Өз еліңнің қадірін өзге елде жүргенде ерекше сезінеді екенсің

Өз еліңнің қадірін өзге елде жүргенде ерекше  сезінеді екенсің

Алтай КӨЛГІНОВ, AMG холдинг бас директорының орынбасары, ҚР Президенті «Болашақ» бағдарламасының түлегі:

– Алтай мырза, мемлекетіміз жеке ел болып отау тіккелі ерекше мән беріп отырған саланың бірі білім беру саласы десек қателеспейміз. Осы негізде Елбасының өзі бас болып «Болашақ» білім беру бағдарламасы дүниеге келді. Осы «Болашақ» бағдарламасы өз миссиясын қалай атқарып жатыр деп ойлайсыз?
– Елбасының «Болашақ» білім беру бағдарламасы – ТМД елдері түгілі, Батыс елдерінің көбінде жоқ әрі мемлекет қаржыландырып отырған теңдесі жоқ жоба. Жасыратыны жоқ, бүгінге дейін біздің экономика шетелдік инвесторларға жұмыс істеді. Ел экономикасын көтеру жолында солар жетекшілік жасады да, отандық мамандар тек қосымша рөл атқарды. Сондықтан өз деңгейімізді көтеру үшін білікті мамандардың қажеттігі туындады. Кезінде Елбасы отандық мамандар жұмыс істеуі керек деп айтты ғой. Осылайша Елбасының бастамасымен «Болашақ» білім беру жобасы пайда болды. Содан бері 16 жыл болып қалыпты. «Болашақ» түлектері әр салада жемісті қызмет етіп, кез келген шетелдік мамандармен тең дәрежеде келе жатыр.
– Енді бітіріп келген  түлектерге  қарай ауыссақ. Жалпы, «болашақтықтар» өздеріне жүктелген міндетті қалай атқарып келеді? Жаһанды шайқалтқан дағдарыс уақытында ел мүддесі үшін не істеп жатыр?
– Отандық өндіріске білікті мамандар мен халықаралық стандарттарға сай білім және техникалық жаңалық керек деген талап қойды. Талай-талай білікті мамандар дайындалып, шыңдалды қазір. Олар мемлекеттік қызметте, жеке секторларда, ұлттық компанияларда жұмыс істеп жатыр. Тіптен өз бизнесі, жеке компаниялары бар түлектер де жетерлік. Оған қоса шетелдегі атақты университеттердің дәстүрі қандай, білім беру жүйесі қандай, соларды меңгеру дегендей. Әлемдегі озық мемлекеттер қалай жұмыс істеп жатыр, күрделі мәселелердің шешімін қалай тауып жатыр? Экономикада болсын, заң саласында болсын, мемлекеттік басқаруда болсын, сондай-ақ ұлттық компанияларда қандай әдіс-тәсілдер қолданып жатыр? Методология, инвесторлармен жұмыс істеу, инвестиция тарту секілді дүниелерді үйреніп, елімізге әкеліп жұмыс істеп жатырмыз.
Әлемдік қаржы дағдарысымен күресте де «Болашақ» түлектерінің атқарар рөлі зор. Олар шетелдегі экономикалық жүйені жақсы біледі. Өз көздерімен шет жағасын болса да көрді ғой. Оның үстіне бітіріп келгендердің біразы жоғары лауазымдық қызметтер атқарып жүр. Аянбай тер төгіп жатқанын өзім байқап отырамын.
– Қазақ елі, қандай дағдарыс болсын, әзір көштен қалмай келеді. Дегенмен мұнай-газға арқа сүйеп отыра берудің тиімсіз екенін мамандар жиі айта бастады. «Болашақ» түлектері бізді шикізатқа тәуелділіктен қалай алып шығуы мүмкін?
– Дұрыс айтасыз, біз мұнай-газымызбен көпке бара алмаймыз. Технологиялар уақыт өткен сайын қарыштап дамып келеді. Біздің соған ілесе білуіміз керек. Тек қазба байлықтарымызға арқа сүйесек, өзгелерге тәуелді болып қаламыз. Бұл салада мемлекет те біраз шаралар жасап жатыр. Алдымен өзімізге қажетті ерекше бір дүние шығаруымыз керек. Инновация деп жатырмыз. Осы тұрғыда жұмыстар атқарылып, біраз жобалар қолға алынып жатыр. Осының ішінде «болшақтықтар» да атсалысу үстінде. Мысалы, олар үлкен-үлкен инвестициялық жобаларға қатыса бастады. Осындай мақсатта «Болашақ қауымдастығы» атынан бірнеше ғылыми журнал шығарылып жатыр. Ол журналда аса маңызды ғылыми жаңалықтарға толы мақалалар жарияланады. Жас мамандар сарапшылармен ой бөлісіп, отандық  өндіріс үшін қандай жаңалық алып келуге болады деп пікір алмасу үстінде. Сонымен қатар медицина саласындағы жетістіктеріміз де аз емес. Олардың арасында білікті кардио-хирургтер бар екенін айта кеткім келеді. Дмитрий Горбунов секілді жүзден астам аса күрделі операциялар жасаған білікті дәрігер – осы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған маман. Балалардың жүрегіне операция жасайды. Мұнай-газ, инженерия саласындағы мамандарымыз осы мақсатта еңбек етіп жатыр. Осылайша, заманауи жаңа технологияларды үйреніп келіп жатқан «Болашақ» стипендиясының түлектері еліміздің шикізатқа тәуелділіктен шығуына да көп үлес қоса алады.
– Шетелге оқу үшін емес, жай қара басының қамы, ермек үшін барып жататындар туралы не айтасыз?
– Олар алдымен мемлекет қаржысымен оқуға кетіп бара жатыр. Сол себепті  бекер уақыт өткізуге болмайды. Егер ішінара «Болашақ» бағдарламасын пайдаланып, шетелге тек ермек үшін ғана барғандар болса, оларға осылай ескерту айтар едім. Дегенмен көбі өз міндеті мен алған жауапкершілігіне жақсы қарай білді. Тоқсан сайын емтихан тапсыру керек. Оның бәрі шет тілінде, өзіңізден басқа ешкім жәрдем бере алмайды.
– Былтырдан бастап «Болашақ» білім беру бағдарламасы ауыл жастарына бет бұра бастады емес пе?
– Бұл – өте пайдалы әрі уақытында қабылданған шара. Оларды әр салаға баулитын мамандар да жеткіліксіз. Тіл үйренуіне де қиын. Интернет желісі жетіспейді дегендей. Салыстырмалы түрде айтқанда, қала жастары мен ауыл жастарының мүмкіншіліктері – жер мен көктей. Сондықтан ауыл жастарына қазір жеңілдіктер жасала бастады. Мысалы, шет тілін білуге қала жастарына қатты талап қойылса, ауыл жастарына біршама жеңілдіктер бар. Мемлекет алдымен оларды тіл курстарына даярлайды. Сосын барып мамандық бойынша оқуға жібереді. Оларға қойылатын негізгі шарт – ауылдық жерден арнайы квотамен оқуға аттанған жас міндетті түрде сол келген аумағында қызмет етуі керек.

ОҚШАУ ОЙ
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, өз еліңнің қадірін өзге елде жүргенде бұрынғыдан да тереңірек түсінеді екен адам. Шетелде жүріп өз еліңді, өз тіліңді ерекше аңсайсың. Жүрегің өзінен-өзі «қазақ» деп соғып тұрады. Сол сезім әрбір адамның жүрегінде болса деп ойлаймын. Дегенмен көптеген жас буынның бойынан отансүйгіштік, патриоттық сезімдер байқалмай жатады. Алайда көпке топырақ шашуға тағы болмайды. Қалай болғанда да, мәдениетімізді, дәстүрімізді болашаққа алып өтетін алтын көпір – осы жастар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста