Мықты мемлекет мықты отбасынан басталуы керек

Мықты мемлекет мықты отбасынан басталуы керек

Өткен тарихыңды айтсаң, ата жолыңды ұстансаң, кейбір азаматтарға ескішіл, керітартпа болып көрінетінің рас. Бірақ бүгінгі таңда ата-салтымызды дәріптеп, баба жолын жаңғыртудың маңызы зор. Себебі өзге елдің мәдениеті мен қайсыбір сұм идеялары бізді тамырымыздан алыстатып барады. Өткен тарихымызды білсек те, оны ұстанғысы келмейтіндер көп арамызда. «Ол күнә екен» деп дәстүрімізден безіп барамыз.

Қазақ дәстүрінде әке отбасының бас­шысы, иесі саналған, ана үйдің ұйытқысы, балалардың тәрбиешісі болып есептелген. Сондай-ақ қазақ отбасында әрбір баланың да өзіндік орны болған. Үлкен ұл атаның баласы саналған, кіші ұл қара шаңырақты ұстап қалушы деп есептелген. «Ұл – өрісің, қыз – қонысың», «Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деген сөздер бекер айтылмаған. Бүгінгі қазақ қоғамына бір жағынан – батыстың, екінші жағынан арабтардың дәстүрлері мықтап сіңіп жатыр. Мәселен, батыстың тәрбиесіне еліктеген жастар ата-салтымызды ескі­ліктің белгісі ретінде қабылдайды, ал арабтардың дәстүріне мойынсұнғандары ұлттық құндылықтарымызды Аллаға серік қосу деп бағалайтын болды. Мұнан сорақысы, қазақ отбасыларының ішінде өз қызын зорлау, ата-анасына қарсы келу, еріне пышақ жұмсау, түрлі дінге бөліну сынды сұрқай оқиғалар көрініс беріп отыр. Бұған дәлел ретінде айтарымыз, жақында біз Алматының Шамалған стансысындағы әйелдерге арналған ЛА 155/4 түзеу мекемесінде болдық. Ондағы қызметкерлердің сөзіне қарағанда, меке­медегілердің басым бөлігі Қылмыстық кодекстің 96-бабына сәйкес, яғни адам өлтіру фактісі бойынша жазаларын өтеп жатыр екен. Сұрап білгенімізде, олардың дені өз күйеулерін, отағасыларын өлтірген болып шықты. Сондай-ақ араларында алаяқтық жасаған, есірткі тасып, оны қолданғандар да бар. Бұған қарап, біз қазақ отбасыларының шырқының бұзылуы аналарымыздың бұзылуынан бастау алып жатқан жоқ па деген ойға қалдық. «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін» аналарымыздың отбасын дұрыс ұйыта алмауы тұтас қазақ қоғамына қасірет алып келетінін қыздарымыз түсінсе екен дейміз. Әрине, барлық кінәні қыздарымызға жауып қойсақ, әділетті болмас. Сондықтан ер-азаматтарымыз «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз – қонақ» деп, асыл мінезді қазақ қыздарының арын, абыройын жоғары қоюы керек. Әрбір қазақ жігіті қазақтың бір қызын ғана жарым, қалғанын қарындасым деп білгенде ғана, ата жолын берік ұстанып, баба мұрасын дәріптегенде ғана біз нағыз қазақы отбасы, қазақы қоғамға қол жеткіземіз.
Жолмұхан ТҮРКПЕНҰЛЫ, психолог:
–    Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар. Сондықтан кейде ескілікке салынып, ер адам үстем болу керек деген сөзді айтпауымыз керек. Мәселен, әйел азаматтар да қазір қоғамға үлкен пайдасын келтіріп жатыр. Тіпті ерлерден көп, ерлерден асып жұмыс істейтіндер бар. Сол себепті әрбір отбасыда түсінушілік болу керек. Ер мен әйел балаларды бірге тәрбиелеп, бірге өсіруі шарт. Ең бастысы – олар үлгілі отбасын құра білуі қажет. Үлгілі, абыройлы отбасында тәрбие алған бала да кейін әке жолымен жүреді. Тәрбие көрген, қазақы салт ұстаған балалар отбасына да, қоғамға да үлкен еңбек сіңіреді.

Ерғали БАҚАШ, ақын:
– Әрине, отбасында ерлердің беделі бір саты жоғары тұруы керек. Әйел оның тек жары ғана емес, көмекшісі, ақылшысы болуы қажет. Мұн­дай шарт ата-салтымызда да бар, ислам шарифтерінде де жазыл­ған. Өкінішке қарай, біз бүгін осы дәстүрді естен шығарып бара жатқан сияқтымыз. Ол үшін барлық БАҚ арқылы, киноларымыз арқылы ұлттық құндылықтарымызды барынша насихаттап, жастарымызға ата-салтын дұрыс дәріптеуіміз керек. Ал өзге елден келетін түрлі телеөнімдерге, кейбір ақпарат құралдарына тосқауыл қоятын уақыт жетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста