Билер соты ма, әлде медиация ма?

Билер соты ма, әлде медиация ма?

Осыдан аздаған уақыт бұрын құқық қорғаушыларымыз қазақтың ежелгі билер сотын қайта жаңғыртып, қолданысқа енгізу мәселесін көтерген еді. Дегенмен айтылған ой аяқсыз қалып бара жатқан сияқты. Есесіне, елімізде дауды шешудің медиация әдісі кең қолданыла бастады. Билер сотының орнын басқан медиация әдісі қаншалықты тиімді? Билер сотынан оның қандай өзгешелігі не артықшылығы бар?

Мамандардың айтуынша, медиация – жалпы дауларды шешудің балама әдісі. Яғни медиаторлардың негізгі міндеті – дауласушы екі жақты сотқа дейін ортақ шешімге келтіру, былайша айтқанда, екі жақтың пікірін үйлестіру. Медиация әдісі өзге елдерде 50 жылдан бері кең қолда­нылып келеді. Мәселен, дамыған батыс мемлекеттерінде отбасылық болмаса, тұтынушы мен сатушы арасындағы сияқты түрлі салаларда туындап жататын ұсақ келіспеушіліктердің 80-90 пайызы медиа­ция әдісімен шешіледі екен. Қазақстанда бұл әдістің қолданыла бастағанына он жылдан асты. «Алғаш қолдана бастағанда қазақстандық құқық қорғау өкілдері бұл әдіске таңырқап, тіпті жатырқап қарағаны рас. Ал осы күні медиация ең қажетті мамандық түріне айналып отыр. Бұл әдістің дәнекерліктен бір айырмашылығы, онда белгілі бір процесс және тәртіп бар», – дейді мамандар. Қазір «Медиация туралы» заң жобасы дайын тұр. Келесі жылы Елбасы қол қойса, ол толықтай қолданысқа енгізі­леді. Қазақ халқында ежелден бері барлық дау-дамай, ел арасындағы, ру ішіндегі ки­кіл­жің, келіспеушіліктерді шешетін билер соты болған. Даудың әділ төрелігін айтып, шынайы шешендігімен көрінген билерді ел ерекше құрмет тұтатын. Билер де дауды ханға жеткізбей, ушықтырмай, бейбіт жол­мен шешіп отырған. «Би екеу болса, дау төртеу болады», «би әділетсіз болса, қараша халықтан береке кетеді» деген сөздер осыдан қалған. Ал енді сан ғасыр­дан келе жатқан осы би сотын енгізуге не кедергі болып отыр? Сонда Қазақстанда он жыл бұрын ғана пайда болған медиация­ның артық болғаны ма? Біз осы сұрақ төңірегінде Бітімгершілік медиация орта­лығының жетекшісі Светлана Романов-­ с­каямен пікірлесіп көргенімізде, ол медиа­цияның билер сотынан көп айырмашылығы бар екенін, медиация әдісінің өміршең екенін айтты. «Егер билер соты сот проце­сіне араласатын болса, медиация сотқа дейінгі істерді реттейді. Қазір кейбір ма­ман­дар «Медиация туралы» заңға билер соты туралы тарауларды енгізгісі келеді. Бұл дұрыс емес. Медиацияның әлемде қалыптасқан өз ерекшеліктері бар, егер біз заңға билер соты туралы жазатын болсақ, әлемдік қауымдастық бізге күледі», – деп жауап берді. Негізінен, қазақ халқы үшін медиация туралы заңнан гөрі билер соты туралы заңды қабылдаған әлдеқайда тиімді. Біріншіден, билер соты қазақ хал­қының табиғатына, өмір сүру ерекше­лік­теріне сай келеді. Екіншіден, бізде ауылдық жерлерде медиация әдісіне көпшілік жү­гіне алмайды. Ал билер сотын әрбір ауыл­да құруға мүмкіндік бар. Үшіншіден, қоғам өкілдері медиациядан гөрі билер сотының әдістерімен жақсы таныс.

Светлана РОМАНОВСКАЯ, Бітімгершілік медиация орталығының жетекшісі:
– Қоғамда көпшілік медиатрия өлшемін дұрыс түсінбейді. Медиация сот емес, ол – тек екі жақты бір мәмілеге келтіру ғана. Егер осы әдіс кең қолданылса, соттардың жұмысы жеңілдейді әрі азаматтар көп уақыт бойы соттың соңынан жүгірмейтін еді.

 
Бақыт БЕГАЛИЕВ, Алматы қалалық сотының судьясы:
– Өзім бұрын азаматтық сотта жұмыс істегенде, азаматтардың бітімге келуін бірінші орынға қоятын едім. Себебі ең жақсы шешім –   келісім. Қазақтың тарихында би соттары болған. Сондықтан, менің ойымша, «Медиация туралы» жаңа заң жобасына билер соты туралы баптар енгізу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста