Қандастар Қызылордаға қоныстанудан неге қашады?

Қандастар Қызылордаға қоныстанудан неге қашады?

Алыс-жақындағы қандас бауырлар атамекенге ат басын бұрғалы 20 жылға жуықтап қалыпты. Сынаптай сырғыған осы уақыт ішінде қаншама қазақ баласы туған жерге туын тігіп үлгерді. Оларға қандай қамқорлық көрсетіп жатырмыз? Әрине, бұл тұрғыда әрқалай пікірлер қылаң беріп қалып жүр. Рас, әлі де шешілмеген түйіндер бар. Осындай проблема Сыр өңірінде де кездеседі.

Қызылорда қаласының іргесіндегі Тасбөгет кен­тін­де оралмандарды уақытша бейімдеу орталығы жұ­мыс істейді. Дегенмен онда тұратын отбасыларға қо­лайсыз екені жиі айтылып жүр. Өйткені бұл ғи­марат өте ескі. Іргетасының қаланғанына 70 жыл­дан астам уақыт өткен. Алғашқыда онда балабақша бол­ған. Кейіннен оралмандарға арналған орталыққа ай­­­налған. Өкінішке қарай, онда өзге елден келген қан­­дас бауырларды жаңа ортаға бейімдеуге ешбір жағдай жоқ. Бұл орталықта 13 отбасы әрең сыйып отыр. Жалпы, мұндай орталықтың маңызы ерекше. Он­­да өзге елдің заң-зәкөнімен жүріп жүрген жұрт­шы­­лық жаңа өмірге бейімделеді. Алайда қазір атал­мыш орталықта ондай жағдай мүлдем жасалма­ған.
Департамент мамандарының айтуынша, еліміз­дің өзге өңірлерімен салыстырғанда, Сыр бойына қо­ныс тебуге құлықты қандастар саны аз екен. Со­н­дай-ақ облыста оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де өз деңгейінде емес. Арнайы кезек бойынша бар болғаны екі-үш шаңырақ қана бас­па­наға қол жеткізеді. Әрине, сырттан келген адам­дар­дың өз бетімен баспана салуға шамасы жоқ.

Салхадин МЫРЗАБЕКОВ, Қызылорда облыстық көші-қон департаментінің бастығы:
– Алдағы жылы «Нұрлы көш» бағ­дар­ламасы аясында кешенді жұмыстар қол­ға алынады деп жоспарланып отыр. Қа­зына қазанынан қаралған қаржыға об­лыс орталығының тап түбіндегі Ақсуат ел­ді мекенінен 100 гектар жер осы мақ­сат­та пайдаланылатын болады. Сол ау­мақта 500-ге жуық отбасына арналып тұр­ғын үй құрылысы басталады. Қала­ның бас жоспарына сәйкес, аталмыш ай­мақ облыс орталығындағы сәулетті жер­лердің бірі болады. Онда тұрмысқа қа­жетті барлық ғимараттар бой көтере­ді. Сондықтан өзге елден қандастар Қы­зылорданың көрнекті аймағына қоныс те­беді деуге негіз бар.

Көші-қон департаментіндегілердің ай­туы­на қарағанда, алдағы жылы оралман­дар­ға барлық жағдай жасалатын көрінеді. Алай­да бүгінгі таңда оралмандарды бейім­деу орталығын көрген оралманның көңілі күп­ті. Аймақтағы мұндай жағдайды естіген қандастарымыздың Сыр еліне көшіп келе­мін деген ниетінен айнып қалмасына кім ке­піл?
Сырға келген қандастардың көбісі қа­ла­да тұрғанды дұрыс көреді. Өйткені қала­да екі қолға бір жұмыс табуға болады. Алай­да қалада тұруға ниет еткен азаматтар үшін баспана жайы қиындық туғызады. Сон­дықтан осы күнге дейін Қызылорда об­лы­с­ына келген оралмандардың 80 пайызы қала маңында тұрақтапты. Дегенмен ауыл­дық жерлерде тұруды қалаған қан­дас­тарымыз да тіршілік көзін тауып жатыр. Мә­селен, облыстың оңтүстігінде қоныс тепкен Жаңақорған ауданы аумағына орын тепкен шеттен келген бауырлар көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Сондай-ақ жылыжай шаруашылығын дамытуға да көңіл бөліп жүргендер бар. Олардың ара­сында жоғары білімді жандар да жетерлік. Олар білім, денсаулық сақтау, ауыл шар­уашылығы салаларында қызмет етіп жүр. Жеке кәсіппен айналысатын қандастар да бар. Тек оларға жергілікті әкімдіктен азды-көп­ті қолғабыс жасалса болғаны.

Дерек
Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысына 20 мыңға тарта қандасымыз қоныс аударған екен. Оны отбасы санына шақсаңыз, 4000 түтіннен асады. Дария бойына келгендер қатарында Өзбекстаннан жеткен жұрттың қатары басым. Облыспен шекара бойлап жатқан елден 18 мыңнан астам адам келіпті. Сыр өңірінен кезінде кеткен адамдардың ұрпағы енді ағайын-туыстың ортасына қайта келуді дұрыс көрген. Сондай-ақ Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейден келіп жатқандар баршылық. Алыстағы Қытай мен Иран жерінен де аздаған отбасылар облысқа атбасын тіреп жатыр. Оған қоса, квотадан тыс, құрамында 2817 адамы бар 1049 отбасы келген.
Қашықтан келген қандастар проблемасы – өзекті тақырыптың бірі. Бұл бағытта елімізде қолға алынып жатқан игілікті істер аз емес. «Нұрлы көш» бағдарламасы осындай көптеген түйткілдің түйінін тарқатады деген сенімдеміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста