Белгілі Абайтанушы, ғалым Омар Жәлел «Qasqa Jol» Youtube арнасына берген сұхбатында "Сюцай" ғылымы туралы айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі таңда "Сюцай" мектебінде тренер қызметін атқаратын Омар Жәлел ҚМДБ оны харам деп таныса да, әркімнің өз шындығы барын жеткізді.
ҚМДБ харам деп тани берсін. Әркімнің өз шындығы бар. Қанша адам болса сонша пікір бар. ҚМДБ көзінше солай болсын делік. Бірақ біз зайырлы мемлекет болғаннан кейін ол ғылым Egov-та 576-бапта тіркеліп тұр. Сонда "Сюцайды" конституцияның өзі қорғап тұр.
Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде Омар Жәлелдің билеп жүрген видеосы тараған еді. Ғалым оған төмендегідей жауап берді.
Мен өмір бойы билеймін. Есімді білгелі билеймін. Бұрын менің атағым болған жоқ, мені ешкім керек қылған жоқ, мені ешкім түсірген жоқ. Кейін сен атаққа ие болғаннан соң жұрт сен арқылы контент жасап, рейтингін көтергісі келеді. Би деген өнер.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz