Мүгедектер мүддесін кім қорғайды?

Тағдырдың жазуымен «мүгедек» атанған жанның қай-қайсысы болсын мүсіркегенді қаламайтыны анық. Алайда өздерінің әлеуметтік жағынан қорғалмай отырғандықтарына наразы. «Жарлылығын жасырған жарымас» демекші, олары орынды. Шынымен де, бар-жоғын түгендей қалсаң, министрлік тарапынан мүгедектерге лайықты көңіл бөлінбейді дегенге лажсыз сенесің.
Әңгімені керегін бүтіндеуге қол­бай­лау бо­лып отырған қаржы-қа­ражаттан бас­тасақ, мүгедек жандарға тиесілі жәрдем­ақының мөлшері мы­на­дай:

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік жәр­демақы ҚР «Мүгедектігі бойынша, асы­­­­­рау­шысынан айырылу жағдайы бойын­­­­ша және жасына байланысты бері­летін мемлекеттік әлеуметтік жәрдем­ақы­лар туралы» заңымен реттелсе, ар­наулы көмек ҚР «Арнаулы мемлекеттік жәр­дем­ақы туралы»  заңының негізінде тағайын­да­лады.
Алматы қаласында бір бөлмелі пәтер үшін тұрғындар шамамен 6000 теңге ком­­муналдық төлемақы төлесе, үш бөл­мелі пәтердің төлемақысы – 9000 теңгенің үстінде. Коммуналдық төлемақы жайын­дағы әңгімені бекер қозғап отырған жоқ­пыз.
Алматы қалалық бақылау және әлеу­­меттік қорғау департаменті әлеу­меттік қам­­сыздандыру басқармасы­ның бастығы Ардақ Шәмиеваның мә­лі­метіне қара­ғанда, бұрындары мүге­дектер комму­налдық төлем­ақының 50 пайызын ғана төлеген екен. Міне, он жыл болды, яғни 1999 жылдың сәуір айынан бастап ондай жеңілдік алып тасталып, оның орнына ай сайын 764 теңге  (!)  бөлгенді жөн санапты. Көріп отырсыздар, қазіргі ком­муналдық төлемақы мен мүгедектерге беріліп отырған 764 теңгенің арасы жер мен көктей. Бұл тұрғыда, қазақ айтпақшы, «сиынғаныңнан сүйенгенің күшті болса, жақсы-ақ еді» дегеннен басқа алып-қо­сарымыз жоқ.
Мүгедектердің құ­­қығын қорғау қоғамының заңгері Гүлмира Борашева «негізгі-негізгі деген түйт­кілдерді айтып берсеңіз» деген өтінішімізге ауыр күрсініп алып, былай деп тізіп шықты:
- жәрдемақы тым төмен;
- инфрақұрылымдар мүгедектер жа­йын мүлде ескермейді;
- мүгедек жандарды ешкімнің жұмысқа ал­ғысы келмейді;
- мүгедектерді психологиялық тұрғыда бейімдеу жағы қарастырылмайды;
- медициналық көмек әрі сапасыз, әрі өз деңгейінде емес;
- дәрігерлік-әлеуметтік сараптау ко­мис­­­­сия­сының (ВТЭК) жұмысында кертарт­палық көп;
Статистикалық мәліметке жүгінсек, бүгінде республика бойынша 470 мыңға жуық мүгедек бар екен. Бұл жалпы ха­лықтың үш пайызын құрайды. Әрбір үшін­ші мүгедек еңбекке жарамды бола тұра, оларды жұмыспен қамту мүмкін емес кө­рінеді. Деректерді алға тартсақ, ІІ топ­тағы мүгедектердің 2,5 пайызы, ІІІ топ­тағы­лардың 15 пайызы ғана жұмыс істей­ді.
Еліміздің заң шығару органдарында мүгедек ұйымдарының бірде-бір өкілі жоқ. Демек, ғаріп жандардың мұң-мұқ­тажы түгел дерлік ескеріле бермейді. Мә­селен, осыдан біраз уақыт бұрын «Қа­зақ­стан мүгедектер конфедерациясы» қо­­­­ғам­­дық бірлестігі «Нұр Отан» пар­тиясына хат жолдап, жол қозғалысы қа­уіпсіздігі мақсатында көліктердің әй­нек­терін көмескілеуге тыйым са­лынғанда, мү­гедектер мүдделерінің ұмыт қал­ған­дығын айтып, хат жазған болатын. Нақты­рақ айтсақ, қала көшелерінде пандусы бар дәретханалар жоқ. Сол себепті мү­гедек жандар «памперс» ауыстыруды бол­маса басқа да қажеттіліктерін көлік ішінде отырып жасауға мәжбүр болады. Ал мұн­дай жағдайда көмескіленбеген кө­ліктің қандай қолайсыздық туғызатыны айт­паса да түсінікті. Алайда «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» қоғамдық бірлестігінің бұл өтініштері аяқсыз қалды.

«Алатау» мүгедектер қоғамының төрайымы Сағымхан Смағұлова:
Үкімет мүлде түк жасамай отыр деп айтуға болмас. Азды-көпті оң өзгерістер бар. Десек те бұған тоқмейілсуге болмайды. Себебі шешілмей жатқан пробле­ма­лар әбден қордаланып қалған.
Айрықша айтпағым, атқарушы болмаса өкілетті органдарда жұмыс істеп жат­қан бірде-бір мүгедек жан жоқ. Барлығы кішігірім цехтарда отыр. Заңға сәй­кес, әрбір мекемедегі жұмыс орындарының үш пайызы мүгедектерге тиесілі. Қа­зір барлық жұмыс орындарын аралап көріңіздерші, мүгедек жанды таба алар ма екенсіз. Сондықтан ғаріп жандардың жоғары білім алуларына, қыз­метке араласуына Үкімет тарапынан жағдай жасалуы керек. Олардың барлығын бірдей тегін оқытуға тиіспіз.
Мүгедектердің құқықтары өз дәрежесінде қорғалып отырған жоқ десем, артық айтқандық емес. Тіпті мүгедектердің өздері де өз құқықтарынан бей­ха­бар. Сол себепті де еліміздегі  мүгедектердің қоғамдық ұйымдары  жарымжан жан­дардың мүдделерін қорғауға тырысып жатады. Десек те ауыз толтырып айтарлықтай көмек көріп отырғанымыз жоқ. «Бұл – елдігімізге сын» дер едім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста