Күлегеш кім: әйелдер ме, еркектер ме?

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, сатирик-жазушы:

– Сендердің бұл сұрақтарың еврей артық па, әлде анекдот артық па деген секілді екен. Күлкі ер немесе әйел адамға көп қонатындай көбелек емес, ол әр адамның сол сәттегі мінез-құлқына байланысты. Егер адам ақжарқын болып, көңіл-күйі көтеріңкі болса, ол үнемі күліп жүруді қалайды. Ал көп сөйлемейтін, мінезі тұйық адамдардың күліп жүруі қиын. Бұл екі мінез – ер адам мен әйел адамда да бар. Сондықтан бұл жерде барлығы мінезге, көңіл күйге байланысты дер едім.  Дей тұрсақ та, әйел адамдардың жаны нәзік келеді. Сол үшін олар күлуге бейім болады дейді кейбіреулер. Кім біледі, мүмкін бұл да дұрыс шығар. Мәселен, мен көпшіліктің ортасында күлкілі әңгіме айтсам немесе әзіл-сықақ театрларына барғанда, көбіне-көп әйел адамдардың күліп отырғанын байқаймын. Негізі, ер адамдарға байсалдылық тән. Сондықтан олар көп күле бермейді. 

Лидия КӘДЕНОВА, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Күлкіге әйел не ер адамның қайсысы бейім болатынын білмеймін. Бірақ біреу күлген нәрсеге біреу күлмеуі мүмкін, ал біреулер «а» деп аузыңды ашқаннан күледі. Бұл адамның ішкі дүниесіндегі табиғатына байланысты. Негізі, күліп жүру – адамның денсаулығына пайдалы. Мен айналасына күлкі шашып жүретіндерді ұнатамын. Қазіргі мынадай дағдарыс кезінде көпшілік күйбең тіршілікті ойлай бермей, бір сәт күліп, сергек жүргені дұрыс. Мен де  қандай жағдай болмасын, көңілді жүруге тырысамын.  

Әбдуәли МӘМЕДІЛ, психолог:

– Кез келген проблеманы оңай шешудің жолы, ол – күлкі. Егер бір ісіңіз бітпей тұрса, қабағы қатулы адамдарға күлкілі жүзбен қарап, проблемаңызды ашумен емес, әзіл-астармен жеткізсеңіз, мәселеңіздің тез шешілуіне жол ашылады. Егер адам күлмей, өмірінің көбін уайым-қайғымен өткізетін болса, стреске көп шалдығады. Денсаулыққа зиян. Сондықтан қалай болмасын күліп жүруге тырысуымыз қажет.

Негізі, сырт қарағанда әйел адамдар күліп жүруге бейім келетін секілді болып көрінеді. Бірақ мүлдем олай емес. Себебі әйелдер жаны күлкіні де, күйзелісті де өзіне тез қабылдайды. Бұл ретте олар қуанышты тез ұмытып, қайғысын біраз уақыт есінен шығара алмайды. Олар сырт көзге жақсы болып көрінгенімен, іштегі қайғы-мұңды шығаруы, ұмытуы қиын. Ал ер адамдар қандай қиын жағдай болса да, қайғысын тез ұмытып, күліп жүруді, күлетін ортада жүруді қалайды. Сондықтан ер адамдар күліп жүруге бейім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста