Қызылорда қаласының тұрғыны Майдаш Шәмшиев «немерем балалықпен жасаған тентектігі үшін жұмысқа орналаса алмай жүр» деп қапалы. Айтуынша, Нұрлан колледж қабырғасында оқып жүргенде құрдасымен сөзге келіспей қалып, кейін өзара бітімгершілікке келген. Алайда, оның зардабын оқуды бітіріп, мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналаспақ болғанда тартқан.
Нұрлан балалықпен жасаған бұзақылығының кесірінен мемлекеттік мекемеге көлік жүргізуішісі болып жұмысқа орналаса алмай жүр. Қызметке тұру үшін құжат дайындауға кіріскен жігіт, құзырлы орыннан «бұзақылық жасаған» деген анықтама алған. Екі қолына бір күрек ұстамақ болған азаматқа дәл осы анықтама кедергі келтіріпті. Ал зейнет жасындағы ақсақал бұны әділетсіздік деп есептейді.
Майдан Шәмшияев, атасы:
- Өмір бақи хулигансың енді сен, жұмысқа алмайды десе. Жұмыссыздықты азайтамыз деп мына қазір түрмеде отқандарды жұмыспен қамтимыз деп жағдайлар жасап жатыр ғой енді. Ал сол кезде жас балаларды өмір бақи жұмыс істемейтін қып қойсақ.Ол балдар жұмыс істемегеннен кейін тамақ табу керек. Ұрлыққа барады,төбелес сол кезде болады. Өйткені неге? Ананікін тасып жеу керек болады.
Құзырлы орындағылар жеке тұлғаларға мұндай анықтама берілгенімен, олардың жұмысқа орналасуына ешқандай кедергі келтірмеу керектігін айтады. Олар кез келген мемлекеттік мекеме мұндай азаматтардың құқығын шектемей, қызметке алуға міндетті дейді.
Әлжан Құлманов, ҚР бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қызылорда бойынша басқарма бастығының орынбасары:
- Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сол жылы 2010 жылы қазан айында жаңағы қозғалған іс ақталмайтын негізінде өндірістен қысқартылған. ҚР 76 бабына сай жоғарыдағы мәліметтер соттылық болып саналмайды. Егер басқарма берген мәліметтер сұраушылардың жұмысы еңбек заңына тәртібін бұзған жағдайда олардың әрекеттері бойынша сотқа шағымдануға болады.
Бұзақылық былай тұрмақ, бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп келгендерді жұмысқа орналастыру жайында қала әкімінің қаулысы шыққан. Осы бойынша қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірқатар іс-шаралар атқарылып жатқан көрінеді.
Нұржамал ЕСҚАРАЕВА, Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің сектор басшысы:
- Барлық мекеме басшылары қаулымен танысқан. Сондықтан осы бас бостандығынан айырылған азаматтарға ешқандай шектеу қойылмайды. Еңбек нарығына сәйкес білімдері болмаған жағдайда ол азаматтарды біз даярлау курстарға мамандықтарға дайындаймыз.
Ал Нурлан Майданов болса мемлекеттік мекемелердің маңайына жолай алмай жүр. Енді ақсақал немересінің болашағына алаңдап отыр.
31.kz