Оңтүстік үрей құшағында отыр

Оңтүстік үрей құшағында отыр

Өкінішке қарай, генерал Серімжан Досымов бас­таған оңтүстіктің тәртіп сақшылары тәртіптің тізгінін берік ұстай алмай отыр. Сол себепті де жер­гілікті тұрғындар үрей құшағына қамалуға мәжбүр. Бұлай деуімізге себеп жоқ емес.
Жыл басынан бергі он айда облыс ау­ма­ғында 8913 қылмыстың тіркелуі осы сөзі­мізге әбден дәлел бола алады. Өткен жылдың дәл осы мерзімінде тіркелген 7520 қылмыстың орын алғандығы сол кезде жаға ұстатқан жайт еді. Бір жылдың өзінде қылмыстың 18,5 пайызға артқаны тәртіп сақшыларының қаншалықты «қыра­ғы» екендігінің көрсеткіші бола алса керек. Ол аз десеңіз, облыс бойынша есеп­тен жасырылған тағы 364 қылмысты қосып қойыңыз. Демек, осынша азамат­тың, осынша отбасы мүшесінің кон­сти­ту­ция­лық құқығы аяққа аяусыз тапталды деген сөз. Былтыр бұл көрсеткіш 216-ға жеткен екен. «Жығылған үстіне жұдырық» демек­ші, қылмыстың саны артып жатқанда, ашылу пайызы, керісінше, былтырғы 67,6-дан 66 пайызға төмендеді, яғни нашар­ла­ды.
Жұмажан ҚҰЛМАХАНБЕТ, Бас проку­ра­ту­раның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ОҚО бойын­ша басқарма бастығы:
– Облыс бойынша Түркістан қаласы мен Түлкібас, Сайрам аудандарында ға­на қылмыс саны төмендеген. Қалған аудан, қалалардың барлығында қыл­мыстық ахуал күрделене түсіпті. Көш басындағы Арыс қаласында тіркелген қылмыс саны 44 пайызға дейін көте­ріл­ген. Одан кейінгі орындарда – Шым­кент қаласындағы Әл-Фараби ауданы (43 %), Бәйдібек (40,9%), Төлеби (36,7%), Шардара (34,1%), Қазығұрт (22,8%), Отырар (20,0%) аудандары келеді. Өткен жылға қарағанда аса ауыр қылмыстар, денсаулыққа қаса­қа­на ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, қастандықпен зорлау, бұзақылық, ұрлық секілді қылмыс түрлері артып кеткен.
Міне, бұл көрсеткіштер кім-кімді болса да, тағы да қайталап айтамыз, үрей құша­ғында қалдырары сөзсіз. Ал жасалған қыл­мыстың санына үңілер болсақ, әдет­те­гі­дей, Шымкент қаласы алдына жан салар емес. Орын алған 8913 қылмыстың 4723-і, яғни тең жартысынан астамы облыс орталығында тіркелген. Әлгі есептен жасырылған 364 қылмыстың 189-ы – Шымкенттің «үлесінде». Әсіресе, қала аумағындағы Әл-Фараби ауданындағы ахуал күрделі: тіркелген қылмыс саны – 2126 (өткен жылы 1487 болған), жасы­рыл­ған қылмыс саны – 105, (былтыр – 29). Есептен жасырылған қылмыстың мұн­шалықты күрт көтерілуіне не себеп болды екен? Осындай көрсеткіштен кейін Әл-Фараби ауданы ішкі істер басқар­ма­сының бастығы Бекежан Қыдырбаев қызметін қалайша жалғастыра бермек? Қылмыс санының өсуі (43%), қастан­дық­пен зорлау (120%), бөтеннің мүлкін ұрлау (118,4%), бұзақылық (61,1%), қарақ­шы­лық (24,1%), тонау (18,5%) секілді қыл­мыс түрлері артып кеткен ауданда қыл­мыс­­тың ашылу деңгейі де көңіл көн­шіт­­пейді.
Сандарды сөйлете отырып байқа­ға­нымыз, облыс тұрғындарын сан соқтырып жүрген қылмыстың бірі ұрлық болып отыр екен. Малымен жан бағып отырған азаматтары көп Отырар, Ордабасы, Төлеби аудан­дары мен Түркістан қаласының тұр­ғын­дары қора-қопсыларын мықтап жауып алмаса, мал ұрлығы күннен-күнге артып барады. Отырар мен Ордабасы аудан­дарында бұл қылмыстың өсуі үш еседен де жоғарыласа, шымкенттіктерді пәтер мен көлік ұрлығы титықтатып бітіпті. Мәселен, өткен жылдың алғашқы он айында қалада 322 пәтерге ұры түссе, биыл осы мерзімде суыққолдылар 588 пәтерді үптеп кетіп, көрсеткіш 82,6 пайызға дейін артқан. Өкінішке қарай, биылғы пәтер ұрлығының 45,5 пайызы ғана ашылып, 312 пәтердің шақырылмаған қонағы атанғандар әлі де бостандықта сайрандап жүр. Демек, алда­ғы жылы пәтер ұрылары кәнігі ұрыға айна­лып, «кәсібін» биылғыдан да күшейтіп жат­са, таңғалмаңыз. Өйткені жолы кесіл­меген, жазаны сезінбеген олар бүгінгі жа­са­ған қылмысын ертең екі есеге дейін асыруы әбден мүмкін. Көлік ұрлығы да Шымқалада шарықтау жегіне жетіп қалды. Өткен жылғымен салыстырғанда, биыл бұл көрсеткіш 102,7 пайызға артып кетіпті. Бір жыл бұрын қолды болған 37 көліктің 16-сы ғана егесіне қайтарылса, ұрылардың биылғы олжасына айналған 75 темір тұл­пар­дың 52-сінен жылт еткен хабар болмай тұр. Осындай көріністен, көрсеткіштен кейін полицияға деген халықтың сенімі ар­та түседі ме, әлде, керісінше, кеми ме? Мұ­ның жауабын айтуды мәртебелі оқыр­ман­ның өздеріне қалдырғанды жөн көрдік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста