Көкжырада тірлік жандана бастады

Көкжырада тірлік жандана бастады

Тарбағатай ауданындағы тасқын судан Жантікей, Серіктес, Есім және Көкжыра ауылдары қатты зардап шеккен. Мәлімет жалпылама болмас үшін осылардың ішінде Көкжыра ауылы бойынша бүгінде жағдайдың қалай өрбіп жатқандығына тоқталуды жөн көрдік.

Республикалық ақпарат көздері таратқан  деректерде Көкжыра ауылын су басу кезінде ауыл тұрғындарына бас-көз болған басшының болмағандығы, әркімнің бас сауғалап өз бетінше жан-жаққа қашқаны айтылып, жазылды да. Міне, тасқынның алдын алу шаралары жүргізілмегендіктен де болар, бүгіндері бұл ауылдың 80 пайызы қирап, үй-жайлары тұруға жарамсыз болып қалған. Ал ауыл халқының басым бөлігі көрші Сәтпаев ауылында және аудан орталығы – Ақсуатта  тұрып жатыр. Онда да оның көбі – аурухана, балабақша, өрт сөндіру мекемесі секілді ғимараттарды, ал біреулері туған-туыстарының үйін паналауда. Аудан орталығынан құрылған арнайы комиссия аталған ауылға келіп, тұруға жарамсыз үйлердің тізімін жасап та кетіпті. Тіркелген жарамсыз үйлердің саны әзірге – 213.

Негізі, таудан аққан су Көкжыра ауылына жақын орналасқан Базар шатқалындағы бөгеттің 78 метрін бұзып-жарып кеткен. Содан тасқын легіндегі су көбейіп, тау етегіндегі бүтін елді мекенді басып қалған. Дер кезінде бөгетті бөгендеуге аймақтағы қалың қар кедергі келтірген. Дегенмен апат болған аймаққа жеткен әскерилер мен әскери техниканың көмегімен сол бұзылған бөгет қазір қалпына келтіріліпті. Демек, күн қайтадан жылыған күннің өзінде енді бұл ауылға үлкен су тасқыны қаупі төнбеуі тиіс.

Ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы ретінде Бақытжан Кемербаев тағайындалған. Қазір әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылып, мұнда тізім бойынша әр отбасына тегін азық-түлік беріліп жатыр. Нақты цифрлармен айтар болсақ, ауданның азық-түлік қорынан Көкжыра ауылына 110 мың қап ұн, 3,5 тонна макарон өнімдері, 800 литр өсімдік майы, 11 тонна жем бөлінген.

Кешеден бастап ауыл балалары да мектепке бара бастапты. Онда да бастауыш мектеп оқушылары мен жоғары сыныптағылар (жалпы саны – шамамен 200 оқушы). Ал мұндағы 5-тен 9-сынып аралығындағылар ( жалпы саны – 300 оқушы) аудан орталығы – Ақсуаттағы №17 арнайы кәсіби-техникалық училище (СПТУ) жатақханасында жатып оқитын болып шешіліпті. Бұл арада осында оқитын балалардың ата-анасы аталған училище жатақханасына бірге орналастырылғанын да айта кетелік. Жалпы, арнайы орындарға орналастырылған адамдардың  барлығы күніне үш уақыт тегін тамақпен қамтамасыз етілуде. Үй-жайсыз бас сауғалаған бұл азаматтар күн жылынып, баспаналар салына бастаған сәуір мен мамыр айларында өз ауылдарына оралуы тиіс деп күтіліп отыр. Сол кезде оларға арнайы палатка мен жылу пештері беріледі. Ал балалар жазғы демалысқа шыққан кезде Көкжырадағы мектеп бұзылып, қайтадан салынатын болады.

Жермен-жексен болса да, ер-азаматтар тұрған үйіне оралып, оны өзінше қалыпқа келтіруге тырысып жатқан көрінеді. Мұнда қырылған малда есеп жоқ. Өлексенің иісі мүңкіп, саси бастаған. Сондықтан қандай да бір індет бой көтермес үшін өлген малдарды көметін арнайы жер белгіленген.  Қора-қопсыны қопарған үй иелері оны негізінен малдың өлексесінен тазалап алуға тырысып жатыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, онда сол көмген малдардың басын тіркеп жатқан да көрінеді. Өйткені ертең «мал шығынын сол өткізген өлексе санына қарай өтейді» деген ел арасында сөз де бар. Дегенмен бұл ретте Үкімет әлі қандай да бір шешімге келмегенін айта кетелік.
(Нақты дәйектер үшін жергілікті басылымға алғысымызды білдіреміз!)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста