Мүгедектерге жәрдемақы емес, жұмыс керек

Мүгедектерге жәрдемақы емес, жұмыс керек

Желтоқсанның 21-і күні тұңғыш рет Алматы қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу Қазақстанда БҰҰ-ын дамыту бағдарламасының қолдауымен жүргізілді. Басқосудағы басты мақсат мүгедектерді жұмыспен қамту және қоғамға араластыру шараларын қолға алу болып табылады.
Серік Әбденовтің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 573 мыңға жуық мүге­дек бар екен. Олардың 65 мыңы балалар. Барлығына мемлекеттен берілетін жәрдем­а­қылар төленеді. Бірақ «мүгедектерге материалдық жағынан ғана көмек қолын созу аздық етеді және бұл мемлекет үшін де тиімсіз», – дейді министр. Себебі сол 573 мың мүгедектің 370 мыңының жұмыс істеу­ге қабілеті бар көрінеді. Сондықтан министрлік күн тәртібіне мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін қойған. Тіпті мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында атқарылатын шаралардың Жоспары да құрастырылған. Құжат 2018 жылға дейінгі аралықта жүзеге асуы тиіс. Жоспардың бірінші кезеңі ең басты үш міндетті атқаруды көздеп отыр. Олар: мүгедектердің құқығы мен бостан­ды­ғын қорғау, әлеуметтік нысан мен транс­порттық инфрақұрылымды инвентариза­циялау және халықты ақпараттандырудың дәрежесін ұлғайту.
2008 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қол қойған болатын. Аталған құжат бекітілгеннен кейін Қазақстан адам құқықтарын сақтау әсіресе мүгедектердің құқығы жағынан халық­ара­лық стандарттармен сәйкестігін мойын­да­ғандай көрініс тапты. Алайда бүгінгі таңда сол стандарттар өзгерісті талап етіп отыр.
Серік Әбденов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Шыны керек, елімізде «Мүгедек­тер­­ді қорғау» туралы заңның талаптары  толы­ғы­мен орындалып жатыр деп айтуға келмейді. Бұрынғы талаптар, стан­дарт­тар өзгерістер мен толықтыру­ларды талап етуде. Мүгедек­терге мемлекет тарапынан қаржылай кө­мек көрсетілгенімен оның қайтарымы жоқ. Еліміздегі мүгедектердің жартысынан көбі­нің ел қатарлы еңбек етуге шамасы бар. Бірақ бұрынғы сана-сезім әлі күнге өзгер­ме­ген. Мемлекет берген жәрдем­а­қыны алып, үйде отыра беру кім үшін тиімді? Егер мү­гедектерге арналған жұмыс орындары­ның санын арттыратын болсақ, мемлекетке де, мүгедектің денсаулығы мен жансаулы­ғы­на да үлкен пайда әкелеміз. Сондықтан ендігі мақсат мүмкіншілігі шектеулі жан­дар­ды қоғамдық жұмыстарға араласты­рып,олардың жүріп-тұруына жағдай туғызу, сондай-ақ білім беру саласынан бас­тап барлық салада мүгедектердің өз құқы­ғын толыққанды пайдалануына жағ­дай жасау болып отыр.

Министрдің айтуынша, соңғы жылдары бой көтерген көп қабатты тұрғын үйлер мен көптеген құрылыс нысандары мүгедек­тердің еркін түсіп-шығуына қажетті құрыл­ғылармен жабдықталған. Сонымен қатар ондаған жылдар бойы пандус сынды құрыл­ғыларды шетелден тасыған Қазақ­стан енді сол жабдықтарды өз елімізде өндіре бастады. Денсаулық сақтау саласын­да, мысалы, емделу мен ота жасату және мүгедектерге арналған арбаларды сатып алуда да мүгедектерге көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бірақ «жұмыс орындарын­да мүгедек адамдардың қызмет етуіне ешбір жағдай жасалмаған», – дейді С.Әбденов. Айтуынша, жұмыс беруші­лер­дің кейбірі мүгедектерді жұмысқа мүлдем алғысы келмегенімен кейбірі олардың жү­ріп-тұруына ыңғайлы жағдайдың жо­қ­тығын алға тартатын көрінеді. Сол себепті алдағы уақытта мүгедектер қызмет ететін бизнес орталықтарының санын арттыру мықтап қалға алынбақ. «Қаншама архи­тек­тор, заңгер тағы да басқа білімді, озық ойлы мүгедек жандар үйлерінде отыр. Жұмыс берушілердің барлығы мүгедектер­мен әріптес болғысы келмейді деп айтуға бол­майды. Тек оларға ыңғайлы жағдай же­тіс­пей­ді», – деді министр кездесу бары­сын­да.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста