Омар Жәлел Қазақтың бас биі болып сайланды

Қазақстанның бас биі болып сайланған белгілі ғалым Омар Жәлел өзіне артылған міндеттері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, билер халық пен биліктің ортасында "алтын көпір" болмақ.

 

Омар Жәлел 17 қыркүйекте қазақтың Бас биі болып сайланды. Құрылтай Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Машат ауылындағы "Ақшолпы" деген демалыс орнында өткен.

 

Жиынға тоғыз облыстан келген билер қатысып, бірауыздан Төбе би ретінде Омар Жәлелді сайлапты. Бас бидің айтуынша, билердің сайлауы елімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

 

"Бірінші қазақ билерінің құрылтайы былтыр Төле би ауданында болған. Сол кезде Төбе би сайланды, бірақ неге екенін білмеймін ол кезде мұндай даурығу болмады. Менің алдымда Сейтқали деген ақсақалымыз би болды, ал биыл мені сайлап отыр. Заң, жарғы бойынша би тек бір жылға ғана сайланады. Төрт ай сайын есеп беріп отырамыз. Дұрыс жұмыс істемесек билер алқасы орныңнан алып тастауға хақы бар. Сырттан ешқандай қаржыландыру жоқ, бәрі өзіміздің қалтамыздан шығады. Кешегі өткен құрылтайды да жігіттер кемі 10 мың теңгеден ортаға тастап, өздері өткізді. Құрылтайға тоғыз облыстан тіркелген билер келді, әзірге сол тоғызы ғана Әділет министрлігінде заңды түрде тіркелген. Бұйырса, қалған облыстағы билерді тіркеп, Қазақ Билері одағы деген республикалық қоғамдық бірлестік құрмақшымыз", — деді Омар Жәлел.

 

Омар Жәлел билердің негізгі мақсаты халықтың арасындағы мәселелерді сотқа жеткізбей шешу екенін айтады. Сондай-ақ олар әлеуметтік мәселелерге араласып, оны шешу жолдарын қарастырады.

 

"Би деген қазақ үшін жаңалық емес. Қазақта ықылым заманнан билік жүйе болған. Қазақстан зайырлы мемлекет болғаннан кейін барлығы сотпен шешіледі. Ал кей кезде сотқа жетпей-ақ шешілетін нәзік дүниелер бар. Мысалы: адами қатынастар, отбасылық қатынастар, ұлтараздық, ауыл ішіндегі ұрлық, төбелес деген секілді мәселелерді билер шешеді. Бұл қоғамға жаңалық болғанымен, мына оңтүстік өңірінде, әсіресе Түркістан облысында билер жүйесі 10-12 жылдан бері сәтті жұмыс істеп келеді. Ауылдағы негізгі мәселелерді солар шешеді екен. Біздің заңнамамызда әлеуметтік медиация деген ұғым бар. Бұл — халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір деген сөз. Билер әлеуметтік мәселелерге де араласа алады. Мысалы: жол салу, су, мектеп, тәрбие, жетім-жесір, қараусыз қалған адамдарға көмектесу секілді мәселелерді шешуге ат салысады. Бұл қоғамды іштен бақылайтын, реттеп отыратын дүние. Мысалы сот деген ол моральдық шығын, материалдық шығын содан кейін арың, абыройың кетеді. Мәселен сотта ағайын адамдар бет жыртысып, масқара болып жатады. Ал билер соның алдын алып, сотқа жеткізбей шешуге тырысады. Былай айтқанда билердің жұмысы сотқа көмектесу. Біздің ең бірінші мақсатымыз — ол халықтың тілегін билік басындағыларға жеткізу. Саясатқа араласпаймыз, билер үгіт-насихат жүргізбейді", — деді Би.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста