Берлинді алғаш бомбалаған – Біләл Қалиев

Берлинді алғаш бомбалаған – Біләл Қалиев

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына 289 күн қалды

1985 жылдың жазында Липецк облысы Дебринский ауданының қызылізшілері Хворостянка селосы маңынан орман арасында соғыс жылдары құлаған Кеңес ұшағын батпақ ішінен қазып алды. Ұшақ ішіндегі қайтыс болғандардың сүйектерімен бірге ұшқыш Иван Удовиченко, штурман Павел Иоффе мен осы уақытқа дейін «белгісіз кеттілер» қатарында есептеліп келген ұшқыш Біләл Қалиевтің есімдері жазылған жауынгер гильзалары шыққан. Бұл соғыс тарихындағы аса құнды деректі олжа еді.

Ұлы Отан соғысы Қызыл Армия үшін барынша қолайсыз шақта басталды. Кеңестік әскери басшылық фашистік шабуылдың ауқымын алдын ала білмегендіктен, ірі стратегиялық кемшілік жіберіп алды. Жау күшінің бір бөлігі ғана соғысқа тартылады деп есептелген еді. Ал гитлерліктер болса майдан даласында басты бағыттардағы екпінді бөлімдердің 80 пайызға жуық жаяу әскерін алға шығарды. Олар қаптаған танкілермен біздің әскерімізді бұзып-жарды, қоршап алды.
22 маусым күні таңғы уақытта біздің әуежайларымызда мыңға жуық ұшақтар жойылып кетті. Олар тіпті орындарынан ұшып та үлгермеді. Сондай-ақ шайқасқа қатыса алатын танкілердің басым бөлігіне жанармай жетіспеді. Міне, сондықтан да соғыстың алғашқы кезеңінде майданның көптеген учаскелерінде біздің жауынгерлеріміз танкілер мен авиацияның көмегінсіз іс-қимыл жасады. Жау басты бағыттарда бізден үш есе, тіпті бес есе қуатты еді.
1941 жылдың 10 шілдесіне дейін неміс әскерлері Литва, Латвия, Белоруссияны түгелдей, Украина аймағының біразын басып алды. КСРО жерінің солтүстік-батыс өңіріне – 500 шақырым, батысына – 600 шақырым, оңтүстік-батысына 350 шақырым бойлай кірді. Солай бола тұрса да, миллиондаған қызыл әскердің өзін-өзі құрбандыққа шалған биік рухы, батылдығы, табандылығы, теңдесі жоқ ерлігі арқасында герман командованиесінің «жойқын соғыс» жоспары кібіртіктеп жатты.
«1941 жылдың 22 шілдесінде, соғыс басталған соң, бір айдан кейін, неміс фашистерінің ұшқыштары ұшып келіп Мәскеуді бомбалаған. «Геринг қырандары» аталған фашистердің әуе күштері мықты болатын. Бұдан кейін кеңестік әскери әуе күштерінің алдында Берлинді бомбалау міндеті тұрды. Алайда екі ара тым алыс. Үлкен есептеулер мен тыңғылықты зерттеулер арқасында ДБ-3 (дальний бомбардировщик) деп аталатын ИП-4 ұшақтары Балтық теңізіндегі Сааремаа аралының әуежайынан ұшқанда ғана Берлинге барып қайтуға шамасы жететіні белгілі болды. Шындығын айтқанда, мұндай көзсіз ерлікке бару оңай емес еді. Сталиннің тікелей бұйрығымен қолға алынған бұл істе кеңестік ұшқыштардың ішінен ең мықты дегендері іріктеліп алынған. Солардың қатарында ұшқыш Удовиченко мен Павел Иоффе және Біләл Қалиев үшеуінен тұратын экипаж бар болатын.
1941 жылы 8 тамыз күні Балтық теңізінің Сааремаа аралынан алысқа ұшатын ДБ-3 бомбалаушы ұшақтары түн жамылып, Берлинді бетке алды. Балтық флоты 1-авиаполкінің командирі Е.Н.Преображенскийдің әуе қырандары еш кедергісіз-ақ Берлин аспанында еркін самғап, құзғындар астанасын бомбалады. 16 тамыз күні бұл сапар қайталанады. Балтық майданы әскери кеңесінің Берлинге жасалған екінші әуе шабуылы жөніндегі баяндауында мынадай жолдар бар: «16 тамыз. 00 сағат 50 минуттан 02 сағат 40 минутқа дейін Берлинді бомбалау жөніндегі тапсырманы орындау... 4 ұшақтан оның маңындағы Штеттин, Нейбранденбург қалаларына 5-ФАБ-250 (фугас әуе бомбасы), 56-ФАБ-100 және 62-ЗАБ-50, ЭПБ-600 (өртегіш бомбалар) тасталды. Ұшақ экипажы көптеген жарылыстар мен өрттерді көріп, бақылаған».
(«Егемен Қазақстан», 2006 жыл, 3 наурыз)
 

Міне, осы ақпарат Совинформбюроның әуе толқындары арқылы хабарланғанда, күн сайын беріліп жатқан қайғылы жағдайлардан еңсесі езілген халық «уһ» деп бір ауыр демалғандай болды. Берлиннің бомбалануы жөніндегі хабар олардың бойында жоғалып бара жатқан сенім ұшқынын қайта лаулатты.
Осындай жауапты да аса қауіпті тапсырманы орындауда асқан ерлік пен кәсіби шеберліктің жоғары үлгісін көрсеткен ұшқыштарға Кеңес Одағының Батыры атақтары берілді. Солардың бірі Біләл Қалиев еді.
...1942 жылы жау нысаналарын бомбалап қайтып келе жатқан екі ауыр ұшаққа «мессершмиттер» лап қояды. Күш тең емес еді. Мұны Хворостянка селосының тұрғындары анық көреді. Қызыл Армияның екі ұшағы да құлайды.
...Жеңістің 40 жылдығы қарсаңында Хворостянка селосының тұрғындары қызылізшілерге 1942 жылы 14 шілдеде осы жерге Совет ұшақтарының құлағанын айтады. Қызылізшілер орманға, балшыққа құлаған ұшақтарды да, ұшқыштардың мәйітін де табады. Сонымен бірге олар ұшқыштардың кім екенін, қандай әскери бөлімде болғанын және олардың Берлинді алғаш бомбалағанын анықтайды. Хворостянка селосының маңында құлаған ұшақта Павел Иоффе, Иван Удовиченко мен Біләл Қалиевтің болғанын олардың мойындарындағы капсул-медальондағы мәліметтер айғақтайды. Олардың Балтық теңізінің Е.Н.Преображенский басқарған 1-авиаполктің құрамында 1941 жылы тамыз айында Берлинді бомбалағаны белгілі болады.
Қызылізшілер Біләл әскерге алынған Түрікменстанның Красноводск маңындағы Уфра кентіне хабар жібереді. Жерлестері «ұшқыш Біләл Қалиев – Совет Одағының Батыры» деп жар салады. Оны өз көзімен оқығандар болған. Бірақ ол құжаттар сақталмаған. Батырдың туған-туыстарын да ұзақ уақыт іздестіреді. Бірақ ешқандай хабар болмайды. Оның өзіндік себебі де бар болатын. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында Түрікменстаннан елге келе алмай жүрген Қалиевтер отбасы – Қарағанды облысына, одан кейін Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына көшіп келеді.
Біләлдің туған ағасы Әбіл өзінің батыр інісін көзі жұмылғанша жоқтаған жаны жаралы адам еді. Талмай іздегенімен, еш дерегін біле алмай жүргенде 1989 жылы ол Уфрадағы Біләл оқыған №3 орта мектептің мұғалімі Нина Дәулетовадан қуанышты хат алады. Осы хаттың ізімен қарт жауынгер інісінің жерленген жері – Липецк облысының Хворостянка селосындағы Біләлдің қабіріне беліне қазақшалап түйіп әкелген Әулиеата топырағын қосып, басына арнайы дайындаған Қаратаудың көктасын қояды. Осындағы мұражайда мән-жайға қанығады. Енді ол інісінің Кеңес Одағы Батыры атағын қалпына келтіру ісіне кіріседі. Бірақ оның жоғалтқанын түгендеп, ерлігін елге қайтаруға қарт жауынгердің жүрегі шыдамады. Қайтыс болды.
Сонымен «Біләл Қалиев кім, өскен ортасы, туған жері қандай болған» деген сұрақтарға жауап берейік.
Біләл Қалиев 1917 жылы бұрынғы Гурьев облысы Маңғышлақ ауданында дүниеге келген. Красноводскіде мектепті бітіргеннен кейін алты айлық статистер курсын бітіреді. Бір жылдай «Ягман» көмір кенішінде жұмыс істейді. Одан кейін Карши қаласында теміржол стансасының курсында оқиды. Красноводскіде жұмыс істей жүріп, ұшқыштар даярлау мектебінде оқиды. 1939 жылы әскер қатарына шақырылады. Черниговте ұшқыштар училищесін бітіргеннен кейін Запорожье қаласында әскери бөлімде қызмет етеді. Қысқа да жарқын ғұмырға соғыс килігеді...
Қазақтың ержүрек перзентін ақтап алып, қаһармандар қатарына қосу кезегі енді Әбіл ақсақалдың жары, Біләлдің анасындай болған туған жеңгесі Жамал апайға келеді. Дүниеге 12 перзент әкелген Батыр ана қасына кенжесі Болатты ертіп, Ресей, Түрікменстан, сондай-ақ батырдың туған топырағы Маңғыстау өңірін шарлады. Ол Біләл Қалиевтің бар қазаққа ортақ екенін, ерлігінің бүкіл ұрпаққа өнеге екенін жете түсінді, айқын ұқты, өзгеге де ұғындырды. Соның арқасында бұл күндері бұған дейін батыр есімін Түрікменстандағы ол оқыған орта мектеп пен көше ғана алып келсе, енді Тараз бен Жаңаөзен қалаларында да оның атындағы мектеп пен көшелер пайда болды. Ескерткіш-тақталар орнатылды. Маңғыстау облысында жыл сайын Біләл Қалиев аруағына бағышталып имандылық шаралары, оның құрметіне арналған ауқымды кештер мен спорт шаралары өткізіліп тұрады.
«Мен 1939 жылы Красноводск қаласына мұғалімдер оқуына келдім, – деп еске алады еңбек ардагері Алпысбай Момбаев. – Кешке біз жатқан үйге үш жігіт келді. Таныса келе, олардың Сәбен, Шәкірат және Біләл екенін білдік. Елді сұрап жатты. Солардың арасында Біләлдің білімі де, беделі де жоғары екені аңғарылып тұрды. Біләл осы өңірде өмір сүрген Әділ болыстың өлеңдерін нақышына келтіріп айтты. Қазір ол әндерді ешкім айта бермейді. Одан кейін күй тартты. Көп ұзамай үш қыз келді. Біз қысылып қалдық. Осыны байқаған Біләл ағамыз: «Жігіттер, танысып қойыңдар, бұл қарындастар – осы өңірдің жұлдыздары. Күміс көмей әншілер Хансұлуды, Ақан мен Аққағазды бұл өңірде білмейтіндер кемде-кем», – деді. Түнімен ән айтылды, күй тартылды. Кейін білдік, Біләл ағамыз Аққағаз қызға үйленейін деп ағасы Әбілдің ауылдан келуін күтіп жүр екен. Бірақ тосыннан болған соғыс бәрін бұзып кетті ғой... Біләл ағамызды бәріміз майданға шығарып салдық. Сондағы Аққағаздың жылағаны, оны Біләлдің жұбатқаны әлі көз алдымда. Ғашық жүректер аймаласуға елден қысылып, тек алыстан аймаласып, қоштасты. Біз Біләл ағай «Қазақстан» деген кемеге мініп, жүзіп кеткенше жағада тұрдық. Кеме бар дауысымен ұзақ гудок беріп, Бакуді бетке алып жүзіп кетті...»
(«Егемен Қазақстан», 2001 жыл, 29 тамыз).

Қаһарман қандасымыздың аты жаңғырғанымен, ерлігінің тарихына әлі нүкте қойылған жоқ. Өкініштісі, Ұлы Отан соғысының 60 жылдығы тойланған жылы да қозғалмаған Қалиев ісі алда да қолға алынбай қалатын түрі бар.
Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне дайындық шаралары басталып кетті. Енді қазақ жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері өз батырын жоқтауға кірісетін уақыт жеткендей. Біләл Қалиевтің Тараз қаласындағы туыстары, журналистер Мұқан Әбілқайыр, Мақұлбек Рысдәулет, Әнуарбек Әуелбек республикалық баспасөз беттерінде көптеген мақалаларын шығарды. Батыр ұрпақтарының бармаған жері, хат жазбаған кеңсесі жоқ. Шікірейген шенеуніктер олардың өтінішін жеке бастың шаруасындай көріп, көмектесуден қашқақтай берді. Тіпті батырды іздеушілердің тауы шағылғандай. Өйткені кейінгі уақытта кейбіреулер Біләл Қалиевтей батыр ағаның ерлігіне күмән келтіретіндей сыңайлы. «Оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілмеген екен» деген сөзді де шығара бастағандай. Оның еш қисыны жоқ. Берлинді бірінші бомбалаған ұшқыштардың бәрінің осы атаққа ие болғаны кезінде тайға таңба басқандай жазылған. Мәселенің мәнісі, республика Үкіметіне КСРО-ның мұрагері болып қалған Ресей үкіметі арқылы бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігіне қарасты Подольскідегі әскери мұражайға шығып, ұшқыш жауынгер Біләл Қалиевтің Кеңес Одағының Батыры атағын қайта қалпына келтіру ісімен айналысуға тура келеді.

Тапсырмадан әуеайлаққа оралмаған ұшқыштар «жау қолына түскен күмәнді жауынгерлер» ретінде қабылданатын соғыстың қатал заңы сол қаһармандардың да есімін өлтірген-ді. Осылайша жарқ етіп жанған батыр Біләлдің аты бір жылдан соң жалп етіп сөнді. Оның атағын топырақ астынан аршып алу үшін 70 жылға жуық уақыт керек болды.
Тараздық журналист Мұқан Әбілқайырдың «Айқын» газетінің 2005 жылы 2 мамырдағы санында қазақ халқының қаһарман ұлы Талғат Бигелдиновке ашық хаты жарияланды. Онда былай делінген:
Құрметті Талғат аға!
Ұлы Отан соғысында неміс фашистерінің жердегі де, аспандағы да жасақтарына қырандай шүйліккен сіз Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болдыңыз. «Бұратана» халықтың ержүрек ұландарына батыр атағын беруде барынша іштарлық танытатын сол империялық КСРО-да айбыныңыздың артқандығы, бұл да – сіздің қосымша ерлігіңіз. Бірақ соған қаншама қандас азаматтарыңыз жетпей кетті. Бізді сізге ашық хат жазуға итермелеген жай – сондай атаққа ие бола отырып, тағдырдың тәлкегімен одан ажырап қалған қазақ жігіті туралы өкінішті оқиға...
«Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» дегендей, қырық жыл көміліп жатқан Бақтыораз Бейсекбаев ағамыздың ерлігі де елге оралды емес пе? Біләл Қалиевке тағдырласы Бейсекбаевтың жолын берсін дегіміз келеді. Оған батырға тән буырқанған мінезбен өзіңіз кіріспесеңіз, еш болар емес. Қазақтың Тоқтар Әубәкіровтей – қайсар, Талғат Мұсабаевтай алғыр ұлдары тексіз елде дүниеге келмегенін, олардың Талғат Бигелдинов бастаған қырандар шоғыры – Нүркен Әбдіров, Бақтыораз Бейсекбаев, Біләл Қалиевтердің қандастары екенін тағы тізімдей отырып, дәлелдеп кетудің сіз үшін сәті келіп тұр. Осынау аруақты іске бел шеше кірісіп, ұшқыш әріптесіңізді бұл күнде жүзден асқан батырларының қатарына қосар болсаңыз, өзіңіз жанқиярлықпен қорғаған халқыңыз үшін жасаған тағы да бір ерлігіңізбен пара-пар іс болар еді».
Не нәрсенің де бағасы бар. Батырлық пен ерлік те ескерусіз қалмайды, оның бағасын Отан береді, халық ұмытпай, ауыздан-ауызға аңыз ғып таратады, сазгер ән арнаса, әнші оны шырқайды, ақын оны жырына арқау етеді. «Ерлік – мәңгі жас» дейтініміз де осыдан.
Ендігі бар үміт – егемендік алған елімізде! Алайда бұл батырымыз туралы нақты деректер алдағы уақытта табылатынына күмән жоқ. Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві (КСРО-ның, әрине) қазір Ресейдің Подольск қаласында орналасқан. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіндегі азаматтар осы арқылы сол жаққа ресми түрде сұрау салса, марапаттау (наградтау) жөніндегі құжаттардан Біләл Қалиевтің ерлігі жөнінде бір дерек шықпауы мүмкін емес. Тіпті болмаған жағдайда неге басқа ізгілікті жолдарын қарастырмасқа? Мысалы, Біләл Қалиев Халық Қаһарманы атағына лайық батыр емес пе? Міне, бұл да – ойланатын жай. Қазақтың тағы да бір жұлдызы жанар ма екен десеңізші!

Керек Дерек
Бомбовые удары по Берлину в 1941 году
По решению Ставки ВГК в ночь с 7 на 8 августа спецгруппа 1-го минно-торпедного полка авиации Балтийского флота под командованием полковника Е.Н.Преображенского на 12 самолетах ДБ-3 провела 1-ую бомбардировку Берлина. Удары были нанесены по военным объектам на берегу озера Тегелер, правительственным учреждениям на окраине Тиргартена, складам, заводам и нефтехранилищам на окраине Берлина. Удары осуществлялись с аэродромов Кагул и Астэ на острове Сааремаа в Балтийском море. Дальность маршрута в оба конца составляла 1800 км, из них 1200-1300 км над морем, средняя высота полета – 4-5 км, в районе цели – 5-7 км. В дальнейщем число бомбардировщиков на о.Сааремаа возросло до 33. 10 августа 12 самолетов под командованием комбрига М.В.Водопьянова вылетели на бомбардировку Берлина с аэродрома г. Пушкин (под Ленинградом).
Всего 8 августа по 4 сентября с о.Сааремаа на Берлин совершено 9 налетов, 81 самолет – вылет, из них 55 завершились ударами по вражеской столице, остальные – по другим военным объектам. Было сброшено 635 фугасных (от 50 до 250 кг) и зажигательных (от 1 до 50 кг) бомб общей массой 34,5 т. Кроме того над фашисткой столицей сбрасывались листовки.
За время налетов советскими летчиками зарегистрировано 32 очага пожаров.
Великая Отечественная война. 1941-1945 гг.
Энциклопедия. Москва: «Советская энциклопедия». 1985, стр.107.

 


Біздің тұрақты авторымыз Тілеу Сәдуақасұлы Көлбаев 1942 жылы Ақмола облысының Макин қаласында туған. Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. Ширек ғасырдан астам жылдар «Қазақстан – Ұлы Отан соғысы жылдарында» деген ғылыми тақырыппен айналысып келеді. Оның қаламынан «Жеңіс жолында», «Алматы – Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Депортация», «Әбдірахман Әйтиев – ерлік пен қасіретке толы өмір», «Левон Мирзоян. Өмірбаяндық очерк» деген кітаптар жарық көрген. Ұлы Отан соғысының әртүрлі проблемаларын зерттеу барысында Мәскеу, Екатеринбор, Ташкент, Душанбе, Ашхабад, Бішкек мемлекеттік мұрағаттарындағы тың деректерді молынан жинаған ол мыңнан астам мақалалар мен очерктерін баспасөз бетінде жариялаған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, тарих ғылымының докторы, профессор.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста