Көкесі барлар көлігіне қымбат нөмір тағады...

Мансұр ХАМИТ (фото)

Көліктің мемлекеттік нөмірінің құны күн санап өсуде. Бірақ қымбатшылық­қа қарамастан, тапсырыс беретіндер өте көп. Соған қарағанда пайдалы бол­ға­ны да. Пайда болса, көлік иесіне ме, басқаға ма...
Сүйікті темір тұлпарынан ақшасын ая­май­тындар нөмірдің өзін бірнеше мың АҚШ долларына сатып алады. Астына атын жазады, алтынмен аптап, күміспен күп­тейді. Болмаса туған жылымен сәйкес­тен­діреді. Тіпті дәстүрге айналдырып, от­басы мүшелері бірдей нөмір алатындар бар. Қала берсе, қымбат, ерекше сыйлық. Әри­не, ол – әркімнің өз еркі. Бірақ көліктің «кру­той» нөмірін көпшілік әсемдік үшін таң­дамайды. Жол тәртібін бұзған жағдай­да көп көмегі тиеді деген ой ел арасында жиі айтылады. Тамыр-таныстың аты-жөнін қолданушылық әбден қалыпты жағдайға айналды. Солайша таңдаған нөмірге де қол жеткізу болады. Көкесі бардың жолын­да әрдайым жасыл шамның жанатынын ескерсек, істің мәнін түсіну қиын емес. Қа­рапайым адамның қалтасында қара темір тұлпарына тағатын, қаңылтыр бетін­дегі үш санға берер 3 мың доллар қайда? Нөмір болса болды емес пе дейтін ағалар ойының әр жағында арман неге болмасын. Әдемі, есте сақтауға ыңғайлы, мақтанып көрсетуге лайық шығар. Тек көлденең жолда қанаты бардай айдайтын көлік иелерінің өзгеге зардабы тимесе болды. Бағдаршамның қызыл түсін аяқасты көзі көрмей қалатын­дардың қалтасында қызыл «корочка» бар. Ал жаяу жүргіншіге жол бермейтін жүр­гізушінің көкесі бар. Қазіргі тілмен айт­қанда, «Бір қоңырау мәселені демде шеше­ді». Қалған жүргізушілерде ше? «Ағалап», «бауырлап», айыппұлдың пара­ғын пара беріп жазғызбайтынын айтудың еш ұяттығы жоқ. Бәрінің басынан өткен, айтыла-айтыла жауыр болған әңгіме. Сонда «крутой» нөмірдің кімге қан­дай пайдасы бар? Көлігінің нөмірі «кру­той­лар­дың» өздері де крутой болғаны ма? Ақыры дүниенің бәрі айналып келіп ақ­шаға тірел­ген екен, есептеп көрейік.
Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тө­­ленетін кейбір айыппұлдардың мөл­шері:
– көлік құралын басқару кезінде ­ белдігін тақпағандығы үшін – 8 090 теңге;
– белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін – 8 090 – 24 270 тең­ге;
– жол ортасындағы қос жолақты қиып өту – 8 090 – 24 270 теңге;
– жолдың қарсы бағытына шығып кету – 24 270 теңге;
– тұрақ және орналастырып қою тәртібін бұзу – 8 090 – 24 270 теңге;
– көлік құралын басқарып келе жатып ұялы телефондарын пайдаланғаны үшін 8 090 – 11 326 теңге айыппұл салынады. Егер көлік жүргізуші екі айда бір рет ереже бұзып, айыппұл төлесе, жылына 120 мың тең­геден асады. Мұндай ақшаға, мысалы, 111 немес 222 деген көлік нөмірін сатып алу­ға болады. Есесіне, бірнеше жыл жол по­ли­циясы тоқтатпайды, көлікке көрік бе­ріп тұрады. Бұл – көпшіліктің пікірі. Қорыта келгенде, кірістің басым бөлігі көлік иесінің пайдасына шешіледі. Бірақ қарсы да пікір жоқ емес. Яғни қымбат көлік пен көз қы­зық­тырар қымбат нөмірлі темір тұлпар­лар­ды таңдап тұрып тоқтататын тәртіп сақ­шылары бар. Ар жағы айтпаса да түсінікті. Сонда бұл қымбатшылықтың астарында не жатыр?
Такси тоқтаттым. Қымбат көліктің рулін­де 50 жас шамасындағы ер адам ­ отыр. Мәшинеге міне сала, қауіпсіздік бел­дігіне жармастым. «Тақпай-ақ қой» деді жүр­гізу­ші қолындағы қызыл ала таяғын көрсетіп. МАИ қызметкері екен. «Аға, заң бәріне бірдей емес пе?» деген сұ­рағыма, «Кім айтты саған? Заң бәріне бір­дей деп ойлайтындар – нағыз ақымақ­тар» деген жауап алдым. Әрине, бұл – мүл­дем басқа тақырып. Десек те, ҚР заң та­лаптарына тәртіп сақшыларының өздері ат­үс­ті қарайтын болса, басқаға не со­рым?!.
– Аға, өзіңіз МАИ қызметкері екен­сіз, айтыңызшы, көліктердің қым­бат нөмірлері сіз үшін дәрежеге бө­ліне ме, жоқ, әлде бәріне бірдей қа­райсыз ба? Мысалы, жол ережесін бұз­ғанын көріп тұрып, көзжұма қа­раған сәттеріңіз болды ма?
– Әрине, бөлінеді. Аса қымбат нөмір­лер­ді кімдер алады, көкесі барлар ала­ды. Болмаса, ақшасы барлар алады. Ал тоқ­татуға болмайтындарды тоқтатпай­мыз. Әрқайсысын артынан қуып жүр­мей­мін ғой, хабарлай саламын. Күнде­лік­ті бір көшенің бойында тұрған соң, та­нып аламын да.
– Сонда сіздер жоғарыда отырған көкесі бар адамдарды танисыздар ғой? Барлығының нөмірін есте сақтау мүм­кін бе? Егер байқаусызда тоқта­тып қалсаңыз не болады?
– Байқаусызда деген болмайды. Бұл – біздің жеп отырған нанымыз. Егер тоқтатсақ, жұмыстан шығып қалуымыз ғажап емес.
– Ал көкесі жоқ, ақшасы барларды ше? Оларды қайтесіз?
– О-о-о, ақшасы барлар жақсы ғой.
Сұрағаныңды береді, – деп күлді ағайы­мыз. Оның айтуынша, көлік­тердің қымбат нөмірлеріне қатысты жаңа заң дайындалып жатыр екен. Енді нөмірлер аукцион арқылы сатылатын болады. Әрине, ең қымбаттары ғана. Бағасы 1 000 АҚШ долларынан басталады. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап кү­шіне енетін заңға сәйкес, нөмір көлік иесі­нің жеке мүлкі ретінде тіркелетін болады. Қа­зіргідей құжат толтырып жүр­мей­ді. Сату­ға, мұраға қалдыруға, сыйлауға қо­жайынның өзі шешім қабылдайды, өз еркі. «Ал көршілес елдердегі ережелерді енгізу­ге қалай қарайсыз?» деген сауалыма: «Егер Ре­сейдегідей крутой нөмірлер белгілі қыз­меткерлерге ғана берілетін болса, жем­қор­лық көбейеді. Ал Корей еліндегідей тақ сан мен жұп санды нөмірлер белгілі күн­дері ғана жүреді десек, көліктің саны кө­бейе­ді. Себебі бір адамның басында кем дегенде екі темір тұлпар болады. Біреуінің нөмірі – жұп, екіншісі тақ дегендей», – деп жауап берді. Ал темір тұлпарының маң­дайына 777-ні жапсырған жас жігіттің пі­кірі мүлдем бөлек.
Данияр Оспанов, жеке кәсіпкер:
– Нөмірімді 5 600 АҚШ долларына са­тып алдым. Қымбат көлігіме қымбат нөмір ғана жарасатын сияқты. Бірақ сериясы онша емес. Оны да ақшамен жасатуға бо­лады. Қазір тудың немесе Елтаңбаның бел­гісін де жапсырып алу сәнге айналды. Кей­біреулер «менің жо­ғарыда отырған таны­сым бар» дегеннің бел­гісі дейді. Бол­маса руын жазып, жап­сырып алады. Ке­лісу­ге көмектеседі дей­ді. Жеке басым әде­мілік үшін ғана са­тып алдым. Бірақ көп жағ­дайда көме­гі тиетін сияқты. Ережені бұзбай жүруге ты­рысамын, бұзатын кездер де болады. Сондай мезеттерде МАИ қыз­мет­керлері байқамаған сыңай танытады. Кейде, керісінше, нөміріңнің өзі қалтаңда ақша барын көрсетіп қояды.

Осылайша, мәселенің бәрі түрлі тәсіл­дермен шешіліп жүр. Руыңды айт, қоңырау шал, куәлік көрсет, ақша бер тағысын-тағы. Бірақ адамның тағдырын қайта ор­ны­на келтіретін кері жол жоқ. Кінәсіз жан­ның қанын мойнына жүктеп, ра­­қым­­­­шы­лыққа ілігетін «крутойлардың» көлігі­нен сақта­сын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста