Мөрі жоқ еттің соры көп...

Мөрі жоқ еттің соры көп...

Қарапайым қала тұрғындары үшін базар сөресінің арғы жағы бұлыңғыр. Әсіресе, жұрт ет өнімдерінің жағдайынан бейхабар. Шырай беріп, көздің жауын алардай мүше-мүше болып жатқан еттің қандай малдан келгенін былайғы жұрттың көбі біле бермейді. Құрсағымызға түсер тағамымыз сау малдың еті ме, жоқ әлде «арам қатқанша, қала тұрғынының қазанында қайнай берсін» деп келген ауру малдың еті ме? Әрине, қарапайым тұрғын сауда орталықтарындағы ветеринариялық-санитарлық зертханаға қалтқысыз сенеді. Ал аталмыш зертхана бұқараның сенімін ақтай ма, әлде «сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді ұрайынның» кебін киіп жүр ме?

ТЕКСЕРІП ЖАТҚАН КІМ БАР ДЕЙСІҢ?
Астанадағы «Әлем» сауда орталығына күн сайын келетін мал және балық еттерінің 65-70 (!) пайызы ветеринариялық құжат­сыз (№2 үлгідегі ветеринариялық куәлік және ветеринариялық анықтамасыз) ке­ле­ді. Яғни базардағы мал етінің жар­тысынан көбінің ауру-сауы белгісіз деген сөз! Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крыловтың тапсырмасымен құ­рылған арнайы жұмыс тобының нәтижесі осындай мәліметке көз жеткізіп отыр. Бұл – тексеріс жүргізілген тек бір ғана нысан бойынша анықталған жағдай. Сонымен қатар базар сөресіне қойылатын еттердің тең жартысынан көбі ветеринариялық-санитарлық зертханадан тексерілмей, саудаға түсіп кететін көрінеді. «Комис­сиялық тексеру барысында қаншама заң­бұзушылықтар анықталды. Мал (ірі қара, жылқы, қой, шошқа) және балық еттері базарға таңғы сағат 4.30-дан бастап келеді. Ал сауда орталықтарындағы вете­ринариялық-санитарлық зертханалар жұ­мы­сын сағат 7-ден бастайды. Осыған бай­ланысты келген еттердің 55 пайызы ве­теринариялық зертханада тексерілмей, ол ашылғанға дейін-ақ сатылып кетеді», – дейді Астана қаласы Ауыл шаруа­шылығы басқармасының бас маманы Бекежан Мұхамеджанұлы.

ТІЛ ҮЙІРЕТІН ТІЛДЕН ЖАСАЛҒАН САМСА-АЙ...
Ветеринариялық зертханалар, негізі­нен, ірі қара малдың басын аусыл, бру­цел­лез, трихинеллез аурулары үшін тек­се­руі қажет. Сондай-ақ жылқының бастарын – маңқа, экинококк, туберкулез, ал балық­тарды опиторхоз, клонохоз, гетерофоз, тағы басқа адамға жұғатын аурулар үшін тексеріс жүргізуі міндетті. Сөйткен бастар зертханаға жетпей, бірден иісі мұрныңды жарып кете жаздайтын бұрыш-бұрыш­тар­дағы самса сататын дүңгіршектерге кетеді екен. Яғни олар ешқандай тек­серусіз саудаға түсіп кетті деген сөз. «Вете­ри­нариялық зертхана малдың тілін, жағы­ның астындағы бездерін түрлі ауруларға қатысты тексеруі керек. Сондықтан зерт­хана мамандары малдың басын, ішкі мү­шелерін, ветеринарлық құжатты талап ету­ге міндетті. Онсыз мал сатуға да өткізіл­мейді. Ал базарға келген малдың басы зерт­ханаға кеткеннің орнына, басқа біреу­лерге сатылып кетіп жүр. Сол жерде ар­найы сатып алатын адамдары жүреді. Олар бастың құйқасын, тілін, етін алып, сам­са сататын орындарға жібереді. Қала­да сатылатын самсалардың 60-70 пайызы осы бастың етінен жасалады», – дейді Бекежан Мұхамеджанұлы.

АУРУ – АСТАН...
Осындай жауапсыздықтан барып, елі­мізде мал өнімдері және жұмыртқа мен тауық еттерінен ауру жұқ­тырған адамдар саны айтарлықтай болып отыр. Мәселен, өткен жылдың қо­ры­тын­дысы бойынша, елордамызда мал еттерінен, балық өнім­дерінен, ит пен мысықтан жұғатын ауру­лармен ауырған тұрғындар саны 1575-ке жеткен. Ал эхинококк ауруымен ауыр­ғандар саны 34 болған. Оның ішінде 11-і – 14 жасқа толмаған балалар. 2008 жыл­дың мәліметі бойынша, балық өнім­дері­нен паразитті описторхоз ауруын жұқ­тыр­ған адамдар саны 289 болған. Ал 2007 жылы осы аурумен 484 адам ауы­рып, ем қа­былдаған екен. Бұл мәлімет­тердің бар­лығы еліміз­дегі ветеринария саласының ахуа­лын ай­қындап береді.
Ет өнімдері Астана базарына түрлі аймақтардан келіп жатады. Атап айтсақ, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Пав­лодар, Солтүстік Қазақстан облыста­рынан. Яғни осы аймақтардан тараған мал аурулары да Астанаға қарай ағылады дей беріңіз.
Ветеринариялық зертханадан өткен малдардың жамбасына мөр соғылады. Сол арқылы малдың тексерістен өткенін біле аласыз. Әкімшіліктен жасақталған жұмыс тобының тексерісі нәтижесінде қаншама ветеринарлық мөрі жоқ еттің базар сөрелеріне тоғытылғаны анықталды. Ол, ол ма, тексеріс кезінде, тіпті вете­ринарлық инспектордың орнына әкімнің мөрін соғып әкелген әпенділер де кез­дескен.

Қаперге
Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 31 қазандағы №351 бұйрығымен бекітілген Базарлардағы ветеринарлық-са­нитарлық сараптау жүргізу туралы ере­жеден:
– ветеринарлық зертхана тексеруінен өту үшін №2 үлгідегі ветеринариялық куәлік және ветеринариялық анықтама, малдың құлағында сырғасы, жергілікті мемлекеттік ветеринарлық инспектордың етті алдын ала тексергенін растайтын етте­гі таңбасы, ішкі мүшелері: өкпе, бауыр, жүрек болуы міндетті.
– егер де мал еттері, балықтар вете­ринариялық зертханаға ветеринариялық құжатсыз, малдың басы, ішкі мүшелерінсіз келсе, ветеринариялық инспектор ол өнім­дерді сатуға өткізбеуге тиіс.

САҚТАНСАҢ, ҚҰДАЙ САҚТАЙДЫ!
Трихофития – адамға аса қауіпті, жұқ­палы ауру. Адам және ауруға шалдыққан үй жануар­лары (ірі қара мал) аталмыш аурудың қоздырғыш көзі болып табылады. Трихофитон тектес саңы­рауқұлақ адамның терісінде, бастың шашты бөлігінде және тырнақ сүйегінде қозады. Адам­ның ауру пайда болған жерлері ісіңкіреп, жұмыр­ланып, айқын көрініп тұрады. За­қым­данған ошақ іріңді қабықпен қат­пар­ланады, шаштың түсуі пайда болады. Аталмыш ауру жануарларды күткенде, ауру адаммен тікелей қарым-қатынаста болғанда немесе киім-кешек (бас киім, тері жа­ғалы киімдер, тарақ және ойыншықтар) арқылы жұғады. Тіпті ауру жұқтырған жануардың керек-жарақтары, шөпте қалған түгі арқылы да жұғу қаупі бар.
Микроспория – өте жұқпалы ауру. Ауру адам­дар арқылы немесе үй жануар­ларынан (кө­бінесе ит пен мысықтан) жұ­ғады. Микроспо­рия теріні, бастың шашты бөлігін зақымдайды. Бастың шашты бө­лігінде пайда болған бір немесе бір­неше ошақ біртіндеп ұлғаяды. Олардың үлкен­ді­гі 1 теңгеден 50 теңгелік тиынның көле­міне дейін барады. Зақымданған ошақ­тардың терісі қыз­ғылт түсті болады және тығыз, ұн тәрізді қабыр­шақ­тармен жабылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста