Қарақұрт деген қап-қап ақша ...

©voxpopuli.kz фото

Шымқалада шіліңгір шілденің күні ми қайнатардай күйіп тұр. Сол себептен де болар улы жәндіктер бас көтеріп, одан уланғандардың саны былтырғыдан үш есеге өсіп кеткен. Әсіресе қарақұрт пен шаяндар «белсенділік» танытып тұр. Қаладағы орталық аурухананың токсикология бөлімінің мамандары: «Шаянның уына қарсы қолданылатын дәрі тапшы. Сол себептен де ауруды баяулататын дәрі-дәрмекті салып, науқастарды үйлеріне қайтарғаннан басқа амалымыз жоқ. Қарақұртқа қарсы қолданылатын дәрі жеткілікті. Науқастарға соны пайдаланып жатырмыз» дейді.Қара құрттың қып қызыл ақша екенін ұққан "Алаш айнасы" тілішісі мәселе көтерген еді.

Бүгінде токсикология бөлімінде 6 адам ем қабылдап жатыр. 5 жасар қызды желкесінен қарақұрт шағып алған. Оны әзер дегенде ажалдан арашалап қалудың сәті түсіпті. Көбіне бұрын егіс алқабы болған, кейіннен тұрғын үйлер салуға рұқсат берілген жаңадан салынып жатқан ықшамаудандардың тұрғындары зардап шегеді екен. Дәрігерлер тұрғындардың мұқият болуын қанша ескертсе де нәтиже жоқ. Көбі қарақұрт шаққаннан кейін оны мыжып өлтіріп, лақтырып тастайды екен. Негізі оны зертханаға жіберіп тексеріп соған қарап ем тағайындаса, жазылуы да тез болады дейді дәрігерлер. Бүгінде дәрігерлер қарақұрттың «заманауи» түрі шыққанына алаңдаулы. Қарақұрт шаққанан кейін 15 минуттан кейін оның ізі де қалмайды екен. Әрі белгілері де бұрынғы диагноздан басқарақ., зардап шегушінің бүйрегі ауырып не болмаса соқырішекке ұқсас болып ауырады екен. Ал Маңғыстау облысында қарақұрт шаққан 30 адам бірден ауруханаға түскен. Биыл еліміздің әр аймағында осы жорғалағыш жәндіктердің «бас көтеруі» жиілеп кетті... Бұрынғыдай емес, биыл қарақұрттардың тым көбейіп кеткені расында ойландыратын мәселе. Бір шаққанынан-ақ адамды арғы дүниеге аттандыруы мүмкін қарақұрттың пайдасын кәдеге жаратуға болады екен. Расында шақса сеспей қатыратын осы өрмекші тәріздес жәндіктің уынан аса бағалы дәрі-дәрмектер жасалады. Сол сияқты шаянның да шаш етектен пайда түсіретіні белгілі болып отыр. Австриялық дәрігер шаян мен қарақұртты баптап өсіріп, уын сатып бақуатты жандардың қатарына қосылғанын жалпақ әлемге жария етті.

Расында шаянның 1 грамм уы 11 мың долларға бағаланады екен. Осы қымбат тұратын жобаны елімізде неге қолға алмасқа? Еліміздің барлық аймақтарында шаян, қарақұрт көптеп кездеседі. Оларды ұстап, уын алу оңайға соқпас. Алайда оларды көбейтіп асырап бағып жемісін көруді жақсылап үйренуге болады-ақ. Шаян, қарақұрт өсіру мәселелері жөнінде нақты есептелген жоба, бағдарламалар бар болғанымен оны жүзеге асыруға келгенде көзді жұмып, білекті сыбанып шығатындар кем көрінеді. Себебі бұл жоба өте қымбат тұрады. Мамандардың есептеулерінше 5 мың өрмекшітәріздестерді ұстап, өсіруге арналған жобаны іске асыруға 50 мың доллар қаржы қажет екен. Оларды баптап, бағудың өзі де басын бәйгеге тіккенмен бірдей. Өйткені аса улы жәндіктерге абайлап қарамаса қауіптің кез келген жағдайда бас салары сөзсіз. Анығында қылыштың қырында жүргендей қауіпті тірлік. Дегенмен жобаны қолға алып іске асырса кеткен шығынды бір жылдың ішінде артығымен қайтарып алуға болады. Есептей беріңіз 5 мың шаян мен қарақұрттан жылына 50 грамм кептірілген у өндіріледі. Ал әр грамы 11 мың доллар болса ақшаның астында қалдым дей беріңіз. Бірақ қып-қызыл табыс түсетін саладан бағын сынап көретіндер әзірге табылмай тұр.

Ал бұл бизнес түрі шетелде жақсы жолға қойылған. Қарақұрт пен шаян бағып қағып байып кеткендер бар. Ірі қара малды семіртіп сатумен айналысатын ағайындардың арасында қарақұртты «аяғын жерге тигізбей» сатып алатындар жетерлік. Өйткені оны жеген мал әбден қоң жинап, тез семіреді. Атының өзі қорқынышты қарақұрттың пайдасы шаш етектен екен. Ерекше осы бизнес түріне ынта қоятындар табылар-ау. Дегенмен кәсіпкерлікті нәсіп етіп жүргендер қай іске ақша салардан бұрын оның қайтарымын ойлары сөзсіз. Бұл бизнестің бұлжымас заңы. Алайда жеті рет өлшеп, бір рет кескеннің де жөні бар. Оның уын алудың өзі де машақаты көп шаруа. Білікті маманы болмаса, анау мынаудың қолынан келе бермейді. Мамандарды шетелден шақырту шашетектен ақша шашуды қажет етеді. Сосын оны өткізетін орын керек. Елімізде қазір санағанда он саусаққа да толмайтын дәрі өндіретін өндіріс орындары бар. Шетелге өткізудің де сан алуан кедергісі толып жатыр. Ал егер елімізде қарақұрт пен шаянның уын сатып алып қажетіне жарататын өндіріс орындары болса, ойланбастан алақанға түкіріп кірісіп кететін шаруа.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста