Маңғыстау туризм орталығы болуға сұранып тұр

Маңғыстаудың әр тасы – тұнған тарих және сырға толы. Бұл мекеннің 500 мың­жыл­дық тарихы бар деседі. Адамзаттың кез келген ұлы істері ұлы даладан ай­на­лып өтпеді десек артық айтпаймыз. VI ғасырдың ортасында Ұлы Жібек жолы маңғаз даланы тіліп өткен. Шығыс пен Батыс­ты байланыстырған керуен жолының бір тармағы осы жердің үстінен өтіп, Еуропаға қарай тең-тең жүк артқан саудагерлер Күйкен қорғаны, Белдеулі, Қақпақты, Тұрыш сияқты құдықтарға аялдаған екен.
Ұлы Жібек жолының бойында көптеген бекіністер, керуен-сарайлар, ежелгі қала­шықтар пайда болды. Қатпар-қатпар тау-тасы, аңызақ даласын көрген адам «Маң­ғыс­­таудың ашық аспан астындағы мұ­­ра­­­жай» екеніне таңғала таңдай қағады. Айрақты, Басжыра, Бозжыра, Көкала, Көкөсем, Қошқартас, Конкреций, Ақ мая... Ал Шерқаланы ұмыт қалдыру тіпті мүмкін емес. Ол VIII-IХ ғасырларда араб шап­қын­шылығы кезінде шыңда жасалған бекініс қала болыпты. Бұл тау Шетпе кентінен алыс емес. Бір жағынан қарайтын болсақ, ол тау аппақ киіз үйге ұқсайды, ал екінші жағынан басын табанына салып, ұйықтап жатқан арыстанның бейнесіндей көрінеді. Сондықтан тауды Шерқала деп атаған. Бұған қоса, Маңғыстау – көне тарихи ескерткіштерге бай. Бүгінде ата-бабамыз­дың мәдени мұрасы, руханияты ұрпаққа аманат болып қалды. Бірі ескерткіштің сәулетті көркіне, ондағы шеберлікке тамсанса, екіншісі рух алады. Сонымен қатар кешегі патшалық Ресей мен кеңестік кезеңнің де Маңғыстау жерінде қалдырған таңбасы – бүгінгінің адамы үшін ұмытыл­мас тарих. Ол да бірқыдыру әңгіме болары сөзсіз. Қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, шөл дала­ның керемет ландшафтарының барлық түрін еліміздің басқа жерінен тіпті таппай­сыз. Сондықтан Маңғыстау – Қазақстан Респуб­ликасының туристік саласын дамы­туда үлкен мүмкіндігі бар аймақ. Өлкенің туризмі дамыса, өлке экономикасына күш қосылары анық.
Саяхатқа зиярат қосылсын
Маңғыстауда киелі орын көп. Әсіресе халықтың пір тұтатыны – Бекет ата. Еліміз­дің батыс өңірінде Бекет атаның өзі салып кеткен төрт мешіті бар. Біреуі Құлсарыда болса, үшеуі Маңғыстау жерінде орналас­қан. Өзі осында Оғланды жеріндегі меші­тін­де жерленген. Алыс-жақыннан, тіпті ше­телден осы жерасты мешітіне келіп, тәу етіп жатады. 2010 жылы исламтанушы Ва­ле­рия Порохова Бекет ата мешітіне зиярат­тауға келгенде, «киелі орында рухани қуат барын, мұнда тек саяхат үшін емес, адам жүрегіне иман, нұр жинап қайту үшін көп келу керегін» айтқан болатын. Америкалық зерттеуші Девин Ди Уис те: «Бекет ата ту­ралы кітаптан оқып біліп едім, Маңғыстауға бір саяхаттап барамын деп жүргенмін. Қазір жерасты мешітін көріп, ерекше әсерленіп кетіп барамын», – деген еді.
Бұдан бөлек, маң далада Шопан ата, Қараман ата, Сұлтан үпі, Шақпақ ата және т.б. тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Тізе берсең, осылай кете береді. Маңғыстау ауданында «Адай ата» кешені ашылып, туристік нысанға айналғалы қашан.
Қазіргі таңда тарихи-архитектуралық орындарға саяхатшылар көп барады екен. Мәселен, Түркияда киелі орындар халықа­ралық туризм орталығына айналған. Маң­ғыстауда да сондай туризм орталығы болу­ға сұранып тұрған киелі жерлер же­тер­лік. Зиярат адамдардың рухани шөлін басары сөзсіз, олай болса, бұл саланы да мықтап қолға алу керектігі көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста