Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі. Дәл осындай атаумен елордада Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың қала тұрғындарымен кездесу кеші өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Оған жергілікті жұрттан бөлек, еліміздің басқа аймақтарынан жүздеген адам жиналды. Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Қарашаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі ұйымдастырған шара көпшіліктің көңілінен шықты.
Зейнеп Ахметова – Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы-этнограф, қоғам қайраткері әрі қазақы дәстүр мен отбасылық құндылыққты насихаттаушы.
Көпшілік дәл осы кездесуді тағасыдына күтті. Тіпті 700 көрерменге есептелген Жастар сарайында ине шаншыр орын болмай қалды.
Сәкен Есіркеп, қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:
– Зейнеп Ахметованы арнайы осыдан 1-2 бұрын шақырдық. Ол кісі шақыруымызды қабыл алып, қаламыздың халқымен кездесіп жатыр. Бүгін мысалы, елордамыздағы Жастар сайырайында кездесу өтті. Халық өте көп. Интернет арқылы, әлеуметтік желілер арқылы түрлі сұрақтар қойылып жатыр. Тіпті елорда жұртшылығы ғана емес, Қарағандыдан, Көкшетаудан, жан-жақтан келіп қатысып жатыр.
Кездесу еркін сұхбат форматында өтті. Мәртебелі мейман тілді құрметтеу, дәстүрді сақтау және отбасылық институттың мәртебесін көтеру мәселелеріне ерекше тоқталды.
Тұрар Саттарқызы, «Қарашаңырақ» ұлттық тәрбие беру жобасының авторы:
– 30 жылдық тәуелсіздік ішінде өкінішке орай апамыздың өзінің оқырмандарымен ұлттық құндылықты насихаттаған, кітаптарымен танысу мүмкіндігі 30 жылдың ішінде астанамызда, елордамызда болмаған екен. Бүгінде оны өзі айтты. Негізі қоғамдық ұйымдарға мүлде келмейді екен. Бірақ біздің басымызға қандай бақыт бұйырғанын өзім түсініп тұрмын.
Дәл осындай шара ертең елорда іргесіндегі Үркер елді мекенінде өтеді. Ауыл тұрғындарымен кездесу №69 мектепте сағат 11.00-де болады деп жоспарланып отыр. Кіру тегін.
Ал Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Қарашаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі алдағы уақытта оны мүмкіндігінше тұрақты ұйымастыруды көздейді.