Елордадағы LRT құрылысы жанданды

Елордадағы LRT құрылысы жанданды

Елордадағы ЛРТ құрылысы 2025 жылға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Жеңіл рельсті транспорт жүйесі іске қосылса, шаһардағы кептеліс мәселесі шешіледі», - дейді мамандар.

 

Құрылысқа бюджеттен 52,4 миллиард теңге бөлінді.

 

ЛРТ құрылысы араға уақыт салып өткен жылы қайта жанданды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту жөніндегі кеңесте шаһар басшысына бірқатар тапсырма жүктеді. Олардың бірі әрі негізгісі – жыр болған жеңіл рельсті транспорт жобасын жүзеге асыру.

 

Президент тұрғындарға берілген уәдені орындау керектігін айтты.

 

Жеңіс Қасымбек, қала әкімі:

 

- Қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Құрылысты жандандыру мақсатында, өткен жылы Үкімет қаржының алғашқы бөлігін бөлді. Бүгінгі таңда бірінші кезеңді аяқтауға күш салынып отыр. Жобаны толыққанды бітіру үшін 2 жыл уақыт қажет.

 

Жобаға бюджеттен 52,4 миллиард теңге бөлінді.

 

«Бірақ істі аяғына дейін жеткізу үшін, бұл сома аздық етеді», - дейді мамандар.

 

Бақыт Қарсақбаев, "City Transportation Systems" компаниясының басқарушы директоры:

 

-  Жұмысты қазіргі жоспарлағанымыз бойынша эстакадная часть дейді, соған біз жұмыс жүргіземіз. Фундаменттердің бәрін, бұрғылау жұмыстары бар, солардың бәрін бітіереміз. 80 пайыз опорный часть дейді, бағаналарды қоямыз. Енді өзінің планы межесі бар, бәрі келісілген. Бірақ оның бәрі қаржыға байланысты. Қаржы қалай бөлінеді, біз солай межені орындаймыз.

 

Құрылыс жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде 18 аялдаманың тек 8-і қолданысқа беріліп, 5 метрополитен пойызы сынақтан өтеді. Вагондарға жүк тиеліп, олардың жарамдылығы тексеріледі.

 

ЛРТ ұзындығы 22 шақырымды құрайды. Құрылыс жоспарына сәйкес 18 аялдама бекеті салынады деп жоспарланған.

 

Жоба сәтті аяқталса, онда ол, бас шаһардағы әуежай мен «Нұрлыжол» вокзалын байланыстыратын болады.

 

Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына тағы 1000-нан астам адам тартылатын болады.

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста