«Кері әсерін білсе, ішуді тоқтатар еді»: хирург энергетикалық сусынның зияны туралы айтты

Соңғы кездері жедел хирургия бөлімшесіне асқазанның жедел ойық жарасы мен эрозиясынан қан кетумен түскен жас жігіттерді көп байқадым.

Алматылық хирург энергетикалық сусындардың зияны туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Энергетикалық сусындар – бұл кофеині жоғары қуат беретін сусындар. Көптеген адам мұндай сусынды ішкенде бойына ерекше қуат бітіп, шабыт алады. Алайда шамадан тыс кофеин денсаулыққа зиян.

Энергетикалық сусынның құрамындағы кофеин ауыр гастрит тудырады, бұл асқазан, ішекте қабыну, ауырсыну, жаралар мен эрозиялар және қан кету сияқты белгілерді тудыруы мүмкін.

"Соңғы кездері жедел хирургия бөлімшесіне асқазанның жедел ойық жарасы мен эрозиясынан қан кетумен түскен жас жігіттерді көп байқадым. Сондай-ақ қабылдау бөліміне іштің түсініксіз ауыруы, жүйке қозуы, мазасыздану, жүрек айнуы, дәреті бұзылған жас жігіттер жүгінеді", - дейді 4 қалалық клиникалық ауруханада жұмыс істейді, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 1 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры Абылай Баймаханов.

Дәрігерлердің айтуынша, энергетикалық сусындардың денсаулыққа қаншалықты кері әсерін білсе, миллиондаған адам оны ішуді тоқтатар еді. Терапевтер, кардиологтар ғана емес, тіпті хирургтар да энергетикалық сусындарды шамадан тыс пайдалану проблемасына тап болған. Өйткені энергетикалық сусынды ішу салдарынан хирургиялық патологиясы бар науқастар саны күрт артқан.

"Кейбір науқастарды реанимацияға жатқызуға тура келеді. Бұның бәрі абдоминальды органдардың жедел хирургиялық ауруларын диагностикалауда қиындықтар тудырады, хирургтар мән-жайды анықтау үшін диагностикалық лапароскопияға жүгінетін жағдайлар болады. Барлық жағдайда науқастар энергетикалық сусынды күніне 3-4 банкаға дейін ұзақ уақыт қабылдағанын айтады", - дейді хирург.

Энергетикалық сусын - жалпы әлсіздену және апатия, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесінің күйіне кері әсері және сусынды шамадан тыс ішкен кезде ол гипертониялық кризді, тахикардияны және жүрек аритмиясын тудырады.

"Бүгінде ата-ана мен мемлекет тарапынан жеткілікті бақылаудың жоқтығынан әрбір жасөспірім кез келген сауда нүктесінен энергетикалық сусынды сатып ала алады. Біздің өскелең ұрпақ энергетикалық сусынның зиянды әсерінен хабардар болуы керек, бұл сусынды ішу процесін олардың өздерінен басқа ешкім бақылай алмайды", - деп түсіндіреді дәрігер.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы оқушылар арасында сауалнама жүргізген, оған Қазақстанның 20 өңірінен 11-15 жас аралығындағы 8,5 мыңнан астам оқушыға қатысқан. Соңғы мәліметтері бойынша, Қазақстанда 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 45%-і энергетикалық сусынды ішіп көрген, кәмелетке толмағандардың шамамен 3%-і күн сайын энергетикалық сусынды ішеді әрі бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Балалардың 17,5 пайызы энергетикалық сусынды аптасына бес-алты рет тұтынады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста