Еркектің денсаулығы қаншалықты мықты болса, отбасы да соншалықты бақытты

Еркектің денсаулығы қаншалықты мықты болса, отбасы да соншалықты бақытты

«Ауруын жасырған өледі» дей­ді дана халқымыз. Дәл осы мәселеге әсіресе ер-аза­­маттар көп мән бере бер­­мейтіні бар. Өйткені ресми мәліметке қарағанда Қазақстандағы еркектердің тең жартысы сан алуан уро­­логиялық ауруларға шал­дыққан. «Ұлы сөзде ұяттық жоқ», жыныстық қатынаста олар өздерін еркін сезіне алмайды. Осы топтағы азаматтардың 8 пайызында жағдай мүлдем нашар. Ең сорақысы, ер адам дер ке­зін­де дәрігердің көмегіне жүгінбейді. Біле білсек, оның арты тек отбасы ішіндегі ұрыс-керіске ғана себеп болмай, басқа да аса ауыр сырқаттарға ұласып жатады.
­Психолог-мамандар урологиялық ау­ру­ларға тап болған ер-азаматтардың түсі­нігін былай деп сипаттады: «Ондай сыр­қатқа тап болған азаматтар өз «ер­кектік мінездерінен» аттамай, емханаға барған­нан бұрын дәрігерден кеңес сұрауға да намыстанады. Ақыр соңында әбден тұйық­­­­талып қалады. Осы кезде сан алуан проб­лемалар – үйдегі ұрыс-керіс, ерлі-зайып­тылар арасындағы келіспеу­ші­лік­тер басталып, отбасының шаңырағы шайқа­лады». Қазақстанда ондай проб­ле­ма бар. Елімізде урологиялық ауру­ларға шал­дыққан ер-азаматтардың саны 56 пайызға жетті. Ал олардың ішінде кейбір еркек­тердің жағдайы әбден мүш­кіл болып тұр. Сондықтан отандық дәрі­герлер ер адам­дардың денсаулығын сақтауға арнал­ған мемлекеттік бағдар­­ламаны әзірлеуді ұсынып отыр.
Мырзакәрім АЛШЫНБАЕВ, Б.Жар­босынов атындағы Урология ғылыми орталығының бас директоры, профессор:
– Бүгінде ер адамдардың психология­сын барынша өзгерту керек. Қоғамның да қазіргі түсінігі біртүрлі. Урологқа барған еркекті көрсе, бірден оны «импотент» деп ойлайды. Міне, осының салдарынан ер адамдар дәрігердің көмегіне жүгінбей, өз денсаулығына тым неқұрайды қарайды. Бізге әйелдерден үйрену қажет. Әрине, бүгінде әйел мен бала денсаулығына қатыс­ты сан алуан бағдарламалар бар. Біз­дің­ше, қазір ер адамдардың ден­сау­лығына арналған мемлекеттік бағдар­лама қажет-ақ. Оған сәйкес, 40 жастан асқан барлық ер-азаматтар медициналық тек­серіспен қамтылуы тиіс.

Иә, 40-тан кейін еркектердің басым бөлігі гипертония, қант диабеті, эрективті әрекетсіздік сияқты ауруларға тап бола­ды. Одан қорқудың қажеті шамалы. Маман­дардың айтуынша, ол ауру-сыр­қаттарды емдеу қиын емес. Ол үшін ер адамдар дәрігердің көмегіне дер кезінде жүгінуі тиіс. Бүгінде жыныстық әрекет­сіздікке тап болған еркектердің ортақ проблемасы – олар өз аурулары туралы айтудан бұрын дәрігерге де барып көрінуге ұялады, ал кейбіреулері намыс­танады. Сондықтан осы проблеманы шешу үшін дәрігер-урологтардың кәсіби әрі психологиялық дайындығы жоғары болуы қажет.
Бруно ЛЮНЕНФЕЛЬД, Еркектердің қартаю мәселелерін зерттеу жөніндегі Халықаралық қоғамның президенті:
– Сөз жоқ, қазіргі кезде ер адамдар өз денсаулығына атүсті қарайды. Дәл осының салдарынан олар әйелдерге қарағанда, тым қысқа өмір сүреді. Меніңше, бұл проб­леманы шешу үшін дәрігердің кәсіби дайындығы жоғары болуы шарт. Мәселен, уролог келген пациентке кеңес беріп қана қоймай, ауру-сырқаттың зардабын түсін­діре білуі тиіс. Негізі, еркектердің ден­сау­лығын сақтау саласындағы урологтың ор­ны зор. Ол – сырқат болған ер адам мен басқа дәрігерлер арасындағы маңызды тізбектердің бірі. Мен Қазақстандағы ер-азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа дейін жеткізу бастамасы туралы жақсы білемін. Ол жасқа жеткізсек, жет­кізейік. Бірақ ол өмірді қызығы мен шы­жығы мол күндерге толтыру керек қой.

Бүгінгі урологтар арасында ұрымтал бір сөз бар. «Еркектің денсаулығы қанша­лықты мықты болса, отбасы соншалықты бақытты болады», – дейді олар. Дәрігер-мамандардың осы бір қағидатымен әйел­дер қауымы да келісіп отыр.
Светлана КАЛИНЧЕНКО, Ресей ғалымы, профессор:
– Ғылыми көзқарастарды былай қой­ғанда, мен алдымен әйелмін. Дұрыс па? Біз өзімізді әйел ретінде қай кезде сезіне аламыз?  Әрине, жанымызда денсау­лығы мықты еркек болған кезде ғана біз әйел бақытына бөлене аламыз. Ал «ден­саулығы мықты еркек» деген кім? Ол – семіз емес, өмірге құмар азамат. Ондай азамат түнде бір жерге жүгірмейді, нағыз еркек сияқты ұйықтайды.

Астанада өткен Қазақстан уролог­тары­ның пленумы барысында шетелдік қонақ­тардың барлығы елімізде ер-азаматтардың денсаулығына қатысты қолға алынып жат­қан бастамаларға таң­даныс білдіріп жа­тыр. «Ондай іс-шаралар кез келген мем­лекетте жасалмай­ды», – дейді олар. Осы орайда бүгінде рес­публика бойынша ер-азаматтардың денсаулығына арналған орталықтардың ашылып жатқанын ерекше атап өткен жөн. Еліміздің сегіз облысында Еркек денсаулығы орталықтары құрылды. Онда дәрігердің кәсіби кеңестерін алып қана қоймай, денсаулықты емдеп алуға да мүмкіндік бар. Қазіргі кезде аталған орта­лықтар жергілікті бюджеттен қаржы­ланды­рылады. Болашақта тағы бір орта­лық ашу жоспарланып отыр. Отандық уролог-мамандар болашақта Еркектер денсаулығы бойынша арнайы мектепті ашуды көздейді. Ендеше біздер үшін жасалып жатқан жағ­дай­дан ұялмай, өз денсаулығымызға дұ­рыс қарап жүр­геніміз абзал. Біз бір нәрсені әрдайым қаперде ұстауымыз қажет. Меди­цина тілімен айтқанда, эрективті әрекет­сіздік отбасын­ның берекесін кетіріп қана қоймай, жүрек-қан тамыр, қант диа­беті сияқ­ты ауруларға себеп болады. Ол – медициналық тұрғыда толығымен дә­лел­денген қағида.

P.S.
Қазіргі кезде бағзы заманның табиғаты мен экологиясы жоқ. Заманауи техно­логиялар мен қолайлы құрал-жабдықтардың біздің өмірімізді жеңілдетіп қана қоймай, денсаулығымызды әбден әлсіретіп тастағанын мойындау қажет. Кеңседегі компьютер, үйдегі плазмалы теледидар – осының бәрі тұрмысқа ыңғайлы болса да, адам ағзасына зиянды екені даусыз. Адам бір жерде қозғалмай отыра берсе, семіреді, ішкі ағзаның басқа да органдарына зақым тиеді. Сондықтан «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын» іздеуді де ұмытпайық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста