Қаламын қаруға айырбастаған майдангер

Мемлекеттік қауіпсіздік ор­ган­дарының құрметті қыз­меткері, отставкадағы полковник Шаймұ­хан Мұқанов – Ұлы Отан соғы­сының алғашқы күнінен аяғына дейін қатысқан адам. Бүгіндері Ас­тана қаласында тұрады. 19 жасында әскер қатарына алынып, өз еркімен алғы шепке сұранып жүріп, жалындаған жиырмасын­да рота командирі, кейінірек бата­льон командирі болған қазақ  жігіті жайлы айтар әңгіме, кейінгі ұрпаққа үлгі болар ерлік істері аз емес...

Бәрі де ап-анық есінде. 1941 жылдың 22-ші маусымы. Таңертеңгі 10 сағат шама­сында әскери курстың жеке құрамы оқу орнының алаңына тайлы-таяғымен сапқа тұрғызылды. Командир 6 сағат бұрын ғана фашистердің соғыс жарияла­мастан Кеңес Одағының шекарасына ба­сып кіргенін, басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысы­ның басталғанын мәлімдейді. Алғашқы кездері майданға Шаймұхан әскери техник ре­тінде араласады. «Мен бұзылған әскери тех­никаларды, пулемет, зеңбіректерді жөн­­­деу үшін алғы шепке жиі баратынмын. Сол кезде ешқандай қауіп-қатерден тай­сал­май, қолына қару ұстап, Отанын қорғап жүрген өзімен қатарлас өрімдей жас жігіт­терді көремін. Оларға қызығатынмын. Осы жағдай менің полк командиріне алғы шепке жіберу жөнінде рапорт жазуыма түрткі болды, – деп еске ала­ды Шаймұхан ақсақал. – Келесі күні мені командир өзіне шақырып былай деді: «Комиссармен бірге отырып сенің рапор­тың­мен таныстым, 3-ші батальонның пуле­мет­шілер ротасына ко­мандир етіп алғы шепке жіберуге шешім қабылдадық». Мен сенім білдіргені үшін алғысымды айта-айта қызметіме кірістім».
Шаймұхан Мұқанов сапында болған 177-ші атқыштар дивизиясы сол кездегі Ленинград қаласын қорғаған әскери құра­малардың ішіндегі ең жасы еді. Олардың жолындағының бәрін жайпап келе жатқан жауды Луга қорғанысында маңдайын тас­қа соққандай тоқтатып, 45 тәулік бойы ал­ға бірде-бір қадам бастырмай қойған ерлігін аңыз қып айтады қазірге дейін. Сол бір жарым ай ішінде басқыншылар 10 мыңнан астам офицерлері мен жауын­герлерінен, ондаған артиллериялық бата­рея­ларынан айырылып, атақты 8-ші танк дивизиясының күлі көкке ұшады. 45 күн ішіндегі шайқастың қаншалықты қиян-кескі болғанын айтуға осы сандардың өзі жеткілікті болса керек. Сол жанқиярлыққа толы айқастардың бел ортасында жиыр­маға да тола қоймаған өрімдей қазақ жігіті өміріне төнген қауіпке қарамай, өзінің күші мен тапқырлығын, батылдығын көрсете білді.
Қатарында қазақ жігіті Шаймұхан Мұ­қан­ов бар осы 177-ші атқыштар дивизия­сының ерлікке толы жолы Дубровка түбін­дегі қиян-кескі ұрыстарда, Погестье те­мір­­­­­­­жол стансасы маңындағы ормандар мен батпақтарда өткен шайқастарда, Лю­бань, Нарва қалаларын азат ету үшін шай­қастарда жалғасын тапты. Балтық жаға­лауында жаудың Курляндия тобына жата­тын 300 мың жауынгерін тас-талқан еткен де осы – 177-ші атқыштар дивизиясы болатын.
Шаймұхан аға, әсіресе, Ленинград қор­­шауы жайлы жиі еске алады. «Онда біздің жауынгерлерге аштыққа да, алапат аязға да, бақайшағына дейін қаруланған жауға да жан аямай қарсы тұруға тура кел­ді. Ленинградтың жұмысшыларына тәу­­лігіне – 250 грамнан, өзге тұрғындарға 125 грамнан қатқан нан берілетін. Осыған қара­май, олар да қаланы қорғауда күндіз-түні жұмыс істеді. Сақылдаған сары аяз 40-45 градусқа дейін жететін кейде. Жара­ланған жауынгерлердің медсанбатқа жете алмай жолда үсіп қалған кездері де болды. Осыған байланысты жолдарға медсанбатқа қанша метр қалғанын көрсететін тақтай­шалар орнатылды. Алдыңғы шептегі жа­уын­герлердің өзі тәулігіне екі тілім кеп­тірілген нан мен арпа немесе сұлыдан қай­­­­натылған сорпаны қанағат тұтатын. Бірақ аштық пен суық та жаумен шайқасуға кедергі болған жоқ. Біз ленин­град­тық­тар­дың аштық пен суықтан, бомба мен сна­ряд­тан қалай қырылып жатқанын өз көзімізбен көрдік. Ашыққан, қалжыраған адамдардың тіпті көшедегі мәйіттерді алып кетуге шамалары жоқ еді», – дейді ол еске алудың өзі аса ауыр болса да.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста