Отбасы құндылықтары және гендерлік тепе-теңдік мәселелері сөз болды

Бүгінгі ақпараттық қоғамда технократтық принциптер алға озып, рухани әлем проблемалары назардан тыс қалып жататыны жасырыцн емес. Десек те, өзінің кемел келешегіне алаңдайтын ел ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық дүниелерді алға қоятыны рас. Бұл ретте, қазіргі Қазақстанда ұлттық патриоттық тәрбие, отбасылық институттарды дамыту, ана мен бала проблемаларына көңіл бөлу сияқты бірқатар мәселелер күн тәртібіне қойылып отыр. Аталған бағыт бойынша бүгінгі күні еліміздің әр аймағында мемлекеттік құрылымдармен қоса қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер де жүйелі жұмыс істеуде.
Осы орайда жуырда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Отбасы құндылықтары және гендерлік тепе-теңдік мәселелері» атты арнайы семинар болып өтті. Негізінен Алматы қаласы, Медеу ауданы әкімшілігі ұйыдастырған шараға аудан әкімінің орынбасары Данагүл Айнақұлова, КазМУ-дің професоры Ләйла Ахметова, және басқа да елімізге еңбек сіңіріп жүрген іскер әйелдер қауымы, оқу орындарының оқытушылары, студенттері қатысты.


Кездесу барысында әртүрлі бағыттағы мемлекеттік гендерлік тепе-теңдіктің стратегиялық бағыттары сөз болды. Сондай-ақ әйел адамның қоғамдағы алатын орны мен рөлі және интеллектуалдық әлеуетін күшейту сияқты маңызды мәселе де назардан тыс қалмады. Семинарда отбасылық құндылықтың өсу өрісі мен кәсіптік әрі әлеуметтік қоғамдағы өмірі де сарапқа салынды. Жиын барысында «Қазақстанның гендерлік тарихы» атты баяндама жасалып, талқылаулар өтті.
Семинарға қатысушылардың айтуынша қазіргі қоғамда әйелдердің белсенділігі артуда. Оны социологиялық талдаулар нәтижелері де көрсетіп отыр. Шыныда да, қарап отырсақ, бүгінгі қазақ әйелі қоғамдық және саяси өмірге белсене атсалысатындарының арқасында рухани күш-қуатымен, интеллектуалдық әлеуетімен еліміздің көшбасшылық және жаңашылдық тұрғысынан дамуына үлкен ықпалын тигізіп келе жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Әйтсе де, ұлтымызға тән бір ерекшелік, басты көшті ер азамат бастайтынын естен шығармағанымыз жөн. Сондықтан да, кейбір әлеуметтанушы мамандар, қазақ қоғамындағы гендерлік саясат барынша ұлттық менталитетке негізделуі тиіс деген тұжырым айтады.
Ал, Сіз бұған не дейсіз?
Суреттерді түсірген М.Ботабеков

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста