Билет жоқ, есесіне, делдалдардың дәурені жүріп тұр

Билет жоқ, есесіне, делдалдардың дәурені жүріп тұр

Жылда қайталанатын жағдай! Жаз басталып, арлы-берлі жүріс көбейгенде жұрт билет таппай сандалып қалады. Биыл бұл мәселе тіпті ушығып тұр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Ұшақ билетін екінің бірі ала алмайды. Пойызға мүлдем жоқ. Жолаушылар - тасымалдаушы компаниялардың сайттарын сүзіп, вокзал кассаларын торығанмен пайда шамалы. Есесіне, делдалдардың дәурені жүріп тұр.

 

Жаз келіп, демалыс маусымы бастала сала, билет те таусылады. Баяғы жартас, сол жартас. Өзгерген ештеңе жоқ. Тек пысықайлардың айла-шарғысы ғана түрлене түсті.

 

Діттеген жерге жедел жетуді қалағандар есебін тауып, еселеп төлеп, вагонға еніп жатыр. Енді бірі вокзал маңын жағалап жүр. Билет таппай сергелдеңге түскендерден көз сүрінеді. Билетке қол жеткізу қиындағасын, жұрт өзге қатынас түріне көз тастайды.

 

- Билеттер мүлде жоқ. Уақытында билет таппайсың. Таксимен кетеміз қымбат болса да.

 

- Билет жоқ. Күту парағына қойғанбыз. Ол да болмайтын сияқты. Күткен сайын уақыт өтіп жатыр. Күткен сайын билеттің бағасы көтеріліп жатыр. Пойызға болмағасын,самолетті қарап отырмыз енді.

 

Билет жоқ деп шырылдап, шамырқанбас үшін оны 45 күн бұрын сатылымға шыға сала, шап беріп алу керек. Онда да үлгергендері ғана алады.

 

- Біз билетті бір ай бұрын алып қойдық. Ерте алдық. Осы пойыздың өзіне әрең таптық қой.

 

- 45 күн бұрын таңғы 7-де билеттер сатылымға шыға сала алдық. Сол күні түсте қарап едік, билеттер бітті деп шықты. Сапарымызды билет үшін кейінге шегеруге тура келді.

 

Әлбетте адамның бәрі 45 күн бұрын сапарын жоспарлай бермейді. Аяқасты жолға шығуға бекінгендердің билет таппай сабылатыны содан. Ал билет кассада да, интернетте де емес, олжаға батып жүрген алып-сатарлардың қалтасында.

 

"Қазақстан темір жолы" бұл бір кетпейтін кесел, бітпейтін былықтың жолын кесу үшін ашықтықтықты мақсат етіп, «күту парағын» іске қосқан еді. Сол арқылы күту тізіміне енгендер автоматты түрде жол жүруден бас тартқан адамдардың орнын баса алады.

 

Жалпы билет тапшылығының басты себептерінің бірі - вагон жетіспеушілігі. Мәселен, былтыр ақауы бар 251 жолаушы вагоны эксплуатациядан алынған. Ал оның орнын жабу үшін біршама уақыт күтуге тура келеді.

 

Жыл сайын пойыз арқылы 14 млн жолаушы, оның 4 жарым миллионы жаз мезгілінде қатынайды екен.

 

Темірлан Дүйсекеев, "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз хатшысы:

 

- 2025 жылдан бастап, 5 жыл бойы 500 талаптарға сай жаңа вагон әкелуді жоспарлап отырмыз. Ал жылдың аяғына дейін ресейлік 50 жоғары сапалы вагон елге келуі тиіс. Жалпы қазіргі таңда Бурабай мен Алакөлге елдің әр түкпірінен қосымша 6 жаңа маршрут қосылды. Жолаушыларға билеттерді ресми сайттан ертерек алуға ал билет жоқ болса, күту парағын пайдалануға кеңес береміз. Делдалдар ол сайт арқылы көптеп билет ала алмайды. Себебі онда әр адамның жеке деректері жазылады.

 

Ұлттық компания өкілі арнайы мониторингтік топ тексеру барысында билетсіз жүрген азаматтар мен оларды өткізіп жіберетін жолсеріктер әлі де кездесетінін жасырмады.

 

Ал Көліктегі полиция департаменті жыл басынан бері заңсыз билет сату бойынша бар-жоғы 4 деректі анықтапты. Жалпы құн үстіне құн қосқан алыпсатарларға 70 мың теңге көлемінде ғана айыппұл салынады не 5 тәулікке дейін қамалады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста