Қайыршының әңгімесі

Қайыршының әңгімесі

Жұма күні әдеттегідей мешітке бардым. Кіре берісте алақандарын жайып көзге үйреншікті қайыршылар отыр. Бұрынғыдай емес, олардың да қарасы көбейіп келе жатқан секілді. Есіктің қос қапталында екі қатар болып түзіліп қалыпты. Мешіт ауласында қол жайып отырған қайыршылар туралы әңгімемді сүйікті сайтым – «Алаш айнасына» жолдап отырмын.
Шеткерірек отырған орта жастағы әйелдің жүзі маған өте таныс. Беті сәл домбығып, тышқан көздері сұрамшақтана жылтырайды. Оның қасындағы алты-жеті айлық нәрестесін бауырына қысқан сыған тектес әйелді де жақсы білем. Әнеукүні дәл осы киімде, кеудесіне басқан сәбиімен «Жібек жолында» жолымды кес-кестеп, вокзалда түнеп жүргенін, пойызға ақшасы жетпейтінін айтып, тиын-тебен сұраған. Одан арғысы жалғыз маған ғана емес, дүйім Екібастұзға танымал-ау деймін. Мүгедек арбадағы отызды орталаған ақсары жігіт те қайда барсаң, алдыңнан шығады. Соңғы рет оны орталық базардың алдынан көріп, аз-маз ақша бергенім есімде. О, тоба! Орталықта сырнайлатып, музыканың сазды үнімен елді арбайтын жігіт ағасы да тұрақты мекенін осы жерден тапқан ба? Бірақ не істерсің? Алла тағала – барлық адамзат баласына ортақ. Пайда іздеген пендеге күнкөрісін қайда айырса да бәрібір емес пе?
Музыка демекші, жастарды желіктіріп, буын-буынын босататын әндер орындалса, сол дүңгіршектің жанында ирелеңдеп билеп, ел назарын өзіне аударатын маскүнем келіншекті қасиетті мекенде кездестірем деп кім ойлаған? Бірақ кейпі адам аярлықтай. Іштей «Қайтсін байғұс! Тәубасына келген болар»,-деп іле өзімді сабырға шақырдым. Ол да мені таныды ма, әлде жүзі шыдамады ма, көздерін тайдырып әкетті. Келесі қатардағылардың көшін жасы жетпісті еркін аралап кеткен әжей бастап отыр. Киім-киісі, маңғаз кейпі қайыршылардан гөрі базарда құрт, айран-сүт сататын бәйбішеге көбірек келеді. «Айраныңыздың дәмі қышқылтым», деп ескерту жасағандарға, «бағасын түсіргенше, үйге апарып малға бергенім артық»,-деп бет қаратпайды екен. Алдында айран-сүті жоқ демесе, мына әжей сол кісіден аумайды-ау аумайды. Түрінде жалыныштан гөрі «Ақша бермесеңдер, аулақ жүріңдер, Алла күнімді сендерге қаратпасын», деген өктемдік басым.
Жұпыны киінген қара торы әжені осы жердің тұрақты «тұрғыны» десе болады. Қай жұмада келсең де, осы жерден табылады. Өзгелердей табыс көзін іздеп, көше, базар аралап кеткен емес. Тұрақтылығынан ба, жоқ әлде тиын-тебен тастағандарға келістіріп бата бере білгендігінен бе, қайыр-садақа тастаушылардың осы әжеге деген ықыласы да ерекше.
Қайыршыларды күн сайын кім түгендеген. Кейде садақа таратқанда, бәріне бірдей жетпегенде, қайсыбірі көзімен айыптағанда, сағың сынып, еріксіз жер шұқисың.
Бұл жолы кәдімгідей еркінмін. Оразада тілегім қабыл болсын деп, ақшаны қалтаға молырақ бастым. Сырттағы қайыршыларға ақшаны аямай үлестіріп келемін. Киімі жүдеу, өңі сынық әйелге 50 теңгелікті ұсына беріп ем, қолымды қағып жіберді. Мен басымды шалт көтердім.
-Сізді мұндағылар тілші дейді. Сол рас па?-деді жүзіме сынай қарап.
-Болсақ болармыз,-дедім мен оның әлгі әрекетіне ренжіп.
-Ақшаңның керегі жоқ. Шер тарқатсам деп едім. Бүгін түнде пойызбен алысқа сапар шегемін. Қайтып оралар-оралмасым белгісіз. Басымнан өткен оқиғаны баяндайын. Жазып ал. Түбі бір қажетіңізге жарар,-деп айнып кете ме дегендей, мені оңашалау жерге бастады.
Екеуіміз таяу жердегі аялдаманың орындағына жайғастық. Ол әңгіме тиегін ағытты.
-Менің есімім – Ұлболсын. Үш қыздан соң дүниеге келіппін. Ұлды зарыға күтіп, қызға көңілдері толмағаны үшін ата-анам Алланың кәріне ұшырады ма, алдымдағы үш әпкем ерте қайтыс болды. Үлкен әпкем аттан құлап, жазым болса, екінші әпкем астан уланды. Үшінші әпкем ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмды. Қайғы-қасіретке оранған отбасымыздан ертелі-кеш сай-сүйегіңді сырқырататын жоқтау үні үзілмейтін. Менің жасым елуге аяқ басты. Осы уақытқа дейін ән салып, көңіл көтермеппін. «Ұлболсын, ән айтшы» деп қолқаласа, миымның түкпірінде жоқтаудың зарлы үні бебеулейді. Ойнақы, көңіл әндердің өзі менің орындауымда жоқтауға айналып шыға келеді. Қайғыдан белі бүгілген әке-шешем өмірдің сынына төтеп бере алмады. Араларына екі-үш жылдан салып, бірінен соң бірі мәңгілік сапарға аттанды.
Қаралы үй дүние-мүлкімен менің иелігімде қалды. Маңдайының соры бес елі мен пақырдың үйіне қызықты ма, жоқ әлде басқа себебі бар ма, қаладағы қуаяқтың бірімен бас қостым. Бірер ай өткенде, жүзі жабығыңқы, қабағы бір ашылмайтын менің кейпімнен шаршады-ау деймін, күндердің күнінде күйеусымағым маған ескертпестен жөнін тапты.
Мұнан да ауыр кезеңді бастан өткергендіктен бе, жарымның опасыздығы соншалықты жанымды жабырқатпады. Дәтке қуат етерлігі, «жалғыз емессің» дегендей, құрсағымда бес айлық шарана бүлкілдеп жатты.
Тоғыз ай, тоғыз күн толғанда, түнек басқан өмірімді нұрландырып, жарық дүниеге шекесі торсықтай ұл бала келді. Сол кезде бақыттан жүзім бал-бұл жанып, рахат сезімге бөлендім.
Қылығы балдай тәтті ұлымның қызығына тоймайтынмын. Өмірім де басқа арнаға бұрылды. Таныстарымның сөзіне сенсем, бұрынғы кейпімнен із де қалмапты. Уақыт бір орнында тұрған ба? Көп ұзамай менің бүлдіршінім де мектеп табалдырығын аттады. Ана ретінде оған толыққанды білім беруге тырыстым. ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар дәуірі деген қағиданы берік ұстанып, математика мен ағылшын тілі пәніне ерекше ден қойдым. Баламның мектептегі аяқ алысын үнемі назарда ұстадым. Еңбекқорлық, табандылық қашанда жетістікке жеткізеді емес пе. Менің ұлым да мектепті үздік бітіріп, институтқа еш қиналмастан түсті. Білімнің негізі мектепте мықты қаланғандықтан жоғары оқу орнын ойдағыдай тәмамдады. Біздің қоғамда білімді адам қашанда қадір-құрметке ие. Қызыл дипломды маманды жетекші банктердің бірі ат-түйедей қалап, қызмет ұсынды. Алғашқыда менеджер болып орналасқан ол көп ұзамай қызмет сатысымен жоғары көтеріліп, бөлім бастығының орынтағына отырды.
Таныстарымыздың арасында: «Сендердің бастарыңа бақыт құсы қонды» деп қызығатындар да, күндейтіндер де табылды. Сырт қарағанда, біздің өміріміз жарқын көрінетін. Ұлымның астында - шетелдік су жаңа машина. Ішкеніміз – алдымызда, ішпегеніміз – артымызда. Ұлым «өзім асыраймын» деген соң жұмысқа да орналаспадым. Алайда елге білдірмесем де, менің ішімді жегідей жеген уайым тыным таптырмады. Ол – ұлымның шектен тыс ақшақұмарлығы. Екінің бірі қолы жетпейтін жағдайда өмір сүрсек те, лас тірлікпен айналысты. Ол менеджер болғандықтан несие тарихы дұрыс емес, яғни жолы жабылғандарға несие рәсімдейтін. Ол мұның бәрін заңды айналып өтіп келістіретін. Бірде мен Ұлттық банк басшысының телеарнадан: «банктердің несиеге берген ақшаларын қайтаруы қиындады. Бүгінде банк алдындағы қарыз пәленбай соманы құрады», дегенін естіп, қатты қобалжыдым. «Менеджерлердің заңсыз несие ресімдеуі – заңсыздық. Біздің мемлекет енді аяғынан тұрып келеді. Үкімет ақшасын талан-таражға салғандар түбі жазасын тартады»,- деп ұлымды жөнге салғым келді. Бірақ бәрі кеш еді. Менің ұлымның ақшаға құныққаны соншалықты, ол өмірдің мәні ақшаға байланған деген түсінігінен қайтпады.
Ақыры, не керек, желмен келген ақша бізге жақпады. Әлдекімдердің көрсетуімен ұлым және оның сыбайластары қылмыс үстінде құрықталды.
Оның дүние-мүлкі тәркіленіп, жеке есепшотына тұсау салынды. Барды қанағат тұтқан мен қосымша қаржы жинауды да ескермеппін.Біздің меншігімізде сол баяғы «жыртық лашығымыз» қалды. Ақшадан тарықсақ та, әке-шешемнің көзіндей болған баспананы сатуға қимадым. Шешемнің жамағайын сіңлісін уақытша тұруға кіргіздім. Мешітке келгендегі ойым – ата-анамның аруағына құран бағыштап, ұлымның күнәсі үшін кешірім сұрау. Ұлым қамауға алынғалы мені «баламның тәрбиесінде қай жерден қателік жібердім?» деген сауал тыным таптырмайтын болды.
-Сіз қалай ойлайсыз, мен қай жерден сүріндім?-деді мұңлы көзін аударып.
Мен жауап таба алмадым. Жан-дүниесі мөлдір, жүрегі жұмсақ ананы қалай жұбатарымды, қандай кеңес берерімді білмей ауыр күрсіндім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста