Наурыз: Парсы қалай тойлайды, Қазақ қалай тойлайды?

Наурыз: Парсы қалай тойлайды, Қазақ қалай тойлайды?

Жер-дүниенің тоңын жібіткен Наурыз мейрамы әлемнің бірқатар елдерінде тойланады. Осы тақырыпқа зерделі зерттеу жасаған ғалымдар аталмыш ұлан-асыр тойдың парсы, кавказ және түркі халықтарының төл мерекесі болып табылатынын тілге тиек етеді.

Парсы жерінде бірнеше жыл болып келген қызылордалық Серік Сайдулла онда дастарқанға жергілікті халықтың жеті түрлі дәм қоятынын айтады. Олардың барлығы «С» әрпінен басталуы керек екен. Мәселен, парсылар алманы – сиб, жидені – сенджед, сарымсақты сир деп атайды. Қысқасы, екі халықтың тағы бір ұқсастығы осында да жатқан секілді. Арада қаншама шақырым жол жатса да, қазақ пен парсылар жеті санын қастер тұтатынын аңғаруға болады. Сондай-ақ жыл бойы бір-біріне өкпе-реніші болған жандар да Ұлыстың ұлы күнінде бір-бірімен төс түйістіріп, татулыққа келеді екен. Бұл да – біздің халқымызда бар қасиеттің бірі. Қызылбастар елінде ұлттық мейрам қарсаңында жетім-жесірлерге қамқорлық жасалады. Бұл да – бізде бар дәстүр. Яғни ұқ-састығымыз бар.

Екі халықтың Наурызды тойлаудағы ерекшеліктері де аз емес. Парсы жұртындағы әрбір шаңырақ мейрамға екі аптадай қалғанда түрлі ыдыстарға бидай, жасымық және маш секілді түрлі дақылдарды егеді. Мерекеге дейін олар өсіп-өніп, жергілікті халықты мәз-мейрам етеді. Әрине, біздің халық оны басқаша жасайды. Жер тоңы жібісімен жерге түрлі ағаштар егеді. Сондай-ақ Иранда адамдар мейрамды жаңа киіммен қарсы алуға тырысады.

«Алаш айнасы»

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста