Отыз мың қазақтың сағынышы жайлы кітап

Отыз мың қазақтың сағынышы жайлы кітап

Елден жырақ жүрсе де, еш хабарын үзбей, үнемі рухани байланыста жүретін қандастарымыз бар. Солардың бірі – «Алаш айнасы» ашылғалы бері газетімізге өз үлесін қосып, шекара сыртындағы жағдайдан ақпар беріп отыратын мәскеулік ақын Жарқын Өтешова. Таяуда ол кісі өзінің жаңа жыр жинағын шығарды. Ертең сағат 16.00-де Жазушылар одағында «Мәскеу – өмір-өзен» деп аталатын автордың жаңа кітабының тұсаукесері болмақ. Соның қарсаңында біз ақын апамызды сөзге тартқан едік.

– Елден жырақ кеткеніңізге қанша жыл болды? Бұл содан бергі тұңғыш туындыңыз ба?
– Негізі, өзім Жамбыл облысы Сарысу ауданында туып-өскенмін. Алматыдағы бұрынғы ҚазПИ, қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің химия-биология факультетін бітірдім. Жолдасым мен өзімнің оқу, қызмет жағдайларымызға байланысты Мәскеуге кеткенімізге де 24 жылдың жүзі болды. Балаларымыз сонда туып-өсіп, жоғары оқу орындарын бітіріп жатыр. Бір баламыз осы Алматыда.
Бұл – менің Мәскеуде тұрып жатқан 24 жыл бойына шығарған төртінші кітабым. Таралымы – 500. Оның үшеуі өлеңдер жинағы болса, біреуі – сондағы «Қазақ тілі» қоғамы турасында очерк түрінде жазылған кітап. Енді өзімнің мақалаларым мен түрлі басылымдарға берген сұхбаттарым да бір жинаққа жетіп қалды. Ал осы жинағымды мен енемнің рухына арнап отырмын.
Кітап менің Мәскеудегі өмірімнен сыр шертеді. Сондай-ақ ондағы қазақтардың, қазақ тілінің жағдайы, бүгінгі ұрпақтың өз ана тілін ұмытып бара жатқандығын жырларыма тиек еттім. Мәселен, «Бабам кім?» деген өлең бар. Оған себеп болған – Мәскеудегі өзінің тегін білмейтін, жеті атасын сұрағанда, өз атасынан арыға аса алмайтын қазақ бауырларымыз. Соларға қарап, көңілім құлазып, ұлтымыздың болашағына алаңдаймын. Себебі Ресейде тек қазақтар ғана емес, өзге ұлт өкілдерін тегіс орыстандыру саясатын мықтап қолға алып, мектептерді жауып тастаған. Сондықтан өз әліпбиімен сусындай алмаған бала қалай өзінің ұлттық болмысын сақтап қалсын?!. Жылына бір рет «Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім» деген олимпиадаға осында келіп, қатысып тұрамыз. Өзім оқушыларды алып келемін. Сол кезде ғана олар өз елінің ауасын жұтып, топырағын басып, жұртымен қауышып, қандас бауырларының құшағын сезеді. Дегенмен жылына бір-ақ рет болатын мұндай шара жеткіліксіз екені түсінікті.
Мәскеуде 1940-50 жылдан бері өмір сүріп келе жатқан қазақтың қарияларының елге деген сағынышы да мені бейжай қалдырмады. Олардың елге қайтқысы келеді, бірақ қайтайын десе, ұрпағының бәрі сонда туып-өсіп, сол жақпен біте қайнасып кеткен. Шарасыздықтарын әрегідік елге келгенде, көз жастарымен шайып кетеді. Міне, сол көңіл күй, сан кеуделердегі сағыныштар, туған жерден әр аттанғандағы қимастық – барлығы менің жаныма жыр ұялатты.
– Қандастарымыздың ұлтының тілін ұмытса да, бойларында қазақы мінез сақталған ба?
 – Әрине, әсіресе қазақтың аңқылдақ, ақкөңілділігі, дарқан пейілдігі жақсы сақталған. Менің осы кітабымды шығаруға көмектескен де – сол қазақтың «Атымтай жомарт» жігіттері. Таяқтың екі ұшының болатыны белгілі ғой, тіпті қазаққа тән кертартпалық та кездесіп қалады. Өзі сонда жүрген ат төбеліндей ғана қазақ бола тұра, алауыздық танытып, бірікпейтіндері де бар. Менің оларға күйініп жазған өлеңдерім де бар.
– Мәскеуде қанша қазақ тұрып жатыр, нақты санын айта аласыз ба?
– Білуімше, 30 мыңдай қазақ бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста