Наурыз мерекесінде есік қорыған екі жігіт ақсақалды киіз үйге кіргізбей қойған (видео)
Наурыз мейрамы елімізде өте кең көлемде аталып өтеді. Әр мереке сайын қызметкерер өз басшылары үшін киіз үй тігіп, дастархан жаяды. Алайда бұл қарапайым халыққа арналмаған. Киіз үйге кіре алмай қор болған ақсақалды, есік алдындағы жастар қуып шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.
Әлеуметтік желілерде тарап кеткен мына бір видеода ақ жағалы жігіттердің киіз үйге кіргісі келген қарияны кеудесінен итеріп, есікті ашпай қойғаны түсірілген.
Видеоролик Instagram әлеуметтік желісі арқылы тараған. Оқиға куәгерлері видеоның Алматыдан түсірілгенін айтуда. Онда киіз үйге кірмек болған ақсақалды екі жас жігіт кеудеден итеріп, дөрекі сөздермен қуып шыққаны анық көрінеді.
"Тамақ әлі дайын болған жоқ. Не болды сізге, тамақ көрмегенсіз бе? Мың теңгені мен-ақ берейінші. Басқа жерден сатып алып ішіңізші, мұның ішінде түк жоқ. Құдай үшін!", - деп айқайға салған жас жігіттер, ақсақалды ақыры киіз үйге кіргізбей қойған.
Әлеуметтік желі қолданушылары болса бұлардың мемлекеттік қызметкер болуы мүмкін екенін алға тартты. Ал киіз үйдің тек басшыларына жайылғанын жазып, оларды қатаң сынға алды.