Ғасыр жасаған қарияларымызды қадірлей алып отырмыз ба?

Ғасыр жасаған қарияларымызды қадірлей алып отырмыз ба?

Жаратушы Иеміз әр пенденің маңдайына өлшеулі ғұмырын жазып береді дейді. Рас, әрбір адам баласы оған қарсы тұра алмасы анық. Мына жалғаннан тататын дәм-тұзы таусылса, пәни дүниені тәрк етіп, бақилық өмірдің кемесіне мініп жүре береді. Десе де, кейбір жұ­мыр басты пендеге ғасыр­дан астам уақыт ғұмыр кешу маңдайына жазылып жатады. Әрине, оны он сегіз мың ғаламның иесі – Алла тағаланың құдіреті демеске шек жоқ. Қазекем қашанда деннің саулығын басты байлық деп бағалаған.
Ендеше, әрдайым оның қадірін жете тү­сініп, денсаулықты күтсек, ұзақ өмір сүру­дің кілтін таба алар едік. Расын айту керек, кезінде біздің халықта 100-ден ас­қан және оған жетеқабыл жасқа жететін қа­рия­ларымыз аз болған жоқ. Тіпті күні ке­шеге дейін ата-бабаларымыз ең болма­ған­да 90 жасқа таяп, немере мен шөбе­ре­нің қолынан май жеп, баянды ғұмырды бұйырт­қанына разылық танытатын еді.
Қазіргі таңда солардың қатары сиреп бара жатқаны көзге анық байқалып тұр. Ақ­сақал дегенде 70-тің жотасынан енді ас­қан немесе 60-ты алқымдаған азамат­тар­ды айтатын болдық. Бұрын төрде асқар тау­дай болып 80 мен 90-ның төріне шық­қан қазыналы қарттарымыз отыратын. Осы­ның өзінен бүгінгі күні ұзақ жасау екі­нің бірінің маңдайына жазыла бермейтін бақ па деп қаласың.
Бабаларымыз қанша өмір сүрді?
Қазақ ұзақ өмір сүретін ұлттар қатарына жата ма? Өткенімізге үңілсек, бұ­ған дәйек боларлық деректер аз кездес­пей­ді. Әйгілі қаламгер Лев Толстоймен етене жақын болған танымал ғалым, Харьков универси­тетінің профессоры, биолог Аркадий Якоби біздің халқымыз туралы қызықты дәйектерді жазып кеткен. Қазақтар жайын­да жазған еңбегінде ол: «Көшпелі өмір мен дәмді тамақ, таза ауа оларды түрлі дерт­терден аман алып қа­ла­ды. Осының арқа­сында қазақтар 100 жыл­дан астам өмір сүреді. 70 жасқа келіп, ауы­рып, ажал тырнағына ілінетіні некен-саяқ» деген екен. Осының өзі біздің бұрын­ғы кезең­де ұзақ жасаушы ұлттар қатарында болғанымызды айғақтай түседі. Бұл сөздің растығына көзіміз талай жетті. Өйткені 70-тен асқан қариялар қара жұмысты да белі ауырмастан жасағанын көріп өстік. Өкініш­ке қарай, қазір бұл жасқа келген адамдар­дың көбі түрлі дерттерге шалдығып жа­татыны жасырын емес. Рас, кезінде бар­­лығы қолмен жасалды, бүгінгідей тех­ника жоқтың қасы еді. Таң атқаннан күн батқанға дейін бейнеттен бел шешпеген қазақ азаматтары сол еңбек жасауы арқы­лы өмір жасын ұзарта білді. Ал қазір жұ­мыс­тың барлығы дерлік түрлі техникамен жа­салады. Адамдардың қимыл-қозғалы­сы азайып барады. Бұл түрлі дерттердің мең­деуіне алып келетін жағдай екені тағы да белгілі. Арыдан іздемей-ақ қоялық, қа­зақ халқының ұлық тұтқан үш биінің бірі – Қазыбек би ғасырлық ғұмыр сүрген. Абыз­дық қасиетімен Алаш жұртын ұйыта біл­ген Жамбыл атамыз да 99 жастан асқан­да пәни дүниеден өтті. Сондай-ақ Шал­киіз жырау – 95, күйші Дина Нұрпейісо­ва – 94, Төле би – 93, Кенен Әзірбайұлы 92 жасында ба­қиға көшті. Осының өзі біз­дің халқымыздың ертеден ұзақ өмір сүре­тін ұлттар қатарында болғанын дәлелдей тү­седі.
Бауыржан Бекбанов, Қызылорда қаласындағы №1 емхананың дәрігері:
– Жалпы алғанда, ұзақ жасау әлеуметтік және биологиялық құбылыс саналады. Дү­ние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтір­ген мәліметке сүйенсек, адам өмірінің ұзақ­­тығы мен денсаулығының 50-60 па­йыз­дан астамы тікелей өзіне қатысты бола­ды. Ата-бабаларымыздың ұзақ өмір сүру себебін іздесек, кезінде олар ас-ау­қат­қа маңыз беріп қарады. Бүгінгідей емес, тамақтың табиғи түрлерін дастарқан­ға қойды. Әсіресе қымыз бен қымыран, жыл­қы етін пайдаланды. Қазіргі таңда әлем­дегі дәрігерлер жылқы етінің адам ден­саулығына  жұғымдылығы жөнінде оң пікір­лер білдіріп келеді. Сонымен қатар кө­н­екөз қариялар күнұзақ қара жұмыс жасап, тұла бойын сергек ұстады.

70-ке жетпей жатқандар көп...
Бүгінгі күні әлемде ұзақ жасаушылар жө­нінен Жапония мемлекеті алдыңғы орын­да келеді. Осы күндері бұл елде жасы жүзден асқан 40 мыңнан астам қа­рия бар екен. Ал Еуропаның озық елдері са­налатын Гол­ландия, Швеция, Швейца­рия, Гер­ма­ния­да орташа өмір сүру ұзақтығы 75-85 жасты ма­ңайлап тұр. Ал Қазақ­станда ол 70 жас­тан аспай тұр. Жалпы, ұзақтығы 70-тен асқан жан­дар егде адамдар қатарына жатқызы­ла­ды. Мамандардың айтуынша, ол алдағы жыл­дарда тағы да 2-3 жасқа көтеріледі. Де­ген­мен бұл орай­да бізде арнайы бағ­дар­лама жоқтығы байқалып тұр. Тіпті жасы 100-ден асқан қариялардың өмір сүру қабілетін зерттеп жүрген кім бар? Қа­зақ­стандағы 2009 жыл­ғы ұлттық санақ бо­йын­ша ғасырлық ғұ­мыр кешкен қариялар саны 700-ден ас­қан екен. Ғалымдар осы­дан жарты ға­сырдай бұрынғы санақтарда атал­мыш көр­сеткіш бұдан 2-3 есеге дейін көп бол­ға­нын айтады.
Зерттеуге қашан зер саламыз?
Соңғы санақ бойынша ұзақ өмір сүр­ген­дер қатары еліміздің таулы аймақ­тарын­да басым болғаны аңғарылды. Атап айт­қан­да, Шығыс Қазақстан, Алма­ты, Оң­түс­­тік Қазақстан облыста­рында көбірек кө­рініс берген. Бәлкім, таудың саф ауасы адам өмірін ұзартуға әсер ететін шығар. Дегенмен сол санақ кезінде Сыр өңі­рінде 22 адамның жасы 100-ден асқаны тіркел­ген. Бір қызығы, олардың 12-сі Арал, Қазалы аудандарын­да тұрады екен. Өкі­ніштісі, бұл тақырыпты тереңнен зерт­теп жүрген ғалымдар некен-саяқ. Сол зерт­­теуді көпшілік ара­сы­на кеңірек наси­хат­тай алсақ, біздің елі­міз де ұзақ жасайтын мемлекеттер қа­та­рынан орнын ойып ала­ды деуге толық негіз бар.
Ғасырлық ғұмыр жасаған қарияларға қандай қамқорлық көрсетіп жүрміз? Бұл орайда да ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Тіпті оған қалыпты жағдай есебінде қарайтын әдетіміз тағы бар. Олар 100 жасқа толғанында билік басындағы кейбір азаматтар хал-жағдайын сұраудың өзіне немқұрайды қарайды. Қысқаша айт­қанда, бізде көп жасаған қариялар мәсе­ле­сі ұмыт қалып тұрған жайы бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста