Өндіріске адам өлем деп бармайды

Өндіріске адам өлем деп бармайды

Өндірісте жүріп өлім құшу я мертігудің кемитін түрі жоқ. Ресми деректер бұл жаманат жағдай азайды десе де, өндірістегі оқиға басқаша сөйлейді. Әсіресе қазір қарқынды жүріп жатқан құрылыста адамның майып болуы туралы ақпар жиі тарайды. Төтенше жағдайлар қызме­тінің дерегіне сүйенсек, олардың жас шамасы – 20 мен 30-дың арасы. Өңшең жастар. Еңбек қауіпсіздігін керек қылмайтын жауап­сыз жұмыс берушілер тыйыл­майынша, бұл қайғылы оқи­ға да сиреуі неғайбіл.
Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы жазайтым өндірістік оқиғаларды жіпке тізбей-ақ, Астанадағы ахуалдың өзі – сөзіміздің жаны бар екенінің айғағы. Тамыздың басында Астана қаласы­ның ТЖД биылғы жылдың жеті айын­да 69 төтенше жағдайдың тір­кел­генін жария етті. Оның 42 жағдайында биіктен құлау болса, алтауы құрылыс және өнеркәсіптік нысандардағы электржарақатын алу. Құрылыста 13 адам көз жұмса, ал 58 адам дәрігерге жүгініпті. Департамент таратқан мәліметтер құрылыс сала­сында құлау салдарынан жастардың көз жұмуы көптеп кездесіп отырғанын айтады.
Астана қаласының сақтандыру компанияларының дерегінше, бүгінде өндірістегі ең қауіпті маман­дықтар қатарында осы құрылыс­шылар да алдыңғы орында тұр. Оның алдында тау-кен жұмысшылары, қыз­мет көрсету саласының және те­мір­жол жұмысшылары бар. Бұлар бүгінгі таңда ең қатерлі жарақат алу мүмкіндігі зор мамандықтар. Ал бұ­лардың «алдыңғы» қатарға шығуы­ның төркінінде сол қызмет беретін жұмыс берушінің жауапты­лығы жатыр.
Халықаралық еңбек ұйымы жыл сайын 270 млн адам өндірісте жара­қат алса, 160 млн адам кәсіби ауруға ұшырайды дейді. Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақ­станда 20 жыл ішінде өндірістік жарақат алу үш есеге кеміді. Есесіне, кәсіби аурулар деңгейі жоғары деседі. Шынымен, солай ма?
Өндірістердегі жазатайым оқиға­ның ақ-қарасы ажыратылады дегенге ел қазір сенуден қалған. Өйт­кені өн­діріс иелері көбіне-көп жұмысшының өзін кінәлі етіп шығарады. Немесе деректердің аздығынан ашылмай қалады. Ал жапа шеккендер осы аралықта 18 мың адамды құраған еліміз бойынша. Ресми статистика кейін­гі бес жыл ішінде өндірістегі жа­затайым оқиғалар салдарынан 2 мың­нан астам қазақстандық көз жұм­ғанын көрсетіп отыр. Көш бастап тұр­ған – Қарағанды облысы.
Сандар сөйлесе...
Қарағанды облысының статистика депар­таментінің анықтамасына сүйенсек, 2012 жылы облыста жазатайым оқиғалар кезінде 766 зардап шеккендер тіркелген. Оның ішінде әйелдердің үлес салмағы – 11,2%. 208 адам – топтық жазатайым оқи­­ғалардан, 346 адам – кәсіптік аурудан және алты адам улану кезінде зардап шеккен. Ор­таша облыс бойынша 1000 жұ­мыс іс­тей­тіндерге есептегенде жарақаттан­ған­дар саны 1,8 адамды құраса, жаза­тайым оқи­ғалардан 45 адам қайтыс бол­­ған. Олар­дың алтауы жолы жіңішке қауымнан.
Статистика департаменті «Жазатайым оқиғаның ең басты себебі зардап шегушінің абайсыздығы болып табылады. Осы себептен 151 адам зардап шекті, одан сегіз адам қайтыс бол­ды» дейді. Оған қоса, жазатайым оқиға нәтижесінен 136 адам жабық сынық, 80-і – сыртқы жарақат, 50-і – шайқалудан болған жарақат және ішкі ағзалардың жарақаты, 38-і – күйік, 28-і – ашық сынық, 27-сі ашық жарақат алып­ты. Ал Солтүстік Қазақстан облысы бо­йын­ша статистика департаменті алдыңғы жыл­ғыға қарағанда, 2012 жылы өндірістегі жа­за­­та­йым оқиғаның 2,9 пайызға артқа­нын айту­да. Сонда қай дерекке сенген абзал-ды?!
«Зардап шегушінің абайсыздығы...»
Жауаптылықтан жалтаруға көпшілігінде сыл­тау болатын – осы қасаң қағидат. Әлгі «Әкем өлсе, көмілер, атан өлсе, сойылар, ма­ған мұндай қансонар, енді қашан та­былар?» дегеннің сыңайы жұмыс беру­ші­лердің. Шыны керек, жұмысшысының қа­уіп­сіздігін қамтама­сыз етуге міндетті қан­дай компания болса да, отқа қарап отыр­ған жоқ. Бірақ соны жұмысына енгізу­ге құлықсыз. Деректер, қауіп-қатермен жұ­мыс атқаратын компаниялар стандарттарға сай қауіпсіздік менеджменттерін өмірге енгізу­де дейді. Айталық, еңбекті қорғау саласында Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­лігі халықаралық стандарт­тар­дың қамтылғанын айтады.
Кенжебек САНАБАЕВ, Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету министрлігі еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры:
– 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағ­дай бойынша, республикада 1266 еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша 266 халықаралық және ұлттық стандарт енгізіл­ген. Соның арасында тау-кен кәсіпорында­рының 19-ында және көмір өнеркәсібінің үшеуін­де халықаралық OHSAS 18001 стан­дарты қолданыста.

Бірақ солай бола тұрса да, ол кен орында­рындағы апаттар азаймай тұр. Ол өз алдына, енді оған қызу құрылыстағы апаттар келіп қо­сыл­ды.
Мәселен, бір Астана қаласының Алматы ауданында – сәуірде адам құлаған алты, Есіл ауданында бес дерек тіркелген. Оның біреуі көз жұмған. Бұдан бөлек, электр қуаты ұрып мерт болып жатқандар да бар. Дәл сол Астананың Алматы ауданында дәнекерлеуші жоғары қуатты электр желісін тартып жатқан жерінде ток ұрып, сол арада көз жұмған.
Талап күшеймей, жауаптылық жоқ
Қайғылы оқиға орын алғаннан кейін төленетін өтемақы адамның өмірін қайтара алмайды. Ата Заңда еліміздің ең басты байлығы адам делінген. Ендеше, сол басты байлықтың құқығы толық қорғалуы тиіс. Талап күшеймей, жұмыс берушіде жауаптылық болмасы тағы анық. Жабулы қазанды жабуымен қоя салатындай қазақ миллиардтап өсіп-өніп жатқан қытай емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста