күні дәрігерлер осы сауал төңірегінде ойланып-толғанып жүрген жайы бар. Шынында да, нәзік жандылар қанша балаға дейін босана алады? Осыдан 30-40 жылдай бұрын қазақ отбасысында 10-12 баласы барлар жетіп артылатын. Қазір солардың барлығы ер жетіп азамат болып, Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Тіпті, олардың арасында 20-24 балаға дейін босанған ақжаулықтылар да кездеседі. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін Ресей тұрғыны Федор Васильевтің екінші әйелі 69 бала өмірге алып келген екен. Орыс шаруасының екі әйелінен барлығы 87 баласы болған.
Жұмыр жердегі жұрт өз елдеріндегі көп балалы отбасылар жайында толығырақ мәлімет жинақтауға көңіл бөлген. Демография мәселесінде бұл жайдың маңызды роль атқаратынын ескерсек, біз де оны ескеруіміз тиіс. Өкінішке қарай, елдің арасынан 20 балаға дейін өмірге алып келген аналар жайында естіп-біліп жатамыз. Дегенмен оларды насихаттауға келгенде барлығы кемшін түсіп жатады. Осының салдарынан қазіргі таңда жастар арасында көп балалы болуға ынта білдірген жандар азайып бара жатқаны жасырын емес. Бар болғанның өзінде, оларды қолдауға келгенде кежегеміз кейін тартып жатады. Мәселен, Қызылорда қаласында тұратын Нәзира Сабырәлиева 26 жасында 7 баланың анасын атанған. Әйтсе де, ол сол шиеттей баласымен пәтер жалдап, көрінгеннің есігін жағалап жүрген жағдайы бар.
Бұл мәселелерге селсоқ көзқарас болмайды. Ертеңгі күнді ойласақ, осы тұрғыда ойлануымыз тиіс. Көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек мәселесін де жетілдіруіміз қажет-ақ. Сонда ғана біздің демографиялық дүмпуге жол ашылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста