Интернеттің игілігін көре алмай келеміз: Абай облысындағы ауыл халқы интернеттің тым баяулығына шағымданды

Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылындағы әкімдікке кірсеңіз, интернет кезегінде иін тірескен халықты көресіз. Себебі басқа жерде интернетке қосылу мүмкін емес. Әкімдіктегі 6 компьютерде жұмыс істеуге көбінесе дәрігерлер, мұғалімдер, пошта қызметкерлері мен мектеп оқушылары келеді. Ауыл әкімі Ербол Ережеповтың айтуынша, осы мәселе бойынша байланыс операторларына талай мәрте хат жазылғанымен күні бүгінге дейін еш нәтиже жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінде 1630 адам тұрады. Округ құрамындағы 4 елді мекеннің халқы мардымсыз интернеттен машақат шегіп отыр. Олардың айтуынша, Тарбағатай ауылындағы әкімдіктен басқа жерде интернет мүлде ұстамайды. Одан бөлек, ұялы телефон байланысы да нашар.

«2019 жылға дейін Activ ұялы байланысы жақсы ұстайтын. Алайда Altel мен Tele2-ні қосып, 3G орнатқалы бері байланыссыз қалдық деуге де болады. Бірде ұстайды, бірде ұстамайды. Артық қыламыз деп тыртық қылды. Интернет те жоқ. Жұрттың үнемі көтеретін мәселесі осы», - дейді ауыл әкімі Ербол Ережепов.

Оның айтуынша, әкімдік ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы сияқты кішігірім бөлме бар. Онда 6 компьютер тұр. Интернетке қосылғысы келген тұрғындардың барлығы осында жиналады. Телефон немесе ноутбук арқылы Wi-Fi-ға қосылуға да болады. Бірақ бірнеше адам бір мезетте қосылса, интернет мүлде тартпай қалады. Сол үшін бәрі кезекпен қосылуға мәжбүр.

«Әкімдік пен аурухананың арасы шамамен 150 метрдей. Науқастарды тіркегенде, қажетті мәліметтерді базаға жібергенде бізге интернет қажет. Сол үшін әкімдікке баруға тура келеді. Қыс кезінде ары-бері сенделіп жүру оңай емес. Кейде ол жақта ұзын-сонар кезек қалыптасады. Осының салдарынан жұмысымыз баяулайды», - деп өз шағымын білдірді ақ халаттылар.

Ауыл әкімінің сөзінше, осы мәселе бойынша байланыс операторларына талай рет хат жазылған. Алайда әлі күнге дейін еш нәтиже шықпай келеді.

«Өзімнің, аудандық мәслихат депутаттарының, аудан әкімдігінің атынан осы уақытқа дейін қаншама рет хат жаздық. Ауыл халқы аз болса бірсәрі. Тарбағатай – Аягөз ауданындағы ең үлкен ауылдардың бірі. Аудан орталығынан 80 шақырым жерде орналасқан. Тезірек, сапалы интернет тартылса екен дейміз», - дейді Ербол Ережепов.

Осы ретте, ҚазАқпарат тілшісі Абай облысы әкімдігіне де хабарласып көрді. Ондағылар бұл түйкілді мәселенің түйіні қашан тарқайтынынан мәлім етті.

«Үржар, Жарма, Аягөз, Бесқарағай, Ақсуат, Абай аудандарының кейбір ауылдарында интернет жылдамдығының өте төмен екені белгілі. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен телекоммуникация саласының операторлары арасында 2024 жылға дейін Абай облысындағы 106 елді мекенді сапалы байланыс және интернет қызметтерімен қамту жоспарлануда», - делінген ресми жауапта.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста