Eшбір тілге аударылмайтұғын екі ұғым

Eшбір тілге аударылмайтұғын екі ұғым

Жалғасы. Басы өткен сандарда

Меніңше, қазақта ешбір тілге аударылмайтын екі сөз, екі ұғым бар. Бірі Олжас Сүлейменов жырлаған әйгілі «айналайын» болса, екіншісі – «сағыныш». Орыстың «тоска по Родине» немесе «я скучаю...» дегені сарғайған сағыныштың мән-мағынасын толық ашып бере алмайды-ау. Ал Атамекенге деген сағыныштың орны мүлде бөлек. Әншейінде туған жердің түтіні де ыстық деп айта береміз. Ақиқатында бұл сөздің нағыз мән-мағынасын елден жырақта жүрген отандастарымыз білсе керек.
 Бірде АҚШ-қа бара жатқан жолда Амстердамның «Скипхол» әуежайында ұшақ ауыстырып мінетін болдық. Бес сағаттан астам бос уақытымыз болған соң, емін-еркін дүкен аралап, бой жаздық. Қасымдағы әріптесім Ресейдің қазағы еді, ол – орысша, мен қазақша сөйлеп келеміз. Бір-бір шыны аяқ кофе ішкіміз келді. Кофеханада вьетнам қызы бізге бір түрлі жылы ұшырап, қайта-қайта қарағыштай берді. Бір уақытта жанымызға келіп: «Кешіріңіздер, қазақсыздар ма?» – демесі бар ма! Сөйтсек, ол өзіміздің қаракөз қарындасымыз болып шықты. Еуропада тұрып жатқанына бес-алты жыл болған. Қазір Парижге ұшып барады екен. Ана тілінде біраз қауқылдасқан қарындасымыз біздің ұшаққа дейін шығарып салуымызды қиыла өтінді. Қимай қоштасқан қаршадай қыздың жанарында бір мұң тұрды, сол мұң, сірә, елге деген сағыныш болар...
 Есімдері есте қалмапты.Екі жігіт іздеп тапты бізді. Кезінде Қазақстаннан Көкше жерінен тарихи отанына оралғандар. Бірінің ұлты – поляк, бірі – неміс. «Қазақтар келіпті» деген хабарды ести сала жеткен беттері екен. Ең болмаса бір тілдесіп, ел жағдайын сұрастыру үшін. Германияның Бундесверінде әскери борыштарын өтеп жүрген жігіттер басында қысылып отырды. Сосын бойлары үйренген соң, ашылып, біршама уақыт әңгіме-дүкен құрдық. «Шынын айтсақ, біз елді әбден сағындық. Бізді мұнда ешкім құшақ жая қарсы алған жоқ. Ол былай тұрсын, бұрынғы Кеңестер Одағынан келгендерді «русак» деп кемсітеді. Біз өзімізді төменгі сортты адамдай сезінеміз», – деді екеуі бірауыздан. Менің ұққаным, олар кіндік қаны тамып, кірін жуған Көкше өңірін туған жерім деп есептейді. Сол себепті неміс топырағына жерсіну қиынға соққан. Олардың өмір бойы жерсіне алмаулары да мүмкін ғой...
Тағы бірде Алматы әуежайында орыс ақсақалы өтініш айтты:
– Қызым Америкада тұратын еді. Мынау кішкентай сәлемдеме, сіз арқылы беріп жіберсем, қалай қарайсыз? Атлантада күтіп алады.
– Жарайды.
Бұл – 2001 жылдың 11 қыркүйегіне дейін болған диалог. Әлемді дүр сілкіндірген Нью-Йорк оқиғасынан соң сәлемдемелер сап тыйылды ғой. Сонымен, Атланта қаласына ұшып келдік. Айтқандай, қасында «күле бергіш» америкалық күйеуі бар орыс келіншек күтіп алды. Рақметін жаудырып жатыр. Мен әрі қарай Мемфиске ұшуым керек. Ал әлгінің әңгімесі таусылар емес. «Алматы, қалай, өзгерді ме, Қажыгелдин үкіметінің отставкаға кеткені рас па» деген сияқты сұрақтардың астында қалдым. Орысша түк түсінбейтін күйеуі екеуі ұшаққа дейін шығарып салатын болды. Ана тілінде армансыз сөйлеп, шерін бір тарқатсын дедім. Қоштасарда: «Кешіріңіз, мен жер шарының ар жағынан әкелген ана қораптың ішіндегі не зат?» – деп сұрадым. Ол: «Мантоварка... Елдің тағамын да сағындым», – деп қысыла жауап берді.
 Біздің ауылдың зираты Ақарық деп аталады. (Сонау отызыншы жылдары сол маңда Ақарық колхозы болған екен. Қазір колхоздың орнында қорым тұр). Содан бері қаншама заман ауды, қоғам ауысты. Біздің ауылдың бірнеше ұрпағы (оның ішінде менің әке-шешем де) сонда жатыр. Бір ақсақалды баласы Астанаға көшіріп әкетпекші болғанда қария: «Ең алдымен ана Ақарықты көшір, мен сосын көшемін», – деген екен...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста