Күйдіргіден сақтаныңыз!

Күйдіргіден сақтаныңыз!

Ағымдағы жылы еліміздің бірқатар аймақтарында күйдіргі бой көрсетті. Осы орайда МСЭҚБ мамандары осы індеттің таралу жолдарымен күресу мақсатында тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Алдын алу шаралары
Адамдар мен жануарлар арасында күйдіргінің ең тиімді алдын алу шарасы – жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Дертке қарсы вакцина әлсіз жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруа­шы­лығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері, жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі. Егу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың барлығын қамтуға ты­рысқан жөн. Бүгінгі күнде егу жұмыстары жануарларды жоспарлы тексеруден өткізу кезінде ветеринарлық мекемелерде тегін жүргізіледі.
Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс жерде тек ауаның әсерінен пайда бола­тынын ескере отырып, өлген жануардың терісін кесуге болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін. Өлген малды терісімен бірге өртеу немесе қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып арнайы орындар – мал көметін жерлерге өртеу үшін апару қажет. Ауру мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады.
 Қора, жайылымдардағы ауру малдар орналасқан орындар залалсыздан­ды­рылады.
Аурудың клиникалық белгілері
Күйдіргі – көбінесе тері жамылғысында көрініс береді, өкпе мен ішектерде сепсис түрінде өтуі сирек кездеседі. Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң қызғылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диа­метрі 2-3 мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы бар күлдіреген бөртпеге айналады, уақыт өте келе оның ішіндегі сұйықтық қою түске боялып, қан араласады. Бөртпе қышып шыдатпаған соң, ауруға шалдыққан адам оны қасып, бетін жаралап тастайды. Іріңді бөртпенің орнына беті ашылған өлі етті қабыршақ пайда болады. Дәл осы қабыршақ күйдіргінің негізгі белгісі, дерттің атауы да осы қара даққа («углевик») байланысты шыққан. Қабыршақ қатты, тығыз, күйдірілген сияқты болады. Оның айналасын қызыл түсті жиек қоршайды. Тері жамылғысы өзгеруінің алғашқы сағат­тарында дертке шалдыққан адам әлсіреп, селқос болып, басы ауырады; екінші күні дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, науқастың халі нашарлайды. Мұндай температура 5-6 күн бойы сақталып, күрт төмендейді.

Емдеу
Дер кезінде жасалған медициналық көмек сауығып кетуге кепілдік береді. Сондықтан аурушаңдықтың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ, меди­циналық көмекке жүгіну қажет. Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде ғана дерт­тен толығымен айығып кетуге болады.

Қаперіңізде сақтаңыз!
Ет және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді арнайы мал дәрігерінің бақылауынан өтпеген, сатуға рұқсат құжаттары жоқ жеке тұлғалардан алуға тыйым салынады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста