Мигранттарға табылған жұмыс біздің жастарға неге табылмайды?

Мигранттарға табылған жұмыс біздің жастарға неге табылмайды?

«Жұмыс істегісі келген жол із­дейді, жұмыс істегісі кел­ме­ген сылтау іздейді» деген сөз біз­дің елдегі жұмыссыз жүр­­­ген жастарға қаратып ай­­тыл­ғандай көрінеді. Өйткені соң­ғы ресми мәліметтерге қа­­рағанда, бүгінгі таңда жас­­тар қатарында екі қолға бір күрек таппай жүр­ген­дер­дің қарасы азаймай отыр. Ал олар­дың ішінде жоғары және кә­сіби-техникалық бі­лімі бар жас­тар үлесі көбейіп келеді.
Ала шапанды өз-ағаларымыз бен айыр қал­пақты бір туғандар елімізге келіп жұ­мыс істеп, нәпақа тауып жүрсе де, біздің жас­тарымызға екі қолға бір күрек табылар емес. Ал «ауылда маман жетіспейді» деп зар илеп жүрсек те, жастарымыз ауылға бармай, дипломын құшақтап қалада бос жүр. Ал кейбір ауылдан келген жастарымыз жұ­мыс істеуге мойны жар бермей, жеңіл жол­мен ақша тапқысы келіп, қылмысқа ұры­нып жатады. Сонда қалай болғаны, өз­бек пен қырғыз мигранттарына табылған жұ­мыс біздің жастарымызға неге та­был­майды? Ауылда маман жетіспей жатқанын ес­керіп, Үкімет «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын қабылдап, ақшалай көмек беріп, тұрғын үй алуға жеңілдетілген несие және басқа да жеңілдіктер ұсынып отырса да, жастар ауылға неге бармайды? Базбір мамандардың пайымдауынша, мұндай жағдайдың қалыптасуына жастардың оқу бітіргеннен кейінгі тағдырына білім орын­да­рының алаңдамай отыруы ведом­ство­лардың бірлесе жұмыс істемей отыруы се­беп көрінеді.
Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР білім және ғылым министрі:
– Техникалық және кәсіби меке­ме­лер мен ЖОО түлектерінің ара­сында жұмыссыздық пайызы сақталып отыр. Білім ошақтары бітірушілерді бі­рер ай бақылап, қадағалап отырады да, кейін олар назардан тыс қалады. Оған жол беруге болмайды. Ве­дом­ство­лармен бірлесіп, жастарды жұ­мыспен қамтамасыз ету жүйесін құру қа­жет, олар мониторинг жасап, кадр­лар­ды кәсіби дайындау жүйесіне тү­зе­тулер енгізіп отыруы тиіс.

Ра­сымен де, білім ордалары өздері оң­ды-солды даярлап шығарып жатқан ма­ман­дардың болашағы үшін бас қатыра бер­мейді. Сондықтан олардың бірқатары ма­мандығына сай болмаса да, табылған жұ­мысқа құдайға шүкір деп жүрсе, енді бір бөлігі жұмыссыздар армиясы сапын арт­тырып отыр.
Ал кейбір сарапшы мамандар жастар арасындағы жұмыссыздықтың азаймай отыруын жоғары оқу орындары санының көп­тігімен және олардың еңбек на­ры­ғын­дағы сұранысты ескермей қажетті, қа­жет­сіз мамандарды «штамптап» шығарып жат­­қанымен сабақтастырады. Сан­дарды сөй­летер болсақ, 2012-2013 оқу жыл­дарында жоғары оқу орындарында білім алып жатқан тәлімгерлер саны 571 691 адамды құрап отыр. Яғни Қазақстанда әр 10 мың адамға шаққандағы студенттер саны 377 адамды құрайды екен. Ал мұн­дай көрсеткіш Ұлыбританияда – 272, Жа­по­­нияда – 222, Чехияда – 147, Әзір­бай­жан­да 59 адамды құрайды. Cоған қа­ра­­мас­тан, ма­­ман жетіс­пеушілігі жойылмай отыр. Ал оның есесіне жұмыс­сыз жастар қатары өсіп келеді.
Кестеге көз салсақ, оқу орындары мен он­дағы білім алып жатқан студенттер санының біршама азайғанын аңғарамыз. Десек те, жан басына шаққанда студент­тер­дің саны әлі де аз емес.
Жастар неге жұмыссыз?
Жастардың ауыл дегенде кежегесі кейін тартып, табандап тұратынын мамандар жастар бойында патриотизмнің жоқ­ты­ғы­мен, мемлекеттік идеологияның ша­бан­ды­ғ­ымен түсіндіреді. Расымен де, мем­ле­кеттік идеология мықты болып, бо­йында патриотизм рухы биік болса, жастар ал­май­тын қамал болмас еді-ау. Оның бір мы­­салы ретінде кеңестік жас­тар­дың Бай­кал-Амур магистралін құрғанын айтуға бо­лар.
Әсем БЕРКІМБАЙҚЫЗЫ, әлеуметтанушы:
– Бүгінгі таңда ауылдықжерлерде ма­­ман жетіспейді. Бірақ біздің жоғары білім алған жас мамандарымыз ауылға бар­ғысы келмейді. Меніңше, оларға патриотизм жетіспейтін сияқты. Бәрінің де қалада қалғысы келеді. Бүгінде жо­ға­ры оқу орындарын бітірген жас­тар­дың тең жартысы өз мамандығы бо­йынша жұмыс таппай, басқа жұмыс іс­теп жүрген көрінеді. Енді біразы ең­бек өтілі болмаған соң қызметке тұра ал­май, жұмыссыз бос жүр. Мемлекет «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылға барған жас ма­ман­дарға көптеген жеңілдіктер қарастырып отыр. Біріншіден, жас маман тәжірибе жи­нақтайды, екіншіден, ауылдың да­муына үлес қосады. Ал тәжірибе жи­нақ­тап алған соң, кейін қалаға келуіне де болар еді. Содан кейін біздің жастар анау-мынау жұмысты менсінбейді. Олар бірден жалақысы жоғары, бас­шы­лық жұмыс істегісі келіп тұрады. Олар­дың бәріне бірдей ондай жұмыс та­была бермейді ғой. Тағы бір мәселе, мы­салы, көрші қырғыз, өзбек, тәжік ел­дерінен келіп, мигранттар жұмыс та­уып, еңбек етіп жүр. Ал біздің жас­та­рымыз жұмыссыз. Олар 40-50 мың теңге айлыққа жұмыс істегісі келмейді. Өздерінше аз айлыққа жұмыс істеуге арланады. Меніңше, жұмыс істемей бос жүргенге ұялу керек. Егер бойында отансүйгіштік сезімі бар жас болса, елімнің дамуына аз болса да өз үле­сімді қосайын деуші еді. Бірақ бүгінгі күні ондай жастарды көре алмай отыр­мыз. Сондықтан жастарымызға білім бе­ріп қана қоймай, еңбекке баулып, бо­йына еңбек патриотизмін сіңіріп тәр­биелеу қажет.

Кәсіптің әлеуетін арттыру керек
Бүгінгі таңда жастар арасында дәне­кер­леуші (сварщик), токарь, тас қалаушы сияқ­ты көптеген қарапайым жұмысшы ма­ман­дықтары аса сұранысқа ие емес. Өйткені ол мамандықтардың еңбегі ауыр, жа­ла­қысы аз. Ал жалақысы төмен жұ­мысқа жас­­тардың барғысы келмейді.
Таяуда еліміздегі зерттеу ор­та­лық­та­ры­ның бірі 26 мен 35 жас ара­лы­ғындағы жұ­мыс іздеуші жастардың та­лаптарын са­рап­тап көрген екен. Зерттеу ба­рысында олар­дың анықтағаны жас­тар­дың басты та­лабының бірі айлық жа­ла­қысының 150-200 мың теңге болуы кө­рінеді. Шынымен де, жақсы болмаса да, дұрыс тамақтанып, дұрыс жүріп-тұру үшін жа­лақы мөлшері одан кем болмауы керек сияқ­ты. Өйткені бүгінгі таңдағы қызмет көр­сету және азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларының бағасы арзан емес. Сондықтан ондай ма­ман­дықтардың әле­уе­тін арттыру керек. Мы­салы, Кеңес өкіметі кезінде жоғары раз­рядты дәнекерлеуші (сварщик), токарь, тас қалаушы секілді мамандық иелерінің ай­лық жалақысы аға инженердің жа­ла­қы­сы­нан артық болатын. Оған қоса, басқа да жеңілдіктерді айт­па­ғанда, жы­лы­на бір рет санаториялық-ем­деу орталығына барып, тегін демалып қай­татын.
Демек, жастардың жұмыссыздығын азай­­тамыз десек, білім берумен қатар, олар­­дың бойындағы патриоттық сезімді арт­­тырып, еңбекке баулып, қарапайым жұ­­мысшы мамандықтарының әлеуетін арт­­тыру қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста