Кеңес Одағының соңғы батыры қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Каменка елдi мекенiнде Кеңес Одағының батыры Садық Жақсығұлов өмiрден өттi. Ол мұндай атаққа ие облыстағы көзi тiрi соңғы ардагер болатын.
Садық Жақсығұлов 1924 жылдың 21 шiлдесiнде дүниеге келген. 18 жасында соғысқа аттанған ол Курск түбiндегi кескiлескен қанды қырғынды бастан кештi. Осы жерде қайсарлығымен көзге түсiп, «Ерлiгi үшiн» медалiне ие болды. Ал Днепрден жеделдетiп өту кезiнде майдандастары оны «жеңiлмейтiн сержант» атап кеткен. Өзеннен өткен минометшiлер жау бекiнiсiн басып алды. Бiр тәулiкке созылған ұрыста жаяу әскерлердi ұйымдастыра бiлген Жақсығұловтың ерлiгi ескерiлдi. Оған Кеңес Одағының батыры атағы берiлдi. Соғыстан кейiн ауылдағы партия бөлiмшесiнде қызмет еткен ардагер бес баланы өсiрiп-өндiрдi. Батырдың аты Каменка ауылындағы орта мектепке көзi тiрiсiнде-ақ берiлдi. Алайда ол биыл 64-шi рет тойланатын Жеңiс күнiне жете алған жоқ.